Слайд 7Бағалау:
10-12 – “5”
7-9 – “4”
4-6 – “3”
0-3 – “2”
Слайд 88.02.2017
Сабақтың тақырыбы:
Реостат және резистор.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Слайд 9Сабақ мақсаты:
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды түсіндіру.
Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің
тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.
Оқушының
ғылымға деген қызығушылығын арттыру; еңбекке, ұжымшылдыққа, халық дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Слайд 11Резистор – бұл меншікті кедергісі бар электр тізбегінің элементі.
Техникада резистор,
негізінен, токты шектеу үшін қолданылады.
Ом заңына сәйкес кедергісі белгілі резисторды
пайдаланып және кернеуді өлшей отырып токты анықтауға болады.
Слайд 12Реостат – электр тізбегіндегі токты немес кернеуді реттеуге (шектеуге) арналған
құрылғы.
Құрылысы ең қарапайым реостатқа сырғитын ток реттеуіші бар металл реостаттар
жатады.
Слайд 13Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр
пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.
Слайд 141- жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің
соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп
атайды.
Слайд 15Бір секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірдей мөлшердегі еркін заряд
тасушылар өтсе, өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, өткізгіштердегі ток күшінің шамасы
бірдей болады. Алайда өткізгіштің ұштарындағы және кернеулері әр түрлі. Тізбектің әрбір бөлігіне Ом заңын қолданамыз. Демек, .
; ; екенін ескере отырып:
аламыз.
Слайд 16Егер арқылы өткізгіштердің жалпы кедергісін белгілесек, онда
.
Тізбектей жалғанған бірнеше өткізгіштен тұратын тізбектің кедергісі жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең.
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: ;
;
.
Слайд 17Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу
оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір
өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:
Слайд 182-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын
екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель
жалғау деп атайды.
Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.
Слайд 19
Тізбекті параллель жалғағанда, екі параллель арнаға тармақталған су ағыны тәрізді,
ток өткізгіштер бойымен тармақталады.
және
тармақталған ток күштерінің қосындысы тармақталмаған бөлігіндегі токтың шамасына тең, яғни .
Ом заңының негізінде бірінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: , ал екінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: болады.
бір-біріне тең, себебі, олар А және В бір ғана
нүктелердің (түйіндердің) арасындағы кернеу болып табылады, осыдан екендігі шығады.
Жоғарыдағыны ескеріп және жалпы кедергіні
арқылы белгілей отырып, ,
формулаларын аламыз.
Бұл формулалардың оң және сол жақ бөліктерін қосамыз, сонда
немесе .
немесе
.
Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
;
;
.
Слайд 22Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы
ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі
әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
Слайд 2320-жаттығу
4. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі
өткізгіштегі кернеудің төмендеуі . Кедергісі болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.
Берілгені:
Табу керек -?
Слайд 245. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі
өткізгіш арқылы ток өтеді.
ток өткендегі өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.
Берілгені:
Табу керек - ?
Слайд 256. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор
кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей
және параллель жалғағандағы ток күші қандай?
Берілгені:
Табу керек - ? - ?
Слайд 26 7. Шеберханадағы электр сымдарына әрқайсысының кедергісі 120 Ом-ға
тең 5 шам параллель жалғанған. Осы тізбектегі кернеу 220В болса,
онда бүкіл сым бойынан өтетін токтың күшін анықтаңыз.
8. (560) Кедергілері 5 Ом, 6 Ом, 12 ОмҮш өткізгіш тізбектей жалғанған. Егер тізбектегі кернеудің түсуі 4,6 В болса, амперметр қанша ток күшін көрсетеді және үшінші өткізгіштегі кернекдің түсуі неге тең?
Слайд 27Үй тапсырмасы:
§43-44
20 жаттығу.
№8 - №10 есептер.
Слайд 29Сапалық есептерден сұрақтар
Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?
Слайд 30Сапалық есептерден сұрақтар
Жауабы: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді.
Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.
Слайд 31Сапалық есептерден сұрақтар
2. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады.
Осыны түсіндіріңдер.
Слайд 32Жауабы: Қант сындырғанда зарядталады.
Слайд 33Сапалық есептерден сұрақтар
3. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары
кернеуді қосқанда ұшып кетеді?
Слайд 34Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды.
Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.
Слайд 35
Сапалық есептерден сұрақтар
4. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың
әсері неге білінбейді?
Слайд 36Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара
параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің
кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті.
Слайд 37Сапалық есептерден сұрақтар
Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?
Жауабы:
аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса
жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.
2. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осыны түсіндіріңдер.
Жауабы: Қант сындырғанда зарядталады.
3. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?
Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды. Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.
4. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді?
Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті.