Слайд 5Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Білімділік: MS Word бағдарламасымен жұмыс істеу, оқушыларға
мәтін абзацын пішімдеу, туралау, жоларалық интервалдарды үйрету барысында оқушылардың білімін
жүйелей, жетілдіре отырып, өз бетінше еңбектенуге, компьютерлік білімділікке үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік мәдениеттілікке, ұлт танымдылыққа, және уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында өз бетінше және топпен жұмыс жасай алуын, іскерлік, шығармашылық ойлау қабілетін және компьютерлік сауаттылығын дамыту. Теориялық алған білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын ойын элементтерін қолдану арқылы дамыту.