Слайд 1Нурсапаева Мақпал Алмасқызының
Информатика пәні мұғалімі
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Қарғалы №3орта мектебі
Қарғалы
ауылы
ПОРТФОЛИОСЫ
Слайд 2Алматы облысы, Жамбыл ауданы
“ Қарғалы № 3 орта мектеп”
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Информатика пәні мұғалімі
Нурсапаева Мақпал Алмасқызы
Слайд 3
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді
игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда
адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі.
Слайд 8 “Өмір бойы білім алу -әр қазақстандықтың
өмірлік кредосына айналу қажет !”
Н.А.Назарбаев
Слайд 12Өзіндік іс-тәжірибе мен арнайы сынақ жұмыстарын жүргізу
Өз бетінше білім жетілдіру
көздері
Педагогика ғылымы жетістіктерін жүйелі оқып-үйрену
Өзіндік іс-тәжірибе мен арнайы сынақ жұмыстарын
жүргізу
Педагогикалық озат тәжірибені зерттеп, жинақтау
Өз бетінше білім жетілдіру көздері
Өз бетінше білім жетілдіру көздері
Педагогикалық озат тәжірибені зерттеп, жинақтау
Педагогика ғылымы жетістіктерін жүйелі оқып-үйрену
Слайд 13информатика пәні мұғалімі Нурсапаева Макпал Алмасқызының
2011-2015 жылдар аралығындағы өзіндік
білімді көтерудегі
перспективалық жұмыс жоспары
Слайд 15Мұғалімнің жеке педагогикалық іс-тәжірибесін жалпылау және таратуы
Слайд 16«Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді
жағдайлар жасауға тырысамын»
А.Эйнштейн
Оқушылардың жетістігі
Слайд 17 Ұстаз – патриот. Бұл ретте қазақстандықтардың патриотизм сезімі мен
еңбексүйгіштік, шыншылдық, адалдық сияқты тағы басқа да адамгершілік өлшемдерін тәрбиелеудің
маңызды әрі жауапкершілікті іс екенін айту керек. Отансүйгіштік, туған өлке тарихын терең оқып үйрену, ана тіліне деген құрметті оқушы бойына сіңіру – ұстаз парызы.
Ұстаз - әдіскер. Дәстүрлі педагог білімді оқушыларға өңделген, игеруге дайын күйінде берсе, әдіскер ұстаз жаңа білімді қабылдауға байланысты оқушының оқу ісіне білім алу ортасын қалыптастыруы, шәкіртке білім алу мәселесін шешуге көмек көрсетуі тиіс.
Ұстаз – шешен. Өз ойын ашық та айқын, дұрыс та дәл, шебер де шешен, салмақты да сабырлы, тобықтай түйін күйінде жеткізе білер «мерген» болуы шарт.
Білім беру мен оқытудың ұстаз – менеджері. Оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге үйрету, яғни ұжымдық жобаларды жүзеге асыру ауқымында жеке жауапкершілікті күшейтумен үндесетін өзіндік қабілеттерді дамытуды талап етеді. Оқыту барысында алынатын білімді терең меңгеруге, оны белсенді қолдануға айрықша назар аударылуы тиіс.
Ұстаз – ұйымдастырушы. Әрбір жаңалық пен өзгерістің бастауында ұстаздар қауымы жүретіні анық. Олар тек жүріп қана қоймайды, барлық істерде ұйымдастырушы, жетекші, орындаушы, атқарушы қызметтерін де қоса жүргізеді. Мерекелік шараларды өткізу мен ұйымдастыруда мұғалімге ерекше міндет жүктеледі.
Слайд 18“Мөлдір бұлақ” журналының жеңімпаздары (№4 2014ж)
8а сынып оқушылары
Аяған Олжас
пен Толқын Қайнар
Бүгінгі күні педагогтың негізгі қызметтер мынандай: ұйымдастырушы, менеджер
(басқарушы),
бағыт-бағдар беруші, ынталандырушы
Слайд 19
Егер ұстаз алтын болса, зергері-мұғалім
Егер өмір теңіз болса, гауһары- мұғалім
Егер
өмір жүзік болса, көзі мұғалім
Егер өмір ақын болса, сөзі мұғалім
Шухрат
Слайд 20Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі мектепке сай типі —
бұл бірлікті өмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарым-қатынаста
болуы тиіс.
Слайд 23Эссе
«Менің педагогикалық ұстанымым»
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс - тұрысымен, жайдары мінезімен,
тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты
әсер етеді. (Мәлік Ғабдулин)
«Жер бетінде мекен еткен адам заттың бір бұтағы халықтың қандай да бір дара қасиетке ие болып, қандай бет - бейнемен көрінуі сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей қатысты»деген екен бір ғұлама. Әрбір жасөспірімнің қалыптасуында екі үлкен фактор маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бірінші - өз үйі жанұясы, екінші - өскен ортасы. Ал отбасынан алған тәрбиені дұрыс өрбіту мектептің міндеті. Ол міндетті орындауға басты тұлға мектептің жүрегі - мұғалім. Мұғалім – берген білім, үйреткен тәрбиесімен мәртебелі. «Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол ұстамдылық, ол- ұстаздық».
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма он жыл болды. Қиыны мен жеңілі,қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым- үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойына жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жету. Ендеше, мұғалім жұмысының негізгі ісі өзінде. Қай қоғамда болмасын ұстаз жоғары болған.
Бір мұғалім бар-алдынан тез кеткің келеді,
Бір мұғалім бар-қуып жеткің келеді,
Ұстаз бар-алдынан мәңгі жүріп өткің келеді, - деп ақын жырлағандай мұғалім болу аса жауапкершілікті іс деп білемін. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-эконмикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық –коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу.
Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз оқу «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман»,-деп (М.Дулатов) айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім беру ісінде шәкірттің білімге құштарлығын арттыру,өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жалпы оқушы бойына жауапкершілік сезімін қалыптыстыру, ешқашан күн тәртібінен түспейтін мұғалімдерге қойылатын басты талап. Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген курс тапсырмаларын орындау, мұғалім шеберлігін арттыру, жас ұрпақты өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеуге жауапкершілік артады. Осы жоба Қазақстан мектептерінде толық жүзеге асатын болса басқа елдермен бәсекеге түсе алатын жас ұрпақты тәрбилеп шығуымыз сөзсіз.
Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымына байланысты. Ұстаным дегеніміз не? (Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланстырады. Соцологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде алып көрсетеді.) Педогогикалық ұстаным-бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез-құлқын басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Менің тарих пәнін оқыту технологиясының мазмұнын жақсарту жағдайындағы педогогикалық ұстанымым: «Егер мұғалім өн бойына өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жақтаса ол-нағыз ұстаз» (Л.Н.Толстой). Бұл жағдайда оқыту үрдісінде тарих пәнін меңгеруде жаңа технологияларды тиімді пайдалану, оқушыларды құзыреттілікке бағыттау уақыт талабына айналып отыр. Құзыреттілікке жетелеп алған білімді тәжірбие жүзінде пайдалану, өмірде пайдалану, жеке басының қабілеттерін дамыту мақсатында қолдана білу мүмкіндігі де есептеледі
Ұстаз - әкең мен шешеңдей қолыңнан ұстап, талабыңды көріп жақсылыққа теліп, бағыт-бағдар беретін өміріңе жол ашатын жанашыр жан.
Ұстаз - шәкірттің рухани әкесі. демекші, Академик (М.Қозыбаев). Мен әрқашан оқушылармен бірге өмір сүремін.
Слайд 24
Мен Нурсапаева Макпал Алмасовна 1983
жылы 27 қыркүйекте Алматы облысы, Қапал ауданы (қазіргі Ескелді ауданы),
Қоңыр ауылында дүниеге келдім.
1989-2000 жыл аралығында Қоңыр орта мектебінде білім алып, жақсы деген нәтижемен негізгі сыныпты бітірдім.
2000-2004 жылдары Қазақстан инженерлік-экономикалық университетіне түсіп, «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының «Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша инженер» біліктілік мамандығының толық курсын бітіріп, 2004 жылы жоғары білімді диплом алып шықтым.
2006-2008 жылда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының 050602 «Информатика» жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп, 2008 жылы информатика оқытушысы және бакалавры біліктілігі және БАКАЛАВР академиялық дәрежесін иелендім.
2008-2009оқу жылдары Талдықорған қаласындағы «Талдықорған экономика және көлік колледжінде» информатика пәні мұғалімі қызметін атқардым.
2010 жылдан бастап аталмыш мектепке пед.ұйымдастырушы және информатика пәні мұғалімі қызметіне жұмыс атқарып келемін.
Көркемдік талғамы зор, шығармашылық мүмкіндіктері мол, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық дәстүрімізді меңгерген ұрпақты тәрбиелеуде бойындағы барлық іскерлік ұстаздық шеберлігін жұмсап, ойын балаларының жан дүниесінің қалыптасуына өз пәнінен теориялық және практикалық тұрғыда меңгеріп, ізденемін.
Мектептегі «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі ретінде ұйым мүшелерімен бірлесе отырып, оқушыларды мектепішілік, аудандық іс-шараларға белсен қатыстыру ұйымшылдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу, қайырымдылық пен достыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жоспарға сай жұмыстар атқарамын деп ойлаймын.
Осы уақыт аралығында «Мұғалім үздіксіз өз білімін көтеріп отырғанда ғана жақсы мұғалім» дегендей 2011 жылы «Роль педагога организатора в динамике расширения воспитательного пространства организации образования» тақырыбында (16.05.-21.05) АОМКДИда, 2013 жылы «Мұғалімнің кәсіби құзырлығын дамыту негізінде экономикалық, технологиялық білім сапасын жетілдіру» (36 сағат) «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында біліктілікті арттыру курсын оқыдым. Сонымен бірге, «Электронное правительство и электронные услуги» атты семинардың EGOV куәлігі, серификат онлайн тестілеу технологиясын қолдануға арналған І семинарға қатысып, деңгейін алғаны үшін Ustudy сертификатын иелендім.
«Тәлім алып өмірдің өткелінен, биік шыңға еңбекпен жетемін мен» дей келе, баспасөз жариялымдарым бойынша
2012 жылы №5, Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал «Ақпараттандыру ғасыры» «Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері»
2012 жылы 28 тамыз аудандық «Атамекен» газеті «Көгершіннің қызықты күндері»
2012 жылы №2, Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал «Ақпараттандыру ғасыры» «Windowsтың негізгі объектілері»
2012 №5, Республикалық оқу –әдістемелік газеті Мұғалім.kz «Паскаль программалау тілінде геометриялық фигураларға программа құру»
Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерім:
2011 жыл, наурыз Жамбыл ауданының білім беру, спорт және денешынықтыру бөлімінің мадақтамасы
2012 жылы Жамбыл аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі «Үздік тәлімгер»
2012, наурыз мектепішілік мадақтамасы
2012 жыл, мамыр мектепішілік мадақтамасы
2013 жыл №90 «Құрмет грамотасы»Жамбыл ауданының білім бөлімі
2014жыл «Жас ұлан» оқушылар ұйымының «Үздік педагог-ұйымдастырушы-2014» аудандық мақтау қағазы
Слайд 25Менің информатика пәнін
оқыту технологиясының мазмұнын
жаңарту жағдайындағы педагогикалық ұстанымым:
Маған
айтып берсең- ұмытып қаламын, көрсетсең-есте сақтармын,
ал өзіме жасатсаң- үйренемін!”
Қытай
ғұламасы Конфуций (Кун-цзы)
Талантты оқушы
Шығармашыл ұстаз
Слайд 26Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі
ақпараттық білімнің ақпараттық орта мен
адамның өзара қарым - қатынасын үйлесімді етудегі, жаңа ақпарттық қоғамда
кәспкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы, сондай - ақ оның әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен, мән - маңызымен анықталады.
Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты
оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Аталған мақсатты іске асыру нәтижесінде оқушыларды, үйренушілерде әлемнің қазіргі ақпараттық бейнесі және ақпараттық технологияны қолдану бірліктері мен дағдылары қалыптастыру
Слайд 28Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарын құру әдістемесі
Бенджамин Блум – америкалық
оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған,
1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру
Слайд 292014-2016 жылдарда білім беру мен ғылымды дамытудың басым
бағыттарының бірі
болып көрсетілгендей, Назарбаев зияткерлік
мектептерінің тәжірибесін ескере отырып, орта білім мазмұнын
жаңарту
бойынша жұмыс екі бағытта жүргізіледі:
1)2016 жылдан бастап 1-сыныпта жаңа МЖББС және барлық
пәндерден жаңартылған оқу бағдарламалары енгізіледі;
2)11-жылдық мектептің оқу бағдарламалары ішінара жаңартылады.
11-жылдық мектептің оқу бағдарламалары ішінара жаңарту
бағытында Информатика пәнінің 2016 жылы 10-сыныптан, 2017
жылы 5 және 8 сыныптан жаңартылған бағдарламасы енгізілетіні
қарастырылған. Жаңартылған бағдарлама оқушылардың
ақпараттық-коммуникативтікқұзыреттіліктерін дамытуға
бағытталған.
Әдістемелік құралды әзірлеу барысында Назарбаев зияткерлік
мектептердің кіріктірілген бағдарламалары бойынша жұмыс
тәжірибесі қолданылды.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
1. Қысқа мерзімді жоспар түсінігін ашу;
2. Отандық және шетелдік тәжірибелерді сипаттау;
3. Жалпы білім беру мектеп оқушыларының оқыту деңгейлерін көтеру мақсатында мерзімді жоспарлардың типтік мазмұнын ашу;
4. Информатика пәнінен 10-11 сыныптарға арналған қысқа мерзімді
жоспардың типтік мазмұнын іске асыру.
Слайд 30Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев білім берудің
жетекші жобаларының бастамашасы
болып, еліміздің болашағы, оның
индустриалды-инновациялық дамуы алдымен білім беру жағдайынан,
сонымен
бірге жасөспірімдердің білім, дағды ептіліктерінен тікелей
байланысты деп үнемі айтып келеді.
2008 жылғы 12 наурызда Президент жаратылыстану-математика
бағытындағы пәндерді оқуға қабілетті дарынды балаларды іріктеу және оқыту
үшін Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде Зияткерлік мектептер
желісін құру жөніндегі бірегей жобаға бастамашы болды.
Бүгінгі күні зияткерлік мектептер 2 білім беру моделін іске асырады: 5
– біріншісі –ДББҰ-ның стратегиялық әріптесі Кембридж университетінің
Халықаралық емтихан кеңесімен бірлесіп әзірлеген жаратылыстану-
математика бағытындағы Кіріктірілген білім беру бағдарламасы;
– екіншісі –Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы.
Қазіргі уақытта білім беретін халықаралық мониторингтік зерттеулердің
көрсеткіштері бойынша озық орындағыелдердің тәжірибесі өзекті болыпотыр.
Атап айтатын болсақ, олар Оңтүстік Корея, Сингапур, Финляндия және
басқалары. Көптеген шет елдердегі мектептік білім беру жүйесінің ішінен
Финляндия елінің жинақтаған тәжірибесі қызықты болып келеді. Себебі, бұл
елдің білім беру сапасы көптеген халықаралық зерттеулермен дәлелденіп
отыр. PISA (Programme for International Student Assessment)мәліметтері
бойынша, 2006 жылы Финляндия оқушылары ғылыми жаратылыстану
сауаттылық бойынша бірінші орынға, математика мен оқу бойынша екінші
орынға ие болды .
Ол, біріншіден, Финляндия елінде білім, сонымен қатар мектептік білім
ішкі саясатта басымды орын алуымен байланысты.
Екіншіден, мектептік білім заманауи технологиялар мен оқыту әдістерін
қолданып байырғы және тұрақты дәстүрге ие болыуынабайланысты.
Үшіншіден, Финляндиядағы білім беру жүйесінің мақсаты -өз
дарындылығын ашуға мүмкіндігі бар тұлғаны дамыту, өсіру болып отыр.
Қазіргі уақытта Финляндия мектептеріалдарына қойған негізгі міндет –
оқушыларды оқуға үйрету
Слайд 31Сабақ –бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты, мектептегі оқу жұмысын
ұйымдастырудың
негізгі түрі. Сабақ –бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты
оқушы топтарымен оқытуды
ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және
бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ
өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері –мақсат,
мазмұн,құралдары, әдістері, ұйымдастыру, басқару қызметі және оның барлық
дидактикалық элементтері қарастырылады.
Сабақ –оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту қызметін атқарады.
Сабақтың бастымақсаты аталған қызметтерді жүзеге асыру.
Жаңартылған оқу бағдарламаларда күтілетін нәтижелер оқытудың қысқа
мерзімді көп деңгейлі жүйесін құрайды. Төменде оқытудың күтілетін
нәтижелері Блумның таксономиясы бойынша жобаланған
Білім. Бұл категория игерілген материалды есте сақтауды және зерделеуді білдіреді.
Түсіну. Бұрын оқыған материалдың мағынасын түсіну қабілетінің көрсеткіші материалдың бір формадан екінші формаға өзгеруі (трансляция), оны бір тілден басқасына «аудару»болуы мүмкін.
Қолдану. Бұл категория игерілген материалды нақты жағдайлар мен жаңа 7жағдайларда қолдану білігін көрсетеді. Бұған ережелерді, әдiстерді, ұғымдарды, қағидаттарды, заңдарды, теорияларды қолдану кiредi.
Талдау. Бұл категория материалдың құрылымы ұғынықты болуы үшін оны құраушыларға бөліп көрсету бөлігін көрсетеді.
Жинақтау(Синтез). Бұл категория жаңашылдыққа ие бүтінді алу үшін элементтерді құрамдастыру білігін көрсетеді.
Бағалау. Бұл категория нақты мақсаттар үшін қандай да бір материалдың (бекіту, көркем шығармалар, зерттеу мәліметтері) маңызын бағалау білігін көрсетеді. Оқушының пікірі нақты критерийлерге негізделуі тиіс.
Сабақты жоспарлау бойынша орындалатын жұмыстар оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырамын.