Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Германияның экономикалық-географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен
ресурстары, халқы туралы білім беру. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Германия шаруашылығының басты бағыттары және өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басты ерекшеліктерімен, көлік түрлері жүйесі мен туризмнің даму деңгейі, оның дамыған аудандары туралы білік-дағдыны қалыртастыру. Дамытушылық мақсаты – Оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен елдің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне, табиғат ресурстарының байлығына, табиғат қорғау шараларына, геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытудағы әсеріне баға беруді үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.