Слайд 1Физикалық география
Биосфера туралы түсінік
Биосфера
Биосфера кабаттары
Ұранымыз
Жұлдыз тобы алға,
Ешқашанда қалма,
Намысынды қорға,
Бәріненде алға,алға,алға!!!
Слайд 3Топ басшысы-Булегенова Амина
Топ мүшелері-Саматқызы Арайлым,
Ержан Айым,
Қапалбекова Назым,
Талғатұлы Ерасыл,
Шаймерденова Индира.
Слайд 4Биосфера туралы түсінік
Биосферада тірі ағзалар мекендеп өзгерткен жер қабатың айтамы
Алғашқы
«биосфера» термині француздың белгілі
натуралисті Жан Батис Ламарктің (1744 –
1829)
еңбектерінде кездеседі. Оның пайымдауынша
«биосфера» термині грекше «биос» — тіршілік,
«сфера» — шар немесе қабық дегенді білдіреді
Олай болса, жер ғаламшардағы тіршілік аймағы
бар қабат болып саналады Бұл туралы кейіннен
көптеген зерттеулер шықты,ғылыми деректер
жинақталып,түрлі жаратылыстану ғылымдарында
қолданыла бастады. .
Слайд 5 Биосфера
Биосфера жөніндегі
алғашқы ғылыми ой – пікірлер 19 және 20 ғасырлардағы шет
елдерде шыққан атақты ғалым В.В.Докучаев еңбектеріндеде кездеседі.
Биосфера туралы тұтас ілімнің негізін салған көрнекті орыс ғалымы, геохимик В.И.Вернадский (1863 – 1945) болды. Ол Жердің химиялық құрылысын тіршілік химиясымен байланыстыра отырып, жер бетін өзгертудегі тірі ағзалардың рөлін ашып берді. В.И.Вернадский оларды «тірі заттар» деп атаған. В.И.Вернадский биосфера туралы ілімін қазіргі дүние жүзінің ғалымдарына толығымен мойындатты.
Слайд 6Биосфера қабаттары
Гидросфера – жер ғаламшарындағы барлық су айдындарын құрайды. Оған
жер бетін алып жатқан мұхиттар мен теңіздер, өзендер мен көлдер,
жерүсті және жерасты суларын жатқызады. Гидросферада тірі ағзалар массалары біркелкі орналаспаған. Негізгі масса, фитопланктондар су үстінің (50-80 мертлік қабаттарында) күн сәулесі түсетін, соның нәтижесінде фотосинтез процесі жүретін қабаттарында кездеседі. Тірі ағзалар сондай-ақ11 км. тереңдікте де кездеседі (Мариан қазаншұңқырында погонофорлар кездескен).
Литосфера – (грекше –«литос» — тас) жер шарындағы құрлықтың беткі қыртысты қатты қабығы. Литосфера қабатында тірі ағзалар 2-3 км.тереңдікте де таралған.
Жердің ауа қабаты атмосфера деп аталады. Құрлықтың үстіңгі 100км биіктікке дейінгі бөлігінде атмосфера қабаты орналасқан. Оның шеті жер бетіндегі тірі ағзалардың тіршілігін Күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын ерекше қабат — озон қабатымен шектеседі, оның тіршілік үшін маңыздылығына байланысты «озон қорғаны» деп те атайды
Слайд 7Биосфера туралы түсінік
Сонымен, биосфера жердің үш қабатындағы (гирдросфера, литосфера, атмосфера)
тірі ағзалар тіршілік етеді (В.И.Вернадский бойынша, тірі денелер).
Биосферадағы тірі ағзалар
биомассасының ең көп тараған аймағы құрлық пен мұхит бетінде, яғни литосфера мен атмосфераның, гидросфераның және атмосфераның, литосфера мен гидросфераның түйіскен шекарасында байқалады. Бұл жерлерде тіршілікке өте қолайлы жағдайлар: температура, ылғалдылық, оттегі және ағзалардың қоректенуіне қажетті заттар және басқада элементтер жеткілікті түрде кездеседі.
Биосферадағы тірі ағзалардың ең көп шоғырланған аймағын В.И.Вернадский «тіршіліктің беткі қаймағы» деп жазған. Атмосфераның жоғарғы қабатына көтерілген сайын және теңіз бен мұхиттардың терең қабатына жақындаған сайын тіршіліктің шоғырлануы азаяды. Биомассаның жиналуы жасыл өсімдік тіршілік әрекетіне тікелей байланысты болады.
Слайд 8 Биосфера
Жалпы
тірі ағзалардың химиялық құрамы атмосфера және литосфера құрамынан көп айырмашылық
жасайды. Оның есесіне олардың химиялық құрамында сутегі мен оттегі атомдары көбірек кездеседі, бірақ тірі ағзалар құрамында көміртегі, кальций және азоттың мөлшері басым болады. Тірі ағзалардың құрамында Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де кездеседі деп айтуға болады. В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша тірі ағзалар әлемдік материяның ең белсенді бөлігін құрайды. Олар биосферадағы күрделі геохимиялық жұмыстарды жүзеге асырып, Жердің беткі қабаттарын түрлі өзгерістерге ұшыратады.
Биосферада екі түрлі зат айналымы жүзеге асырылады:
Үлкен – геологиялық – тірі және өлі табиғат атомдары арасындағы биогендік миграция.
Кіші – биологиялық – тірі ағзалар атомдары арасындағы биогендік миграция.
Биосферада кейбір активті химиялық элементтер атомдар күйінде бір ағзадан екіншісіне немесе өлі табиғатқа және қайтадан үздіксіз өтіп отыру нәтижесінде тұрақты болады.
Слайд 9Биосфера
Соңғы 600 млн.жылда кембрийден бастап, Жер бетіндегі негізгі айналымдар
өзгерген жоқ. Биосфераның тұрақтылық жағдайы ең алдымен олардағы тірі табиғат
жағдайына, күн энергиясының фиксациясына және атомдардың биогендік миграциясына тікелей байланысты.
Бірақ бұл тұрақтылықтың да шегі болады, оның бұзылуы үлкен келеңсіз жағдайларға әкеліп соғады.
Жер бетінде биосфераның тұрақтылығын бұзатын биосфералық емес энергия көздері пайда болды (атомдық, сутектік).
Қазіргі заманда адамзат баласының өзі де қоршаған ортаға өз өмірлеріне қауіп туғызатын көптеген залалдар келтіріп отыр. Бұл залалдарды әзірше қалыпқа келтіруге болады. Сондықтанда экология ғылымының да алданда тұрған ең елеулі міндеттердің бірі – биосферадағы болып жатқан процестерді реттеу және бұзылған ортаны қалпына келту жұмыстарын қолға алу. Биосфераның заңдарының негізі орындалуда, бірақ барлық дүние жүзі елдерінің экологтарының қосылуымен үлкен іс тындыруға болады.
Биосфера
Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан
бiр үлкен экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi В.И. Вернадский жасады. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық табиғатқа әсер ету масштабын бағалады.
В.И. Вернадскийдiң айтуы бойынша, биосфера — жалпы планеталық қабықша, тiрiшiлiгi бар және оның әсерiне ұшырап отырған Жер бөлiгi. Биосфера құрлықтың, теңiздiң және мұхиттың барлық ауданын алып жатыр, және тiрi организмдер қызметiмен жасалынған жыныстары бар Жер бөлiгi кiредi.
Атмосферада тiршiлiктiң жоғарғы шегi озонды экранмен анықталады — озон газының 16-20 км биiктiгiндегi жұқа қабат. Ол Күннiң қауiптi ультракүлгiн сәулесiн ұстап қалады. Мұхитта тереңдiгi 10-11 км-ге дейiн тiршiлiк бар. Жердiң қатты бөлiгiнiң 3-7 км тереңдiгiне дейiн белсендi тiршiлiк болады (мұнайлы жердегi бактериялар). Организмдердiң қызметiнiң тұнбалы жыныстар түрiндегi нәтижесi одан ары қарай тереңдiкте де болады.
Слайд 11Назарларынызға
Көп көп
көп
Рахмет!!!
Назарларынызға
Көп көп көп
Рахмет!!!