Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Солтүстік Америка материгі
Қордай ауданы
Сортөбе ауылы
№18 орта мектеп
география пәнінің
мұғалімі – қосалиева А.Н.
7 «А» сынып
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан
алған білімдерін жүйелеу.
Слайд 3Сабақтың міндеттері:
1) Білімділік: Оқушылардың Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін
тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу арқылы тақырыптарды тереңірек меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. Саяхат сабақ арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3) Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Слайд 4Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Өздік ізденіс жұмыс
Сабақтың
көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері.
Слайд 5Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Қызығушылықты ояту
ІІІ. Материкке шолу
IV. Бекіту
V. Қорытындылау. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру
Слайд 6Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.
Слайд 171.Ежелгі майя бұл өсімдіктің бірнеше түрлерін білген. Еуропалықтар өсімдікті көріп
таң қалып еліне былай деп жеткізген “ Дәні алтындай, жапырағы
күмістей жарқырайды”
2. Қай тіл сіздерге ұнайды : итальяндық немесе ацтек тілі ме? Онда жауап беріңіздер. Ол итальянша “алтын алма”, ал үндістер оны “туматель” дейді?
3.Үндістер одан “Чуньо” жасайды. Итальяндықтар оны”Тартуфолли” деп атайды. Ал орыстар оны “чертово яблоко” деген.
4.Бұл өсімдікті Америкадан алып келегеннен кейін көп уақыт декоративті өсімдік болып көрмеде ғана турған екен.1859жылы –бәрі өзгерді. Орыс шаруашылықпен айналысқан Данила Бокарев ол өсімдіктін дәнінен азық-түлік жасаған. Ол қандай өсімдік?
Слайд 25Мен өзім үшбұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар,
Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер
мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суым қандай!
Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
Солтүстік Америка материгі
Слайд 27-Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз? (Ерекшеліктерін атап интерактивті тақтаға
«өрмекшінің торын» құрайды)
Слайд 28Үлкен каньон - Колорадо
Солтүстік Америка
Ең биік ағаш – секвоя
Ең үлкен
арал - Гренландия
Ұзын тау – Кордильер
Ең үлкен тау мұздығы –
Аляска
Ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт
Слайд 29Xалқы және елдері
Солтүстік Америкада д.ж-гі ең дамыған ел – Америка
Құрама Штаттары орналасқан. АҚШ-тың материктегі бөліктерінің аралығында Канада, ал оңтүстігінде
Мексика орналасқан. Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарын кішігірім елдер алып жатыр.Америка Құрама Штаттары. АҚШ-ры жерінің ауданы (9 млн 363 мың км) жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі 4-ші орын алады. Бұл елдің жері материктік екі бөліктен және Тынық мұхиттағы Гавай аралдарынан тұрады. Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тұратындықтан ел Америка Құрама Штаттары (АҚШ) деп аталады. Астанасы Вашингтон қаласы.Елде мұнай мен табиғи газдың, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады. АҚШ-тың шаруашылығы сан салалы, ең жетекші сала – машина жасау өнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады. Детройт қаласын «автомобильдер астанасы» деп атайды. Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника мен электроника орталығы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Елде жылу-энергетика, химия өнеркәсібі, қара металлургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген.
Канада – д.ж-де жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін 2-ші орын алады. Канада жерінің ауданы 9 млн 970 мың км. Ел материктің солтүстік бөлігі мен Канаданың Арктикалық архипелагындағы аралдарды алып жатыр. Астанасы – Оттава қаласы. Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Елдің солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасқан солтүстігі табиғат жағдайлары өте қатал болғандықтан нашар игерілген. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда қойөгіз бен солтүстік бұғысы – карибу
Слайд 30 тіршілік етеді. Елдің осы бөлігінде ғасырлар бойы
қатал климат жағдайында өмір сүруге бейімделген байырғы халық – эскимостар
тұрады.
Канада ормандарға бай. Мұнда америкалық көгілдір шырша, бал қарағай, қарағай өседі. Ормандарда терісі бағалы аңдардан бұлғын, күзен, ақкіс пен жыртқыштардан қара аю – барибал, сілеусін, койот тіршілік етеді.
Елдің оңтүстік-батысындағы прерийді егіс далалары алып жатыр. Канада жылына шамамен 40 млн. тонна бидай өнімін, жинақтайтындықтан, астықты басқа елдерге де сатады.
Канаданың жер қойнауы пайдалы қазбаларға да өте бай. Ежелгі платформаға сәйкес келетін жазық бөліктерде уран, никель, алтын, мыс, темірдің бай кен орындары бар. Ұлы жазықта мұнай мен газ өндіріледі. Ағыны қатты тау өзендерінде арзан қуат көзі, ірі су электр стансалары салынған.
Канаданың табиғатты қорғауға көп көңіл бөлінеді. Елде 31 ұлттық парк жұмыс істейді. Ең ірілері – Вуд Буффало, Джаспер, Глейшер, Фанди. Бастапқыда қорық ретінде ұйымдастырылған ұлттық парктерде қазіргі кезде жергілікті халық пен туристердің демалуына қажетті жағдайлар жасалған.
Орталық Америка елдері. Орталық Американың материктік бөлігін Мексика, Гватемала, Белиз, Гондурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика, Панама елдері, ал Кариб теңіздеріндегі Үлкен және Кіші Антиль аралдарын Куба, Гаити, Доминика, Ямайка және т.б. кіші елдер мен иеліктер алып жатыр. Материктік бөліктегі ең ірі ел – Мексика, ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел Куба болып табылады. Бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халықтың тұрмыс-тіршілігі Канада мен АҚШ-тан үлкен айырмашылық жасайды.
Слайд 312)Солтүстік Америка материгін оқығанда қандай географиялық объектілерімен таныс болдыныздар?
Калифорния түбегі, Исландия аралы,Хонсю аралы, Кордильер тауы, Аляска түбегі, Камчатка
түбегі,Аппалачи тауы,Үндіқытай түбегі,Мексика шығанағы,Тянь-Шань тауы.
Слайд 32
“Ең ...ең...ең....”(географиялық сергіту)
1)Ең ұзын тау.............................................
2) Ең үлкен арал…………………………
3) Ең үлкен
каньон……………………....
4)Ең үлкен толқындар..............................
5)Ең биік шың...........................................
6)Ең ыстық жер.........................................
7)Ең суы мол өзен....................................
8)Ең
ұзын жер асты үңгірі....................
Слайд 33Географиялық орны
1-тапсырма
Кескін картаға Солтүстік Американың шеткі нүктелерін белгілеу. (әр топтан
бір оқушы шығып орындайды)
1 топ – Солтүстік Американың солтүстік шеткі
нүктесін көрсету. (Мерчисон мүйісі)
2 топ – Солтүстік Американың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Марьято мүйісі)
3 топ – Солтүстік Американың батыс шеткі нүстесін көрсету. (Принц Уэльский мүйісі)
4 топ – Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін көрсету. (Сент-Чарльз мүйісі)
Слайд 34Зерттелу тарихы
2-тапсырма
Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру. (2,
3-ші бағандарда зерттеушінің суреті тұрады атын және ашқан жерлерін табуы
тиіс)
Материктің оңтүстік жағалауын ашты
Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты
Материктің солтүстік және шығыс жағалауында жаңа жерлерді ашты
Аляска жағалауын зерттеді
Слайд 35ЖЕР БЕДЕРІ МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ
3-тапсырма
Кескін картада белгіленген сандарда қай объектілер
орналасқан және пайдалы қазбаларын шартты белгілер арқылы түсіру. (1-топ мұнай,
2- топ тас көмір, 3-топ темір, 4-топ табиғи газды түсіреді)
1-топ мұнай
2- топ тас көмір
3-топ темір
4-топ табиғи газ
№1- Солтүстік Америка материгінің батыс бөлігіндегі тау. (Кордильера тауы)
№2- Солтүстік Америка материгінің шығыс бөлігіндегі тау. (Аппалач тауы)
№3- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Орталық жазық)
№4- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Ұлы жазық)
Слайд 36Климаттық белдеулер
4-тапсырма
ЕУРАЗИЯ
6 белдеу
(Гренландия аралының орталығы -70 0 С)
(Өлім аңғары +570
Слайд 37Климаттық белдеулер
ЖАЛҒАСЫ
(Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)
(Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен
Алап 100 мм)
Слайд 38Ішкі сулары
5-тапсырма
Солтүстік Америка өзендерінің және осы ерекшеліктерін туғызып отырған
себептерді белгілеу.
1-Ә
2-А
3-В
4-Б
Слайд 39Халқы мен елдері
6-тапсырма - Елдің астанасын жазу және картадан көрсету.
Вашингтон
Оттава
Мехико
Панама
Слайд 41Миға шабуыл
1.Солтүстік Америка материгінің ауданы:
а) 24,2 млн. км.²
ә) 53,3 млн. км.²
б) 18,3 млн. км.²
в) 30,3 млн. км.²
2.Солтүстік Американы алғаш ашқан кім?
а) Д.Кабот
ә) Г.Гудзон
б) А.Макензи
в) Х.Колумб
Слайд 42Бекіту тапсырмалары - тест
І нұсқа
Солтүстік Америка материгінің экваторға
қатысты орны.
а) тек оңтүстік жарты шарда жатыр
ә) көпшілік бөлігі солтүстік
жарты шарда
б) экватор материктің ортасын кесіп өтеді
в) тек солтүстік жарты шарда жатыр
2. Солтүстік Америка материгінің ең төмен жатқан жері.
а) Каспий теңізі ә) Өлім аңғары
б) Өлі теңіз в) Валдес түбегі
3. Көлемі жағынан ең үлкен арал.
а) Куба ә) Гаити
б) Баффин жері в) Гренландия
4. Мына белдеудің қайсысы Солтүстік Америкада кездеспейді?
а) экваторлық ә) арктикалық
б) қоңыржай в) тропиктік
5. Солтүстік Америка шығыс жағалауындағы жылы ағыс.
а) Калифорния ә) Лабрадор
б) Гольфстрим в) Батыс желдер
ІІ нұсқа
1. Солтүстік Америка материгінің бастапқы меридианға қатысты орны.
а) түгелдей шығыс жарты шарда жатыр
ә) көпшілік бөлігі батыс жарты шарда
б) түгелдей батыс жарты шарда жатыр
в) көпшілік бөлігі шығыс жарты шарда
2. Өлім аңғарының абсолюттік биіктігі.
а) -150 м ә) -132 м б) -86 м в) -403 м
3. Солтүстік Американың ең ұзын өзені.
а) Миссисипи ә) Ниагара
б) Макензи в) Колумбия
4. Солтүстік Америка материгінің көпшілік бөлігі қай климаттық белдеуде орналасқан?
а) арктикалық ә) қоңыржай
б) тропиктік в) экваторлық
5. «Прерий» деп нені айтады?
а) шөлді ә) саваннаны
б) орманды в) даланы
Слайд 43Жауаптары:
Әр топ бір-бірлерін тексереді. Дұрыс жауабы тақтада жазылып тұрады.
Слайд 44Қорытындылау.
Бағалау.
-Бүгінгі сабағымызда біз Солтүстік Американың ең биік Мак-Кинли шыңына
жеттік. Шыңға шыққанда нені көрдік? (биік таудың суретінде Қазақстанның туы
тұрады ). Әр топ тапсырмаларды жақсы орындады. Өмір де, білімде де осындай биік шыңдарға жете біліңіздер.
Слайд 46VІ. Үйге тапсырма: «Солтүстік Америка материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында
шағын шығарма жазу.