Слайд 1
«Үздік инфоматик» интеллектуалдық сайыс.
8-сынып
№28 «Ақбай» жалпы орта
мектебінің
информатика
пән мұғалімі
Раззакова Муяссар
Рустамбекқызы
Слайд 2Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик»
атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған
оқушылар сайысқа дайын тұр.
Мынау ұшқыр заманда
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру
Қажеті туды адамға.
Слайд 3Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға XXI ғасыр жаңа технология мен
ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық:
Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.
3. Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық – гигиенасының талаптарын орнату.
Слайд 4
Сайыстың шарттары:
1-тур. Өзін таныстыру
2-тур. Тіл өнері.
3-тур.
Ғажайып қоржын.
4-тур. Кім жылдам.
5-тур. Артық термин.
6-тур. Сурет
салу.
7-тур. Үй тапсырмасы.
Слайд 5
1-тур. Өзін таныстыру: Әр оқушы 3 мин уақыт ішінде тақпақ
арқылы өзін таныстырады.
Слайд 62-тур. Тіл өнері: Информатика сабағында қолданылатын сөздерді қазақша және орысша
атауларын жазу керек. 7мин уақыт беріледі. (Сөздер өзбек тілінде берілген,
компьютер арқалы орындалады).
Слайд 83-тур. Ғажайып
қоржын ойыны:
Қоржын ішіне өтілген тақырыптардан сұрақтар жасырылады,
қатысушылар әр бір сұраққа жауап беріп ұпайларын алып отырады.
Слайд 94-тур. Кім жылдам: «Вырезать», «вставить» командаларын пайдаланып, берілген мәтіннің жоғарғы
индексін өсу тәртібімен орналастыру арқылы араластырылған мәтінді табу керек(компьютер арқалы
орындалады, 7 мин уақыт беріледі).
Слайд 104-тур. Кім жылдам: (Жауабы)
«Информатика»1 термині:2 Француздың3 (Computer4 science,5
informatics)6 — сөзінен7 алынған8 қазақша9 мағнасы10
информация11 және12 автоматика13 сөздерін14 білдіреді.15
Информатика16 - компьютер17 және18
басқа да19 техникалық20 құрылғылар21 көмегімен22 ақпараттарды23 алу,24 сақтау,25 түрлендіру, 26 жеткізу27 және оны28 пайдалану29 тәсілдерін30 зерттейтін31 ғылым32 саласы. 33
Слайд 115-тур. Артық термин: Оқушылар берілген тапсырмадағы артық терминді табу
керек: жауап «полужирный» командасымен белгіленеді (компьютер арқылы орындалады, 5 мин
уақыт беріледі).
Слайд 125-тур. Атрық термин:(Жауабы)
1. Екі, бес, нөл, қосынды, бір
2. принтер, монитор, программа,
пернетақта, сканер
3. Файл, вставка, вид, ссылка, папка
4. File, Shift, Ctrl,Alt, Enter
5. Windows, Linux, Ms Dos, Ms Word
6. Вирус, синус, косинус, тангенс
7. Килобайт, бит, сантиметр, мегабайт,
8. Қосу, Нүкте, Азайту, Көбейту, Бөлу
9. F9 , F10 , F13 , F12, F11
10. Блокнот, Калькулятор, Power Point,
WordPad, Paint
Слайд 13
6-тур.«Сурет салу»
Қатысушылар 12 карточ-каның бірін таңдап, Paint программасын
іске қосып суретті компьютерде орындауы керек.
Слайд 14 7-тур. Үй тапсырмасы (үй тапсырмасы алдын ала берілген,
қызықты бір шарт)
Слайд 161. Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны оның мекені
Слайд 182. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын
Ойланып, білгіш
болсаң жауап берші
Слайд 203. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады
Слайд 224. Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер...
Слайд 245. Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Бір күн барда, бір күн жоқ.
Соны
есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті.
Слайд 266. Ұзынтұра Жалқаубек
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды
Слайд 28№1 Разгруппировать және группировать командаларын қолданып бір ғана шөптің орнын
ауыстыр, нәтиже 52 ге тең болсын.
Слайд 30№2 Разгруппировать және группировать командаларын қолданып бір ғана шөптің орнын
ауыстыр, нәтиже 1 ге тең болсын
Слайд 32№3 Разгруппировать және группировать командаларын қолданып бір ғана шөптің орнын
ауыстыр, нәтиже 40 қа тең болсын.
Слайд 34Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып XXI-ші ғасырға
Барлық әлем
жаңалығын тастайды дей отырып
сөз кезегін әділқазыларға берейік.
Слайд 35«Үздік информатик»
Құттықтаймыз!
Назарларыңызға рахмет!