маңызын, халықтар бірлігі мен мәдениеттің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы
дүниетанымын кеңейтуТүрі: саяхат сабақ
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: дербес компьютер-1, бейнепроектор-1, АctivBoard, ActivPen, Power Point бағдарламасындағы слайд, дәмдеуіштер, карта, үлестірмелі қағаздар, жануарлардың суреттері, қайшы.
Ойынның шарты:
Әр топ белгілі бір түстермен берілген әріптермен «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген сөз құрастырылады. Әрбір тапсырманы орындаған соң жеңіске жеткен топ өз әріптерін Еуразия картасына орналастыру қажет. Саяхат соңында «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген атау шығады және қай түстегі әріптер картада көбірек болса, сол топ жеңіске жеткен болып саналады.
Ұ – Дала жануарларын әңгіме желісі бойынша орналастыру
Л – Жол, сауда, базар, ақша жөнінде мақал-мәтел
Ы – қала (Испиджаб)
Ж – Тауарларын өткізу
І – қала (Тараз)
Б – Дәмдеуіштерді анықтау
Е – қала (Отырар)
К – ұлттық киім үлгісін көрсету
Ж – қала (Баласағұн)
О– Ою-өрнек ойып, мәнін түсіндіру
Л – қала (Яссы, Түркістан)
Ы – Ұлттық ойын ережесін таныстыру