Разделы презентаций


Алты ойлау та?иясы (Эдвард де Боно Алты ойлау шляпасы технол).

Тициано Вечеллио Тициан, Тициано Вечеллио (Tіzіano Vecellіo) (шамамен 1476/77 немесе 1489/90, Венето,Пьеве-ди-Кадоре – 27.8.1576, Венеция қ.) – италиялық кескіндемеші, Қайта өркендеу дәуірі кезеңіндегі венециялық мектептің негізін қалаушылардың бірі. Алғашында кескіндеме өнері бойынша Дж. Беллини шеберханасында оқып, тәлім алды; кейін

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырыбы: ДжорджонеТициан.П.Воронез Венециядағы суретшілер.
Орындаған: Хонтораева Ю.

Тақырыбы:  ДжорджонеТициан.П.Воронез Венециядағы суретшілер. Орындаған: Хонтораева Ю.

Слайд 2Тициано Вечеллио
Тициан, Тициано Вечеллио (Tіzіano Vecellіo) (шамамен 1476/77 немесе 1489/90, Венето,Пьеве-ди-Кадоре – 27.8.1576, Венеция қ.)

– италиялық кескіндемеші, Қайта өркендеу дәуірі кезеңіндегі венециялық мектептің негізін

қалаушылардың бірі. Алғашында кескіндеме өнері бойынша Дж. Беллини шеберханасында оқып, тәлім алды; кейін Джорджоне шеберханасына ауысты. Джорджоненің көмекшісі ретінде еңбек етіп, Венециядағы Неміс мейманханасының алдыңғы бетін әрлеп әсемдеуге қатысты әрі оның шығармашылық ықпалында болды. Ұстазы Джорджоне ерте дүние салғаннан кейін оның бірқатар кескіндемелік туындыларын өзі аяқтап шықты. Біртіндеп Тицианның өзіне тән шығармашылық қолтаңбасы қалыптаса бастады да 1516 ж. Венеция Республикасының басты кескіндемешісіне айналды, суретші өмірінің ақырына дейін осы атақты 60 жыл бойы сақтап тұрды.

Тициано Вечеллио	Тициан, Тициано Вечеллио (Tіzіano Vecellіo) (шамамен 1476/77 немесе 1489/90, Венето,Пьеве-ди-Кадоре – 27.8.1576, Венеция қ.) – италиялық кескіндемеші, Қайта өркендеу дәуірі кезеңіндегі

Слайд 3Тициано Вечеллио

Тициано Вечеллио

Слайд 4 Тициан діни, мифологиялық және әдеби сюжеттерге негізделген сан алуан кескіндемелік

туындылар мен портреттер жасады. “Бұ дүние мен о дүние махаббаты”

(1515 – 16 ж. ш., Рим, Боргезе галереясы), “Флора” (1515 ж. ш., Флоренция,Уффици), “Қолғапты жасөспірім” (1520 ж. ш., Париж, Лувр), “Вакх пен Ариадна” (1523, Лондон,Ұлттық галерея) атты көркем полотноларында гуманистік мұрат пен өмірге деген сүйіспеншілік сезімі шынайы көрініс тапты. 16 ғасырдың 20 – 30-жылдардағы Тициан картиналарынан Қайта өркендеу дәуірі өнерінің соңғы кезеңіндегі Венеция қоғамының өмір-тұрмысы басты орын алды. “Табытқа салу” (1525 ж. ш., Париж, Лувр), “Ғибадатханаға бастау” (1534 – 38 ж. ш., Венеция,Академия галереясы), “Урбино Венерасы” (1538 ж. ш., Уффици) картиналарына пафос көтеріңкілігі мен үйлесімділік және күрделі драмалық шиеленіс тән. 1530 – 40 ж. Тициан портрет жанрында (“Пьетро Аретино”, 1545,  Флоренция, Палатина галереясы; “Ипполито Риминальди”, 1548, Флоренция, Питти галереясы; “Папа Павел ҚҚҚ Алессандро және Оттавио Фарнезелермен бірге”, 1545 – 46, Неаполь, Ұлттық мұражайы мен Каподимонте галереясы; 
Тициан діни, мифологиялық және әдеби сюжеттерге негізделген сан алуан кескіндемелік туындылар мен портреттер жасады. “Бұ дүние мен

Слайд 5 “Карл V”, 1548, Мюнхен, Ескі пинакотека) жемісті еңбек етіп, зор жетістікке жетті.

16 ғасырдың ортасында Тициан шығарм-нан мифологиялық және діни тақырып (“Автопортрет”, Прадо қ.;

“Лавиния”, Берлин мұражай қоры, екеуі де 1560 жылдар) басым орын алды. Тицианның осы кезеңдегі көптеген туындыларынан сары уайымшылдық сарыны аңғарылғанымен, мұнымен қатар өміршеңдікке толы, қанық бояулы жарқын образдарды (“Даная”, 1554 ж. ш.; “Венера мен Адонис”, 1554; екеуі де Мадрид, Прадо; “Нимфа мен бақташы”, 1570 ж. ш., Вена қ., Тарихи-көркемсурет мұражайы) да алып келді.
“Карл V”, 1548, Мюнхен, Ескі пинакотека) жемісті еңбек етіп, зор жетістікке жетті. 16 ғасырдың ортасында Тициан шығарм-нан мифологиялық және

Слайд 6 Адамның күрделі ішкі жан сезімі мен психологиялық өмір толғанысын ғажайып

колоритке қоса композиц. құрылымы жағынан да таңқаларлық шеберлікпен ашып бейнелеу

Тициан шығармашылықның өзгеге ұқсамас өзіне тән ұлы суреткерлік қолтаңбасын айқындады. “Әулие Лаврентийдің азабы” (1550 – 55, Венеция, иезуиттер шіркеуі), “Тәубесіне келген Мария Магдалина” (1560), “Әулие Себастьян” (1570, екеуі де қазіргі Санкт-Петербургегі Эрмитажда), “Исаны жоқтау” (1573 – 76, Венеция, Академия галереясы) сияқты соңғы картиналарында трагед. коллизияға толы өзінің өмірге деген ой-көзқарасын айқын аңғартты. Тицианның озық еңбектері дүниежүзілік бейнелеу өнері мен қайта өркендеу дәуірі венец. мектеп өнерінің ұлы жетістіктерінің бірі болып табылады әрі өзінен кейінгі замандардағы қылқалам шеберлері шығарм-на да (әсіресе, П.Рубенс пен Д.Веласкеске, т.б.) жасаған игі әсері зор болды.
Адамның күрделі ішкі жан сезімі мен психологиялық өмір толғанысын ғажайып колоритке қоса композиц. құрылымы жағынан да таңқаларлық

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика