Слайд 112-сәуір «Ғарышкерлер» күніне арналған
7-8 сыныптар аралығында
«Жұлдыздарға жол салған
- Қазақстан»
атты дәстүрлі емес сабақ
Слайд 2Мақсаты: Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың бір-бірін бағалай білуге, өз
жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа,
жауапкершілікке,топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.
Слайд 3
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: сайыс сабақ.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта,
астроворд.
Кеш жоспары:
Тарих дөңгелегі
Үй тапсырмасы
Жұмбақ
Астроворд
Қорытынды.
Слайд 4
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі 12-сәуір- ғарышкерлер күнімен құттықтаймын!
21 ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи-қабақ
соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттарымен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар:
оның біріншісі – қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатігез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы «Мың өліп, мың тіріліп» жүріп өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі –«ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген бабалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы. Ерте заманнан-ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Ал қазір аспан туралы тиянақты білім алып, әлем кеңістігін игере бастады.
Слайд 5
Кеше: Елдігінің жұрнағы қалмаса да,
Құмар болды даңғаза, далбасаға
«Менікі, деп
Байқоңыр!» кеуде қақты,
Маңайына бір қазақ бармаса да....
Бүгін: Сын сағаты соққанда
арамызға-
Туған ұлдар аз емес бағымызға,
Талғат сізді ғарыштан құттықтады
Тоқтар тұрды жарасып жаныңызда.
Ал енді, ғарыш күніне арналған сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі жарысқа түсетін сыныптар-7 сынып пен 8 сынып оқушылары.
Слайд 6
Тарих дөңгелегі:
Әр топ өзі кезек – кезек ұяшық таңдап,
соларға жауап береді. Әр дұрыс айтылған жауап 10 ұпайға тең.
Слайд 7Тарих
дөңгелегі
1
3
2
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Слайд 8Ол “Аполлон 11” ғарыш кемесінің командирі, Ай бетінде барлығы 21
сағат, 36 мин болған американ астронавты.
Жауабы:
Слайд 9Нил Армстронг 1969 жылы 16-24 шілде аралығында Айдың бетіне алғаш
аяқ басты.
Слайд 10“Байқоңыр” ғарыш айлағынан 9сағатта (Мәскеу уақыты бойынша) “Восток 1” ғарыш
кемесімен ғарышқа аттанған. Ұшуға жаттығу орындалып жатқанда әуе апатынан қаза
болды.
Жауабы:
Слайд 11Юрий Гагарин 1 сағат 48 минутта Жер шарын айналып, Жерге
сәтті оралды.
Слайд 12Қай жылы “Байқоңырды” Ресей мен Қазақстан жалға алу туралы келісімге
қол қойылды?
Жауабы:
Слайд 131994 жылы 10 желтоқсанда. Осы жобадан ҚР бюджетіне жыл сайын
115 млн құйылады.
Слайд 14“Космос 110” серігімен ғарышқа үш апта бойы ұшқан ит.
Жауабы:
Слайд 16Қазақтың тұңғыш ғарышкері ғарышқа қай жылы ұшты?
Жауабы:
Слайд 18Қазақтың ғарышкері Т.Мұсабаев Әлемдік рекордтар кітабы “Гинеске” несімен жазылды?
Жауабы:
Слайд 201957 жылы жасанды серікпен ғарышқа ең алғаш ұшқан тіршілік иесі.
Жауабы:
Слайд 22Қай жылы жердің жасанды серігінің ұшырылуы басталды?
Жауабы:
Слайд 241970 жылы автоматты станция қай планетаға қонды?
Жауабы:
Слайд 26Талғат Мұсабаев ғарышқа қай жылы жол тартты?
Жауабы:
Слайд 28Ю.Гагариннің сапарынан кейін қандай кемелер кеңістікке сапар шекті?
Жауабы:
Слайд 301963 жылы 16-19 маусымында комоста болған әйел космонавт кім?
Жауабы:
Слайд 32Аспанға ең бірінші не ұшты?
Жауабы:
Слайд 33Аспан кеңістігіне алғаш сапарға шыққандар-қой, әтеш, үйрек. Бұл оқиға 1783
жылы болған.
Слайд 34Кәсіби музыкант, әуесқойлық астрономиямен шұғылданып, 1781 жылы Уран ғаламшарын ашқан
кім?
Жауабы:
Үй тапсырмасы.
Топтарға алдын -ала астрономиялық құралдар бөлініп берілді. Әр
топтың басшысы өз құралдары туралы толық мәліметті дайындап, келесі топқа баяндап береді.
Слайд 37Астрономиялық құралдар
Астрономиялық құралдар — астрономиялық бақылауларға және оларды өңдеуге арнлаған
құрал-жабдықтар. Астрономиялық құралдарды бақылау аспаптарына (телескоптарға), бақылауға арналған көмекші құралдарға,
жарық қабылдайтын және оны талдайтын аппаратураларға, уақыт құралдарына, лабораториялық құралдарға, көмекші есептеуіш машиналарға және көрнекті құралдарға топтап бөлуге болады.
Аспан объектілерінің координаттарын анықтау және уақыт қызметін жүргізу үшін меридиан дөңгелегі, пассаждық аспаптар, вертикаль дөңгелектер, зенит-телескоптар, зениттік көру түтіктері, призмалық астролябия т.б. аспаптар қолданылады. Астрономиялық-геодезиялық экспедицияларда пассаждық типтес аспаптар, зенит-телескоптар, теодолиттер пайдаланылады.
Слайд 38Аспан объектілерін бақылағанда кейбір көмекші құралдар да (окулярлық микрометрлер, кассетелар
т.б.), сондай-ақ жарықты қабылдайтын және оны талдайтын аппаратуралар да (астроспектрографтар,
объективтік призмалар) пайдаланылады. Ежелгі дәуірлерде уақыт құралдары күн сағаты, гномон болды, сонан соң Күннің не жұлдыздың аспан меридианымен қиылысу мезеті қабырғалық квадрантпен анықталды. Қазіргі астрономияда бұл мақсат үшін пассаждық аспаптар қолданылады. Уақытты анықтайтын дәл маятникті приборлар ретінде Шорт сағаты, Федченко сағаты ұзақ уақыт бойы пайдаланылып келді. Қазір олардың орнын кварц сағаты және молекулалық (немесе атомдық) сағат ауыстыра бастады. Бақылау нәтижесінде алынған фотосуреттерді өңдеу үшін лабораториялық құралдар — аспанның бір учаскесінің екі фотосуретін салыстыру үшін блинк-компараторлар, спектрограммадағы спектрлік сызықтардың толқын ұзындығын өлшеу үшін компараторлар, спектрограммадағы спектр қарқындылығының таралуын өлшеу үшін микрофотометрлер, жұлдыз жарықтылығын оның фотографиясы бойынша анықтау үшін жұлдыздық микрометрлер т.б. қолданылады.
Слайд 39Телескоп
Телескоп, сыңардүрбі (теле және грекше skopeo – қараймын) – аспан
шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал. Телескоп гаммалық
телескоп, рентген, ультракүлгін, оптикалық, инфрақызыл және радиотелескоп; оптикалық сұлбасы бойынша айналы (рефлектор), линзалы (рефрактор) және айналы-линзалы телескоп болып бөлінеді. Телескоптардың көмегімен фотографиялық, теледидарлық, электронды-оптикалық, т.б. сәуле қабылдағыштарды пайдалану арқылы фотографиялық, спектрлік, т.б. бақылаулар жүргізіледі.
Слайд 40
Телескоптар пайдалану ретіне қарай: астрофизикалық (жұлдыздарды, планеталарды, тұмандықтарды зерттейтін) телескоп,
Күн телескопы, астрометрикалық телескоп, серіктік фотокамералар (Жердің жасанды серіктерін бақылайтын),
сондай-ақ метеорларды бақылайтын метеор патрульдері мен кометаларды бақылайтын телескоп, т.б. болып бөлінеді. Телескоптың (оптикалық рефрактордың) көмегімен алғашқы астрономиялық бақылауды Г.Галилей жүргізді
Слайд 42Радиотелескоп - жер атмосферасының мөлдірлік терезесі диапазонында космостық обьектілердің радиосәулеленуін
кабылдауға және тіркеуге арналған кұрылғы
Слайд 43 Оптикалық телескоптар зерттелетін аспан шырақтарының жарығын жинауға және олардың
кескіндерін түсіруге арналған. Олар оптикалық схемалары бойынша айналық жүйе (рефлекторлар),
линзалық жүйе (рефракторлар) және аралас айналы-линзалы жүйе (Шмидт телескопы, Максутов телескопы т.б.) болып ажыратылады. Телескоптар қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді (қ. Телескоп). 20 ғ-дың орта кезінде жасалған дүние жүзіндегі ең үлкен оптикалық телескоп — Маунт-Паломар обсерваториясындағы (АҚШ) айнасының диаметрі 5 м-лік рефлектор. 1970 жылдары КСРО-да Солт. Кавказда диаметрі 6 м-лік рефлектор құрастырылды.
Слайд 44 «Хаббл» телескобы
«Дискавери» STS-82 космос кемесінің бортындағы «Хаббла» телескобының көрінісі
«Дискавери»
шаттылының «Хаббл» телескобы бортындағы ұшуы
Слайд 45Бүркіт Тұмандығында жаңа жұлдызлардың тууы.
Ең танымал телескоп арқылы алынған сурет.
Слайд 46Теодолит
Теодоли́т — геодезиялық жұмыстарда бағыттың горизонталь және вертикаль бұрыштарын өлшейтін
құрал. Топографиялық, геодезиялық және маркшейдрлік түсірілімдерде, құрылыста т.б. қолданылады.
20-шы
ғасырдың ортасындағы теодолит.
Слайд 47Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеудің жоғарыда айтылған принципіне орай 39-суретте
теодолит осьтерінің схемасы көрсетілген, теодолит мынандай осьтерден тұрады. ZZ-теодолиттің вертикаль
айналу осі; ТТ/-көру дүрбісінің айналу осі; UU/ - цилиндрлік деңгейдің осі; VV/-көру дүрбісінің нысаналау (визирлік) осі. Көтергіш үш винттердің (1) көмегімен цилиндрлік деңгей (6) нөл пунктке қою арқылы теодолитгің айналу осі ZZ тік бағытқа келтіріледі. Үш көтергіш винтгер (2) тұғырығына орнатьшған. Теодолиттік негізгі жұмыстық бөлігі 0-ден, 360-қа дейін бөлінген шыныдан жасалған дөңгелек шеңбер-лимб (3) және дүрбімен бірге айналатын алидада деп аталатын
Көру дүрбісі (8) айналу осіне ТТ екі тұғырық (5) арқылы ұстатылады. Лимб (10) пен алидаданың (11), дүрбінің бекіткіш (11) және жетекші винтгері болады. Бұрышты өлшеген уақытта, теодолит штативке орнатылады. 40- суретте геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген 2ТЗО теодолиттің сыртқы бейнееі көрсетілген. Мұнда есеп алатын құрылғы микроскоп (7), вертикаль (9) және горизонталь дөңгелектер, дүрбі, т.б. қай жерде орналасқандары көрсетілген. Дүрбі (8) бақылайтын нүктені жуықтап нысаналау үшін, оптикалық визирмен (13) жабдықталған. Дүрбіні фокустау кремальераны (12) айналдыру арқылы жүзеге асады. Есеп алатын микроскопқа жарық түсіру үшін, шалқаймалы айна қолданылады.
Слайд 48
Теодолиттің жұмыс істеу принціпі
Слайд 49Ертедегі теодолит
Теодолит 1840 ж
Слайд 50
Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу
құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясына және атқаратын
міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді. Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:
Слайд 511. Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен
түсірістерде, сондай-ак жер бетіндегі және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік жұмыстарды атқару
кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.
Слайд 522. Дәл теодолиттер 2т2-3 жэне 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы
бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2т5к- триангуляциялық жүйелер мен 1 және
2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған.
Слайд 533. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер 2м мен полигонометриядағы
бұрыштарды өлшеуге теодолиттің негізгі бөліктеріне толығырақ арналған.
Слайд 54Теодолиттің шартты белгілеріндегі т әрпі "теодолит" деген аспап атын білдірсе,
сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшеудің секундтық орташа квадраттык
қателігін білдіреді, мысалы т5 теодолиті үшін mp-5 , тзом үшін тр=5 , ал л/-деген әріп маркшейдерлік жұмыстарға арналгандыгын көрсетеді. кейінгі кезде теодолиттер жаңартылып, 2т2, 2т5, 2т30 тектес болып шығарылуда. есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш топқа бөлінеді: а) бағалау микроскобы; ә) шкалалы микроскоп; б) оптикалық микрометрлер.
Слайд 55Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер
болып бөлінеді. қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының
қысып коятын жэне жетекші бұрандалары болады. оларга тзо, 2т30 теодолиттері жатады. ал қайталанбайтындарга 2т30м, 2т5, 2т2, т.б. жатады, оларда лимб арнайы құрылғы арқылы керекті жағына бұрылады.
Слайд 56Оптикалық теодолит
Электронды теодолит
Слайд 57
3 кезең. Жұмбақтар сайысы.
Әр топ кезек –кезек жасырылған
жұмбақтарға жауар береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпайға тең.
Слайд 59Қара алып жарқыратып,
Жасын атып, күркірейді.
Суды сайға сарқыратып,
Демі
шөпті сілкілейді.
Жауабы:
Слайд 61Күнді айналып қозғалады,
Артында жарық жол қалады.
Жауабы:
Слайд 63Мөлдір көкте бір ғана,
Шоқтай жайнап тұр дара
Жауабы:
Слайд 65Айсыз түнде қараңғы,
Түнекте де боранды.
Бір орнынан жылжымай,
Бағыт
берер бұлжымай,
Қандай жұлдыз шырағы,
Жол көрсетіп тұрады?
Жауабы:
Слайд 67Сарайдың сансыз шырағы,
Нұр шашып, самсап тұрады.
Жауабы:
Слайд 69Тұрғанымен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ көзі.
Жауабы:
Слайд 71Күн мен түннің кеңдігін,
Жер шарының ендігін,
Қақ бөліп тұр
тепе-тең,
Жұмыр жердің белдігі.
Жауабы:
Слайд 73Жайғаным түкті кілем,
Ілгенім — тықыр кілем.
Жауабы:
Слайд 75Аспанда ұшып жүрген жеті торғай,
Барады бір-біріне қосыла алмай.
Жауабы:
Слайд 77Біз, біз, біз едік,
Отыз арба қыз едік,
Бір тақтайға
жиналдық,
Таң атқанда жоқ болдық.
Жауабы:
Слайд 79 Орақ болып туады.
Табақ болып тынады.
Жауабы:
Слайд 81Ай далада ақ шатыр,
Ақ шатырдың ішінде
Қызыл көзді шал
жатыр.
Жауабы:
Слайд 83Он төрт - он бес жасында
Адамның басындай.
Бір және
отыз жасында
Адамның қасындай.
Жауабы:
Слайд 85Мекені көкте екі ару,
Бір-бірін көруге зәру.
Жауабы:
Слайд 87Алып кілем —
Гүлге толы
Үсті кілең.
Жауабы:
Слайд 89
4 кезең. Астроворд.
Оқушыларға алдын-ала дайындалған астроворд беріліп, оқушылар
жауап жазады.