Слайд 1
№54 НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ
Тақырыбы:
Сапалы білім беруде оқушылардың ғылыми-жаратылыстану функционалдық сауаттылықтарын
қалыптастыру
География пәнінің мұғалімі:
Уразова Эльнара Еркиновна
Ақтөбе – 2015 жыл
Слайд 2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 25 маусымдағы
№832
қаулысымен
бекітілген
«Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын» жүзеге асыру жолдары
Слайд 3Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Елбасы бастамасымен өмірге келген
«Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың
әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Слайд 4
Мемлекет басшысы
Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы
27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту
– Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «функционалдық
сауаттылықты арттыруды» Үкіметке негізгі тапсырма етіп жүктеген болатын.
Слайд 5
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами
капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр» делінген .
Слайд 6
PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана
білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосы- латын өзгерістерді
түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қоры-тындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі. Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:
• ғылым мен технологияға сүйенетін өмірлік жағдайларды танып білуі (контекст);
• қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерден тұратын ғылыми білімдердің негізінде техниканы қоса қоршаған әлемді түсінуі (білім);
• ғылыми сұрақтарды ажырата білуі, ғылыми жаратылыс-тану құбылыстарын түсіндіруі, айқын нақтылықтар мен дәлелдемелердің негізінде қорытындылар жасауы үшін ғылыми білімдерді қолданудан тұратын құзыреттіліктерді көрсетуі (құзіреттіліктер);
• ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылығы.
Слайд 7
PISA зерттеулерінің
әдісімен тест тапсырмаларын құрастыру құрылысы 4 бөлікті қарастырады:
1. Құзырлықтар:
• Ғылыми
сұрақтарды тану және қою, құбылыстарға ғылыми анықтама беру, ғылыми дәлелдерді пайдалану.
2. Білім:
• Жаратылыстану ғылымы – ғылым туралы білім (пайымдау әдістері мен тәсілдері)
3. Мәнмәтін:
• Жаратылыстану білімі және технологиямен байланысты шынайы жағдаяттар:
• жеке бас;
• әлеуметтік;
• ғаламдық
4. Қатынастар:
• Ғылыми танымның маңыздылығы, жаратылыстану бойынша жетістікте өзін-өзі бағалау, ғылымға ықылас.
Слайд 8
РІSА зерттеулері бойынша оқушылардың функцияналдық сауаттылығын дамытуға
мынадай факторлар әсер етеді:
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар,
оқу бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері;
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Слайд 9
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына,
жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Слайд 10
Оқушылардың мектепте алған білімдерін
өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Тұлғаның ең басты
функциялық сапалары:
белсенділік,
шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға,
кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Слайд 11
Практикалық
бөлім
Функияналдық
тапсырмалар
Слайд 12Жасылжер. Гренландия – үлкен арал, оныңбетінқар мен мұз басып жатыр.
Неліктен осы аралды ашқан адам оны Гренландия деп атады, яғни
«Жасылжер»?
Жауап: Грендландияны 982 жылы скандинавтық Эрик Рыжий ашты. Ол осы аралға адамдарды мекендеу үшін оны Гренландия деп атады. Бұл атау адамдарды сонда қоныстануына қызығушылық тудырады деп ойлады. Ағылшынша (greenland- жасыл жер) деген мағына білдіреді.
Слайд 13
Екі жарылыс Неге булы қазанның жарылысы кезінде бу қысымының атмосферасы
10-15 қана болғанымен, үлкен жарылыстар болуы мүмкін , ал гидравликалық
цилиндрдің жарылысында атмосфералық қысым бірнеше жүзге көтерілгенімен, айтарлықтай жарылыстар болмайды?
Жауабы: Будың да, газ сияқты сығымдылығы үлкен; ал сұйықтығы керісінше, аса баяу сығымдылық; сондықтан да бу шағын ғана қысыммен (атмосфералық қысымы 15) кеңейе келе, сұйықтықтың атмосфералық қысымы 600 болғанына қарамастан, көп жұмысты атқара алады.
Слайд 14
Жағалаусыз теңіз. Біз өте жиі «Жағалаусыз теңіз» деп айтамыз. Ал
шындығында «жағалаусыз теңіз» бар ма, яғни, ешбір жағасы жоқ теңіз?
Жауап:
Атлант мұхитында орналасқан Саргасов теңізі. Оның жағалауы толығымен теңіз балдырларымен өмкіндер өсіп тұрады және оның жағалауы мұхит суы болып табылады.
Слайд 15
РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің:
Мектепте алған білімдері;
Іскерлігі мен
дағдыларын адами іс-әрекеттерінің әртүрлігі;
Тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастары;
Өмірлік міндеттерді шешу
үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша ағымдағы жағдайды талдау