Слайд 1Ежелгі Қазақстан тарихы сабағы
6 «В» сыныбы
Слайд 2Үй тапсырмасын тексеру:
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
1. Қаңлылар қай
кезеңде өмір сүрді?
2. Қаңлы билеушісін қалай деп атаған?
3.
Қаңлы елінің астанасы қай қала?
4. Бұдан қанша мың жыл бұрын қаңлыларда қандай кәсіптер жақсы дамыды?
5. Қаңлылар егіншілікпен қай жерлерде айналысты? Мақта өндірумен қай өңірлерде айналысқан?
6. Егіс алқаптарын суландыру үшін қандай қоймалар мен каналдар салынды?
Слайд 37. Қаңлылардың маңызды шаруашылықтарының бірі мал өсіру болды, олар қандай
үй малдарын өсірген?
8. Металл өңдеу арнайы қай жерлерде жүргізілді?
Онда қандай бұйымдар көптеп дайындалған?
9. Зерттеушілер қаңлылар жерінен б.з.-дың қай ғасырында соғылған салмағы әртүрлі қанша теңге тапты және олар қай аймақта көп кездеседі?
10. Қаңлылар қай елдермен сауда жасаған?
11. Қаңлылар арасында өнердің қай түрі жақсы дамыды?
12. Қаңлылардың діни наным-сенімдері қандай болған?
Слайд 5ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
ҒҰНДАР
Слайд 6САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ЖОСПАРЫ
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Білімділік: ғұндар тарихының ерте кезеңі,
мемлекеттік құрылымы, ғұндардың тайпалық бірлестігі туралы түсінік беру, ғұндар туралы
5-сыныпта өткен материалды, білетіндерін толықтыру.
Дамытушылық: оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеуге және салыстырмалы талдау жасауға, қосымша деректермен таныса отырып, олардың дүниетанымын, тарихи ойын дамыту және жеке, жұппен топпен жұмыс істеу арқылы білім сапасын арттыру.
Тәрбиелік: білімділікке, достыққа, татулыққа, Отанын, елін, жеріне деген сүйіспеншілікке, туған елінің тарихын білуге, азаматтық-патриоттық тәрбие беру. Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ:
1. Ежелгі ғұндар қытай деректерінде.
2. Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы.
3. Ғұндардың мемлекеттік құрылысы.
4. Ғұн тайпаларының бірігуі.
Слайд 7МАҒЫНАНЫ АШУ
Б. з. б. І-ші мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның
этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі өсті. Солардың бірі
ғұндар еді. Ғұн тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшпенділігімен белгілі. Еуразияның кең байтақ даласын мекендеген ғұндардың әлемдік өркениеттегі орны да ерекше. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар қазақ халқының арғы-тегі болып саналады. Ғұндардың кезеңі б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з.-дың ІV ғасыры аралығын қамтиды. Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Қазақ халқының қалыптасуына көптеген тайпалар үлес қосқан. Өткен сабақтардан білетіндеріңдей, қазақ халқының қалыптасуына сақ, үйсін, қаңлы тайпаларымен бірге ғұн тайпасы да өз үлесін қосқан.
Слайд 9ТОПТАСТЫРУ
Оқушыларды 4 топқа бөлеміз:
1-топ: тарихшылар
2-топ: билеушілер
3-топ: бекзадалар
4-топ: құдіреттілер
Слайд 10ТАПСЫРМАЛАР
1-топтың тапсырмасы: Ежелгі ғұндар қытай деректерінде
2-топтың тапсырмасы: Мөде шаньюй
– Ғұн мемлекетінің негізін салушы
3-топтың тапсырмасы: Ғұндардың мемлекеттік құрылысы
4-топтың тапсырмасы: Ғұн тайпаларының бірігуі.
Слайд 11ОЙ ТОЛҒАНЫС
Оқушылардың төрт тобының өз тапсырмаларын ашуы.
Слайд 121. Ежелгі ғұндар қытай деректерінде
Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Моңғолияның
оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әртүрлі тайпалар
мекендеген. Қытай деректерінде «ғұн» (сюнну) атауы б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғында пайда болған. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған.
Қытай жылнамаларында айтылғандай, б.з.б. ІІІ ғасырда Қытайдың солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген ғұн тайпаларының бірлестігі құрылған.
Слайд 131. Ежелгі ғұндар қытай деректерінде
Қытай деректерінде ғұн мемлекетінің бастапқы
тарихы олардың Мөде деген басшысының болғандығы, көрші Дунху елімен жер
үшін соғысып, оларды талқандап, Хунну (ғұн) державасының құрылғандығы туралы баяндалады.
Белгілі шығыстанушы ғалым Л.Н.Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған дейді.
Ғұндар кезеңі б.з.б. ІІІ ғасыр мен б.з.-дың ІV ғасыры аралығын қамтиды.
Слайд 142. Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы
Б.з.б. 203 –
202 жылдары Мөде Саян, Алтай және Жоғарғы Енисей тайпаларын бағындырып,
өз мемлекетінің солтүстік шекарасын түбегейлі орнықтырды. Ғұндар б.з.б. ІІІ ғасырдың соңы мен б.з.б. ІІ ғасырдың басында Еуразия құрлығындағы бірден-бір ірі мемлекетке айналады.
Ғұн тайпалары құдіретті Мөденің кезінде бір мемлекетке біріккен, гүлденген. Халық саны 300 мыңнан асқан. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырды.
Слайд 152. Мөде шаньюй – Ғұн мемлекетінің негізін салушы
Ғұндар Қытайдың Хань
әулетінің негізін қалаушы Лю-Банды б.з.б. 188 жылы жеңіп, оларды өздеріне
бағынышты етті. Хань әулеті Мөде шаньюйдің билігін толық мойындады. Қытай императоры ғұндарға жыл сайын жібек маталар, мақта, күріш, әшекей заттар жіберіп, алым-салық төлеп отыруға және қытай ханшасын Мөде шаньюйге әйелдікке беруге мәжбүр болған.
Слайд 163. Ғұндардың мемлекеттік құрылысы
Ғұндар бірлестігіне әртүрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар
кірген.
Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, сол, орталық, оң
қанат болып үшке бөлінген.
Ғұндардың жоғарғы билеушісі «тәңірқұт» деп атаған. Оны қытай деректерінде «шаньюй» деп атаған. Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары «түменбасы» деп аталатын бекзадалар болған. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды осы бекзадалар биледі.
Слайд 173. Ғұндардың мемлекеттік құрылысы
Ғұндарда лауазымдар мен жоғарғы шен ұрпақтан ұрпаққа
ауысып отырды. Басқару аппаратын қаржыландыру үшін халыққа салық салынды. Ғұндардың
өзіндік құқық қорғау жүйесі болған.
Ер азаматтардың бәрі өз руының жасағына тіркеліп отырған. Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару-жарақ, жебелі сабақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.
Слайд 184. Ғұн тайпаларының бірігуі
Шығыста Мөде «шығыс ху» (Керулен мен
Онон алқаптарында мекендеген сяньби, ухуань) тайпаларын бағындырды.
Батыста юечжи тайпаларына жорықтар
жасады. Бұл кезде Байкал көлінен Тибет тауына, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықтағы жерлерді құдіретті Ғұн мемлекеті алып жатты. Б.з.б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды. Осылайша Ғұн мемлекеті құрамына дун-ху, юечжи, гянгунь (қырғыз), үйсін, қаңлы тағы басқа тайпалар кірді.
Слайд 194. Ғұн тайпаларының бірігуі
Мөде б.з.б. 174 жылы қайтыс болды.
Мөденің мұрагері Лаушан тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейді. Ғұндардың
жауынгерлік құдіретінен сескенген Цинь патшалығы өзінің шекарасын қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салды.
Б.з.б. І ғасырдың орта шеніне қарай империяға айналған Ғұн мемлекеті әлсірей түсті. Б.з.б. І ғасырдың ортасында Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді.
Слайд 20СИНКУЭЙН: 5 жол өлең құрастыру
Зат есім
Сын есім
Етістік
Сөйлем
Синоним
Слайд 21
САБАҚТЫ БЕКІТУ
Сөзжұмбақ тапсырмаларын орындау
Слайд 22БАҒАЛАУ
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы
Тест тапсырмаларын өз бетінше орындауы арқылы барлық оқушылардың
бағалануы
Слайд 23ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ
§42-43. Ғұндар (оқу)
Ғұндардың шекарасын дәптерге сызу (оқулық, 133-бет).
Слайд 24Рефлексия
Бүгінгі сабақта маған ең қызықты болғаны …
Мен … білдім
Мен енді
… білгім келеді
Маған … ұнаған жоқ
Маған … ұнады