Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
5 «А» сыныбы
Білімділік: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл - Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу
Дамытушылық: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән - мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу
Тәрбиелік: Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу.
Сабақтың мақсаты:
Слайд 3Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ
- жауап, түсіндіру арқылы ой қозғау,интерактивті әдіс элементтерін пайдалану.
Көрнекілігі: Портреттер,
саяси карта, ойын «Сиқырлы сандар», «Сиқырлы балықтар»
Сабақтың пәнаралық байланысы: Жаратылыстану, қазақ әдебиеті
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Миға шабуыл (Сұрақтар)
Слайд 4
1.Түркі сөзінің мағынасы нені білдіреді?
2. «Түркі» атауы қытай деректерінде қашан
пайда болды?
3. «Он оқ будун»деген нені білдіреді?
4.Түрік тайпалары Қазақстан жерін
қашан мекен еткен?
5.Түрік қағанатын біріктірген қаған?
6.Түрік қағанаты нешеге бөлінеді?
Слайд 5«Сиқырлы сандар» сұрақтарына
дұрыс жауап берсек, санды керісінше айналдырып ретімен
қойсақ, сиқырлы сандардан портрет құрай аламыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
- Біз
тақтада кімнің портретін құрастырдық?
- Әбу Насыр әл - Фарабидің
Слайд 6
Отырар Әл - Фараби туған қала
Таң қалған ол туғанда барша
дала
Бір өзі ғалым, сазгер, тарихшы да
Дәрігер өз халқына болған шипа
Осы
өлең шумақтарынан қай қаланың атын естідік?
Отырар қаласында кім дүниеге келген екен?
Слайд 7ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Отырар қаласында ұлы ұстаз атанған, ойшыл ғалым
Әл - Фараби дүниеге келген. Отырар қаласын картадан көрсетіп, жаңа
тақырыпты түсіндіру.
Слайд 8Әл-Фараби (870-950)ж.ж Отырар қаласында дүниеге келген.Толық аты-Әбу Насыр Мұхаммед ибн
Мұхаммед ибн Узлағ Тархани.
Слайд 14Әкесі қыпшақ ұлысының атақты әскер басшысы болған.
Жастайынан талапты,оқу-білімге жетік,зерек болған.Ол
оқу –білім іздеп шет елдерге сапар шегеді. Бұхара,Самарқан,Шаш,
Мысыр,Бағдат,Дамаск т.б.араб-парсы елдерін
түгел аралаған.
Әл-Фараби грек-араб тілдерін жетік меңгеріп,70-ке жуық тілді білген.
Жас кезінде көп уақытын Отарардың бай кітапханасында өткізеді.
Слайд 18Әл-Фараби түрлі ғылым салаларынан 150-ге тарта іргелі еңбектер жазып қалдырды.
Әл-Фараби
философия,математика,физика,логика,этика,тіл-білімі,жаратылыстану,география,астрономия,музыка салаларынан ғылымға қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі.
Ол Александрия кітапханасында болып
өмірінің соңын Дамаск пен Халеб қ . өткізді.
Дүниеге көзқарасы жағынан өз заманының озық ойлы ғұлама ғалымы ретінде танылды.
Слайд 20Ол атқа мінуге,садақ атуға,аспаптар жасауға шебер болған.Музыка мен поэзияға үйір
болып,күй тарта білген.Әл-Фараби өзінің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары» туралы еңбегінде,адамдарға
бақытты өмірге жету жолдарын көрсетеді.
Слайд 21 Әл-Фараби тек ойының ұшқырлығымен және білім тереңдігімен ғана емес
адами
қасиеттерімен де ерекшеленген.Әл-Фараби-тек Шығыстың ғана емес, Батыстың да ғылым мен
мәдениетінің дамуына зор үлесін қосқан энциклопедиялық білімі бар ғалым.
Әл-Фараби Қазақстанның ғана емес,бүкіл Орта Азия халықтары мен әлемнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы,ойшылы,ғалымы болып саналады.
Слайд 22 Ол Дамаск қаласында қайтыс болған,мүрдесі Сириядағы Баб әс-Сағир зиратында
жерленген.
Слайд 23Әл-Фарабиге арналған ескерткіштер
Слайд 25V.Жаңа сабақты бекіту
1.«Сиқырлы балықтар» ойыны.
1-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби
кім?
2-тапсырма: Алғашқы білімін қай қалада, қандай тілде алады?
3-тапсырма: Отырар қаласы
жайлы не білесің?
4-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы:
5-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби қай жылдары өмір сүрді?
6-тапсырма: Әл - Фарабидің толық аты - жөні
7-тапсырма: Отырар қаласын кезінде қалай атаған?
8-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби қай тілдерді меңгерген?
9-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби еңбектерін ата?
10-тапсырма: Әбу Насыр әл - Фараби бойындағы көп қасиеттері мен, дарындылығы
ХІХ ғасырдағы біздің ұлы ақындарымыздан кімге ұқсайды?
Слайд 26VІ.Жаңа сабақты қорыту.
2.Тірек сөздер:
-ойшыл
-ғалым
-энциклопедист
-шаһар
-Мысыр
-Весиж
-Фараб
-этика
-астрономия
-Халеб
-ғұлама
-ғалым
-Дамаск
-философия
-қыпшақ
-аңыз.
Слайд 273.Әл-Фараби туралы бейне фильм көрсетіледі,оқушылар “Эссе” жазады.
4.Әл-Фараби туралы таблица толтыру.
Слайд 28Балалар сендерге Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар
Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл
- Фарабиге:
- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.
- Әрине , өнер - білімге апарар жолды.
- Неге?
- Бақыт та, абырой - даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.
Балалар егер сендер мектептегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңызды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдеріңіз сіздердің жарқын болашақтарыңның кепілі болмақ.
Кәне, балалар, кім өнер - білім туралы мақал - мәтел біледі?
Әл - Фараби бабамыздың аты 1000 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңқы да, ол - білім. Білім – таусылмайтын байлық.
Слайд 29Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
Әбу Насыр әл- Фараби туралы шағын әңгіме құрастыру.