Разделы презентаций


Артерияда?ы ?ан ?ысымын ?лшеуді? физикалы? негізі. Презентация.

Артерия жүйесінде қан қысымы ырғақты (ритмді) өзгеріп отырады. Ол систола кезінде жоғарғы мәніне жетіп, диастола кезінде төмендейді. Қан қысымының өзгеруін былай түсіндіруге болады. Систола кезінде аортаға келіп құйылатын қанға

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Артериядағы қан қысымын өлшеудің физикалық негізі

Артериядағы қан қысымын өлшеудің физикалық негізі

Слайд 2 Артерия жүйесінде қан қысымы ырғақты (ритмді) өзгеріп отырады. Ол

систола кезінде жоғарғы мәніне жетіп, диастола кезінде төмендейді. Қан қысымының

өзгеруін былай түсіндіруге болады.
Систола кезінде аортаға келіп құйылатын қанға артерия қабырғаларының және артерия жүйесін толтырып тұрған қанның кедергісі әсер етеді. Артерияға қан құйылғанда оның қабырғалары созылып, ондағы қан қысымы артады. Диастола кезінде артериядағы қысым төмендейді. Артерия қабырғаларының созылғыштық (эластикалық) қасиетіне сәйкес тамырлар бойымен қан қозғалады. Олай болса артериядағы қан қысымының мөлшері жүректің бұлшық еттерінің бір рет жиырылғанда аортаға құйылған қанның көлеміне және перифериялық қан тамырларының кедергісіне тәуелді болады екен.
Артерия жүйесінде қан қысымы ырғақты (ритмді) өзгеріп отырады. Ол систола кезінде жоғарғы мәніне жетіп, диастола кезінде

Слайд 3 Артериялық қысымның өлшем бірлігі – миллиметр сынап бағанасы. Қалыпты

жағдайда систолалық (жоғарғы) қысым 100-140 мм сынап бағ., диастолалық (төменгі)

қысым 60-90 мм сынап бағ., мөлшерінде болады. Систолалық және диастолалық қысымның арасы, қалыпты жағдайда 40-50 мм. сынап бағ., болуы керек. Осы айырманы пульстық қысым дейді.
Қазіргі медицинада артериялық қан қысымын өлшеу үшін 1905 жылы Н.С. Коротков ұсынған аускультациялық әдіс кеңінен қолданылады. Ол үшін сфигмотонометр деген құрал қолданылады.
Сфигмотонометр резина манжетпен (М) жалғанған серіппелі монометрден (Р) және ауаны үрлеуге арналған резина балоннан (Н) тұрады.
Артериялық қысымның өлшем бірлігі – миллиметр сынап бағанасы. Қалыпты жағдайда систолалық (жоғарғы) қысым 100-140 мм сынап

Слайд 5
Қан қысымын әдетте шынтақ артериясында өлшейді. Ол үшін жалаңашталған қол

қарына манжет кигізіледі. Шынтақ буыннан шынтақ артериясын тауып, оның үстіне

фонендоскопты қояды да сфигмотонометрдің кранын (К) жауып, манжетаның ішіне резина баллон (Н) арқылы ауаны үрлейді. Манжетаның ішіндегі қысымды монометрмен (Р) өлшейді. Шынтақ артериясында пульс байқалмайтын болғанда ауаны үрлеуді тоқтатады. Оған кейін К вентильді ашып манжетадан ауаны шығара бастайды. Осы сәтте фонендоскоппен шынтақ артериясын тыңдап, монометр көмегімен қысымның өзгеруін мұқият бақылайды. Манжетадағы қысым систолалық қысымнан сәл азайғанда шынтақ артериясында жүрек бұлшық етінің жиырылуына сәйкес келетін тон естіле бастайды. Осы қысым систолалық қысымға сәйкес келеді.

Қан қысымын әдетте шынтақ артериясында өлшейді. Ол үшін жалаңашталған қол қарына манжет кигізіледі. Шынтақ буыннан шынтақ артериясын

Слайд 6Артериялық қысымды анықтауда бөлініп шығатын дыбысты Н.С. Коротков 4-фазаға бөлген.


І-фаза – артерияда тонның пайда болуы. Ол туралы жоғарыда айтылған.

ІІ-фаза. Манжеттегі ауаның қысымы азайған сайын артерияға қан көп келіп құйылады. Артериялардың қабырғаларының тербеліс амплитудалары артады, тон қатты естіле бастайды. Оған қантамырларының қысылған жерінен шыққан қанның құйынды (турбулентті) қозғалысының шуы қосылады.
ІІІ-фаза. Манжеттегі ауауның қысымы азайған сайын шу жоғалып, тон естілетін болады.
ІҮ-фаза. Манжеттегі қысым диастолалық қысыммен теңеседі. Қан тамырлар бойымен қанның қозғалысына бөгет болмайды, қан тамырлардың қабырғаларының тербелісі бірден азаяды. Қан тамырларының бойымен қозғалған қан турбуленттік ағыстан ламинарлық ағысқа өтеді. Осыдан кейін тон естілмейді. Соған сәйкес келетін қан қысымын Рд – диастолалық (төменгі) қысым дейді.
Артериялық қысымды анықтауда бөлініп шығатын дыбысты Н.С. Коротков 4-фазаға бөлген. І-фаза – артерияда тонның пайда болуы. Ол

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика