Слайд 3I – бөлім: Жұмбақтар
II – бөлім: Қызықты тәжірибелер
III - бөлім:
«Кім көп формула біледі?»
IV. Қатесін тап!
V - бөлім: «Иә» немесе
«жоқ»
VI - бөлім. Ойын «Жер - Теңіз - Ауа»
Кезеңдер
Слайд 51-жұмбақ(1 балл)
Етек – жеңі жиналмай
Дауыл тұрса дым қалмай
Түйдектеліп көшеді
Тоз -
тоз болып өшеді.
Слайд 72-жұмбақ(1 балл)
Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады
мұндай құрылғыны?
Слайд 93- жұмбақ (1 балл)
Асып кетсе кернеуді,
Төмендетіп береді,
Кеміп кетсе кернеуді
Жетерліктей береді,
Мұны
ойлап тауып ед,
Яблочков пен Усагин,
Тұтынуға қажетті,
Тауып берем кернеуді
Слайд 114 – жұмбақ (1 балл)
Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте
түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат.
Слайд 135 – жұмбақ (1 балл)
Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ
па, қараңғыға бармайды
Слайд 156 – жұмбақ (1 балл)
Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп
береді
Бірақ өзі көрмейді.
Слайд 177 – жұмбақ (1 балл)
Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді
Слайд 198 – жұмбақ (1 – балл)
Отқа жанбас,
Суға батпас.
Слайд 219 – жұмбақ
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
Слайд 2310 – жұмбақ
Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді
Слайд 2511 – жұмбақ
Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасызданады ол не?
Слайд 2712 – жұмбақ
Бұлтты аспанның жүзінде,
Ойнайтын бұл немене?
Слайд 2913 – жұмбақ
Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды
Слайд 3114 – жұмбақ
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық
үшін
Слайд 3315 – жұмбақ
Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз.
Слайд 3516 – жұмбақ
Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала - шаға ұсағын,
Бауырына қысады.
Слайд 3717 – жұмбақ
Көкке қараған,
жұлдыз санаған.
Слайд 3918 – жұмбақ
Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен -
ақ басы айналды
Слайд 4119 – жұмбақ
Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды
Слайд 4320 – жұмбақ
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді
Слайд 4521 – жұмбақ
Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан.
Слайд 4722 – жұмбақ
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ
жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Слайд 4923 – жұмбақ
Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
Слайд 52Тәжірибе
Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып,
мұзды стаканнан алу керек.
Слайд 53Жауабы:
Тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп лезде
салқындап жабысып қалады.(кристалдану, балқу)
Слайд 542 – тәжірибе
Кәдімгі үрілген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне
апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?
Слайд 563 – тәжірибе
Үріліп жіпке байланған екі шарды газетпен үйкеп
- үйкеп жақындатамыз. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен?
Слайд 584 - тәжірибе
Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит
бар.
Слайд 59Су ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда
түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.. Магнит айналасында магнит өрісін тудырады,
ол өріс су арқылы да тарайды.
Слайд 60- тәжірибе
Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы аршылған жұмыртқа. бөтелкенің ішіне қағазды
жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен?
Слайд 61Бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан азаяды
Слайд 626 – тәжірибе
Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені
байқауға болады?
Слайд 63- тәжірибе
Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.
Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды
суламай қалай алуға болады?
Слайд 64Жауабы
Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына төңкере
қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі
су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады.
Слайд 658 – тәжірибе
Екі жұмыртқаның қайсысы піскен екенін қалай анықтауға болады?
Керекті
құралдар: 1 піскен және 1 шикі жұмыртқа, тәрелке.
Слайд 66Ол үшін жұмыртқаның 2-уін де жайпақ тәрелкеге салып, 2 саусақпен
айналдырады. Піскен жұмыртқа шикі жұмыртқаға қарағанда жылдам және ұзақ айналады.
Шикі жұмыртқаның ішіндегі құрамы бірден айналуға көшпейді. Оның қатты қабығы әсерінен жұмыртқа инертті қозғалысқа түседі.Жұмыртқаның ішіндегі құрамы тежеуіш рөлін атқарады.
Слайд 67III – бөлім
«Кім көп формула біледі?»
Слайд 69Жаздың ашық, ыстық күндерінің бірінде тауға шықтық. Жолда ыстықтамау үшін
қара киімдер киіп алдық. Алдымен құмдауыт өзен жағасымен жүріп отырдық.
Құм құрғақ және таза екен, жүру өте оңайға түсті. Содан соң жол көк шалғынмен жалғасты, бұл жермен жүру қиындау болып, жылдамдығымыз азайды.
Алыстан отын шауып алып жатқан адамды көрдік, балтасының дыбысы бұтаққа тиген сәтте құлаққа келіп тұрды. Өзенге жетіп, ұйықтауға өзеннің жағасына жаттық. Кешке қарай салқындап кетті, балалар өзенге түсіп шыққаннан кейін бірден жылынып сала берді.
Су түбінде бір үлкен тас жатыр екен, ұлдардың үшеуі әзер көтеріп судан шығарып жіберді.
Слайд 71Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма?
2. Заттар үш
күйде болады ма?
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді
ме?
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па?
5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме?
6. Жылдамдық бірлігі м/с
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме?
8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия.
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме?
10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма?
Слайд 721.Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме?
2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 -
қа тең
3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па?
4. Барометр атмосфералық
қысымды өлшейді ме?
5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.
6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? 4
7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме?
8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? 9. P=pgһ қысымның формуласы ма?
10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.
Слайд 73VI - бөлім.
Ойын «Жер - Теңіз - Ауа»