жіңішке инелерден тұрады. Басу құрылғысы қозғалғанда инелер боялған ленталар арқылы
қағазды ұрады, оның нәтижесінде қағазда символдар мен бейнелер аламыз. Қағазда пайда болған бейненің сапасы инелер санына байланысты. 9 және 24 инелі матрицалық принтерлер шығарылады. 24 инелі принтер көмегімен сапалы бейнелер алуға болады.
Түрлі-түсті матрицалық принтерлерде болады. Оларда арнайы түрлі-түсті лента қолданылады. Ол сары, қызыл, көк және қара түсті жолақтардан тұрады. Бір мезгілде бес және одан да көп бет басуға болатын матрицалық принтерлер бар. Матрицалық принтерлердің жетістігі, оның бағасының арзан және қағаз сапасын таңдамауына байланысты, ал кемшіліктері – басу жылдамдығымен сапасының нашарлығы, жоғары деңгейде шу шығаруы. Матрицалық принтерлердің – жолдық принтерлер деп аталатын түрі болады. Онда басу құралы ретінде басынан аяғына дейін инелер орналасқан басу платасы бар.
Матрицалық принтерлердің
жұмыс істеу принципі