Слайд 1“Жас географ”
8-сынып
Сыныптан тыс сайыс сабақ
География пәні мұғалімі:Сактаганова А.Д.
№26 Ж.Жабаев атындағы
орта мектеп
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын
арттыру.
Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту
Оқушылардың ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өз елін
жерін сүюге, тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Слайд 3 Қазіргі таңда ғылымның барлық салаларының жедел дамуы,
техникалық прогресс, акселерация ықпалы оқушының терең теориялық ойлануына қабілеттілігін арттырып
отыр. Ал ұстаздың міндеті оқушылардың даму мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, жас ерекшелігіне сай ақыл ойды дамытудың жоғары деңгейіне жету. Сондай игі мақсатты көздеген бүгінгі біздің география пәнінен сыныптан тыс сабағымыз болмақ.
Слайд 4Топқа бөлу
І топ –Атамекен 8 «а»
ІІ топ –Жерұйық 8
«ә»
Слайд 5Сабақтың кезеңдері:
1. Сұрақ-жауап
2. Дұрыс-бұрыс білім минуты
3. Тапқыр топ
4. Ғажайып
төрттік
5. Астаналар сайыста
6. Жас картограф
7. Пәндер байланысы
Слайд 6I кезең «Қанат қақты»
1. Қазақстан Республикасы туының авторы кім?
2.
Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?
3. Отырар қаласының
арабша аты.
4. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер?
5. «Арал теңізі» еңбегінің авторы кім?
6. Қазақстан Республикасының ең биік нүктесі?
7. Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болып қабылданды?
8. Қазақстан Республикасы оңтүстігінде қай елдермен шектеседі?
9. 1836 – 38 жылдардағы ұлт – азаттық көтеріліс Қазақстанның қай жерінде болды?
10. Ұлттық валютамыз теңге қашан айналымға енді?
Слайд 7
1. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды?
2. Қазақстанның тұңғыш
астанасы қай қала?
3. ҚР қанша ұлт пен ұлыс
өкілдері тұрады?
4. Қазақстан жер бедерінің ең төменгі нүктесі.
5. Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеген, Балқаш пен Алакөлдің ұқсастықтарын дәлелдеген тұңғыш қазақ географы кім?
6. Геологиялық жыл санау бойынша неше эра бар?
7. ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет.
8. Қазақ КСР – і қай жылы құрылды?
9. 1837 – 47 жылдардағы ұлт – азаттық көтерілістің басшысы кім?
10. 2009 жылы халық санағы бойынша ҚР халқының саны қанша болды?
Слайд 82. «Дұрыс-бұрыс»
білім минуты
Слайд 101. Дүние жүзін айналып шыққан саяхатшы -
Фернан Магеллан
Слайд 112. “Тайота” автомобилін шығаратын ел -
Германия
Слайд 123. Ватикан мемлекеті Римде орналасқан
Слайд 134. Камбоджа - АСЕАН ұйымына кіретін ел
Слайд 145. Қазақстан солтүстігінде Өзбекстан
мемлекетімен шектеседі
Слайд 156. Латвия, Литва, Эстония -
Балтық теңізі маңы елдері
Слайд 171. Мекке мен Медина - Египетте орналасқан
Слайд 182. Қазақстанның ең төмен нүктесі -
Қарақия ойысы
Слайд 193. Шардара - Сырдария өзеніндегі су қоймасы
Слайд 204. Қазақстан шығысында Түрікменстанмен
шектеседі
Слайд 215. Орал тауының Қазақстандағы жалғасы -
Мұғалжар тауы
Слайд 226. Қазақстанның ең биік нүктесі - Ақсораң
Слайд 241-сұрақ: Ежелгі Мысырда мысықтарды астық қорғауға асыраған. Өгіздердің көмегімен жер
жыртқан.Сонымен қоса,б.з.д. ХІХ ғасырда маймылдарды қандай мақсатпен ұстаған?
Слайд 25Жауабы: Жеміс жидектерді жинату үшін
Слайд 262-сұрақ:
Кештердің бірінде император Наполеон ІІІ сарай әйелдеріне жылтыр металдан
жасалған сырға, білезік, түйреуіштер сыйға таратты. Өкiнiшке орай, әшекейлер кеш
аяғында қарайып кетті. Қазір бiздiң заманымызда бұл материалдан осы әшекейлерді жасауды ойламас едi. Металды атаңыз.
Слайд 301- ұяшық
Сарыарқаның бұл өлкесін табиғаттың ерекше әсемдігіне байланысты
Еуропаның
тамаша аймақтарының біріне теңейді. Бұл өлкенің әсем
табиғатына арнап С.Сейфуллин поэма,
С.Мұқанов өз кітабын арқау етті.
Жер шоқтығы саналатын өлкедегі өзі аттас қала ерекше облыстың орталығы.
Сұрақ: Бұл әңгіме еліміздің қандай табиғаты әсем өлкесіне сай келеді?
Слайд 312- ұяшық
Ф. Магеллан алғаш рет дүние жүзін айналып шығу
саяхаты кезінде
Оңтүстік Американың оңтүстік шетімен бұғаз арқылы өтеді. Сол
кезде
көптеген отты алауды көреді. Кейбіреулері оны жағалаудағы алау, басқалары
жарылған қайықтың оты деп ойлайды.
Сұрақ: Бұл қай арал?
Слайд 323- ұяшық
Бұл Азияның жетекші мемлекеттерінің бірі. Жер аумағы бойынша
дүние
жүзінде 3 орын алатын ел. Экономикасының негізі – өнеркәсіп.
Елде Аньшань,
Бэньси металлургия кәсіпорындары бар.
Сұрақ: Қай мемлекет туралы айтылып отыр?
Слайд 334- ұяшық
Әлемдегі алпауыт мемлекет. Жер аумағы жөнінен 4-орын алатын
Солтүстік Америкада орналасқан экономикасы аса дамыған ел.
Сұрақ: Бұл қай мемлекет?
Слайд 34Сергіту сәті
« Сен мені білесің бе ?» айдары топографиялық тұрғыда
жасырылған сурет жұмбақтар
Слайд 351-сурет Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
Слайд 36 2-.суретте Қалпағы бар ер адам бейнесінде қай мемлкет бейнеленген?
Слайд 373-сурет Орамалды әйел ана бейнесінде қай елдер бейнеленген?
Слайд 391. Украина -
І топ
2. Молдова -
5. Перу -
6. Эквадор -
7.
Өзбекстан -
8. Әзербайжан -
3. Чехия -
4. Канада -
Слайд 401. Беларусь -
ІІ топ
2. Норвегия -
5. Парагвай -
6. Уругвай -
7.
Египет -
8. Қырғызстан -
3. Дания -
4. Мексика -
Слайд 42Географиялық нысандарды тап
1
2
3
4
5
5
1
2
4
3
1. Атамекен тобына
2. Жерұйық тобына
Слайд 43Картаны жақсы білеміз бе?
1-топ
Картадан Дели қаласы мен Шанхай қаласының
ара қашықтығын есептеңдер
2-топ
Мадрид қаласы мен Киев қаласының ара қашықтығын есептеңдер
Слайд 447. Географияның басқа ғылымдармен байланысы
1-топ (математика) Эхолот арқылы теңіз тереңдігін
өлшеу дыбыстың суда таралу жылдамдығына негізделген.Кемедегі құралдан мұхит түбіне дыбыс
жіберіледі. Дыбыс теңіз түбіне жеткен соң одан жаңғырығы құрылғыға қайтадан естіледі. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы 1 секундта – 1500 метр.Дыбыс жаңғырығы құрылғыға 8 секундта естілді делік, сонда мұхиттың тереңдігі қанша?
2-топ (қазақ тілі) Жер шарының аса ірі дүние бөлігін ежелгі гректер екіге бөлген.Месопотамияны мекендеген ежелгі финикиялықтар бұл дүние бөліктерін «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деп атаған. Нәтижесінде Еуропа, Азия атаулары пайда болды. Тіл ғылымында жер су атауларының шығу тарихын зерттейтін саланы қалай атайды?
Слайд 451-топқа:
(тарих) Ежелгі дәуірде тарихтың атасы – Геродот өзінің «Тарих» еңбегінде
география туралы алғаш түсінік берді.Орта ғасырдың өзінде география ғылымы араб
саяхатшыларының зерттеуімен дами бастады. Ал география ғылымының тарихында үлкен бетбұрыс жасаған Ұлы географиялық ашылулар кезеңі қай ғасырда болған еді?
2-топқа:
(әдебиет) Шеті бойлап, арктика ішіне,
Үш мұхитқа еркін жүрген көсіле,
Ағашы мол қай ел еді дамыған,
Жапырақты салған жалау төсіне
Слайд 461-топ (физика) Толысу мен қайту теңізде байқалатын құбылыс.Ол тәулігіне 2
реттен қайталанады.Оны ағылшын ғалымы И.Ньютон ашқан болатын.Толысу мен қайту ненің
әсерінен болады деп айтты?
2-топ (биология)Мұхиттағы тіршілік дүниесі жүзу деңгейіне байланысты 3-ке бөлінеді. Ең жоғары қабатында планктон(кезеген), одан төменгі қабаты – нектон (қалқыма),ал ең тереңде мекендейтін тіршілік иелерін қалай атайды?
Слайд 47“Қорытындылау”
«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман.
Заманауи әлемде елдің
қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді.
Сол білімді тұрмыс игілігіне жарата
білуімен бағаланады.
Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл.
Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны.»