Слайд 1Өткен сабақты қайталау сұрақтары:
Компьютердің негізігі құрылғыларын ата.
Тышқан қаншаға бөлінеді ?
Пернетақта
дегеніміз не?
Пернетақта да қанша перне болады ?
Пернетақта қаншаға бөлінеді?
көмегімен жазамыз ?
Слайд 2“Жұмбақ сөз” ойыны
Тапсырма №1
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы
біреу,
Бір күн бар да, бір кұн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын
сан жүз бір ...
Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың ...
Слайд 3
Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды ...
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті
құралмын ...
Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды,
Немерелері алғашқы,
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек қана F (эф) әріпімен басталады ...
Слайд 4
“Кім жылдам” ойыны
Тапсырма №2
Тест тапсырмалары берілген . Берген жауаптарың дұрыс
болса фигура жасыл түске, ал дұрыс болмаса қызыл түске боялады.
Слайд 5Бас әріппен жазу үшін қай батырманы басу керек?
Caps lock
Alt
Delete
Enter
Shift
Слайд 6Біріңғай бас әріптерге немесе кіші әріптерге ауыстыратын батырма
Shift
Alt
Delete
Enter
Caps lock
Слайд 7Келесі жолға өту батырмасы
Enter
Shift
Alt
Delete
Caps lock
Слайд 8Мәтіндегі символды өшіру үшін қолданатын батырмаларды тап
Слайд 95 “ә” сыныбы
Сабақтың тақырыбы:
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және
жіктелуі
Он бесінші қазан
Слайд 10Жаңа сабақ
Программалық жабдықтамалар
Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік,
қолданбалы бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.
Жүйелік бағдарламаларға: операциялық жүйелер, драйверлвер,
утилиттер жатады.
Жүйелік бағдамалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система –ОС) негізгі болып табылады.
Операциялық жүйе –компьютерді басқаратын басты программа
Драйверлер- компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеу үшін қажетті программалар.
Утилиттер- компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын прогаммалар.
Қолданбалы бағдарламалар- мәліметтерді өңдеудің нақты мәселелерін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттарды құруға, графикалық объектілер даярлауға, әр түрлі есептеу жүргізуге болады. Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екі топқа бөлінеді.
Бағдарламалау жүйелері- басқа программаларды құруға арналған программа.
Слайд 11Операциялық жүйелерді жіктеу .
Дербес компьютерге
арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
Бір
міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.
Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.
Слайд 12Сабақты бекіту сұрақтары:
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Жүйелік бағдарламаларға не жатады ?
Компьютердің
бағдарламалық жабдықтамаларына нелер кіреді?
Қолданбалы бағдарламалар дегеніміз не?
Үйге тапсырма: Программалық қамтамасыз
етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуін оқып келу.