Слайд 1ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Слайд 4Өсімдік және мал шаруашылығындағы орналас-
тырудың негізгі факторы – жемшөп базасы.
Слайд 5Қой шаруашылығының негізгі өнімдері- ет, май, жүн, тері, қаракөл
Биязы жүнді қойлар(меринос) ең сапалы жүн маталарын алуға болатын тіртекті
жүн береді.Бұл жануарларға жақсы жайылымдар мен қысқы азық қажет.Ондай жағдайлар елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік жерлерде бар.
Қылшық жүнді қой өсіру- азық қоры біршама аз, ұзақ жайылымдарға тән.Еділбай қойларынан тон тігу үшін ең жақсы материал, жүнін пима, киізщ басуда қолданады.Олар бағалы ет пен май береді, сондықтан оларды құйрықты қойлар деп атайды.
Қазақстанда өсірілетін қойлардың ішінде қаракөл қойлары ерекше орын алады. Қаракөл қойларын өсірумен шұғылданатын негізгі аудан – Оңтүстік Қазақстан.
Слайд 6Жылқы шаруашылығы
Жылқылар қазір де жүк таситын, салт мінетін, жұмыс және
бәйге аттары ретінде кеңінен пайдаланылады.Оларды сонымен қатар бағалы азық- түлік
өнімдері- жылқы етін, қымыз алу үшін де өсіріледі.
Слайд 7Түйе шаруашылығы
Негізінен шөлді және шөлейтті аумақтарда таралған.Түйе шаруашылығының негізгі өнімдері
– ет, сүт, шұбат және жүні. Түйенің саны жөнінен Маңғыстау,
Атырау және Қызылорда облыстары алдыңғы қатарда.
Слайд 8Шошқа шаруашылығы
Жылдам салмақ қосатын, тез көбейетін әрі жайылымды қажет етпейтін,ауылшаруашылығы
үшін тиімді.Олар жем, тамақ қалдықтары және астық пен картоп шауашылығы
дамыған зонада кең таралған.Шошқа өсірудің негізгі ауданы Солтүстік және Оңтүстік.
Слайд 9Құс шаруашылығы
Жұмыртқа мен құс етін (тауық, қаз, үйрек, күркетауық) алу
үшін құс шаруашылығы дамыған. Ол үлкен қалалар орналасқан Оңтүстік пен
астық шаруашылығының негізгі орталығы – Солтүстікте дамыған.
Слайд 10Панталық мал шаруашылығы
Алтайда, Бұқтырма өзенінің аңғарында пайда болған.Оның негізгі өнімі
– пантокрин алу үшін қолданылатын панты(бұғының жас мүйізі).
Слайд 11Ара шаруашылығы
Елдің ең құрғақшылықты аудандарынан басқа жерлерде, бал, балауыз, прополис
алу үшін дамыған. Бұл салада Шығыс Қазақстан алда келеді.