Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Қола дәуіріндегі Қазақстан
/қайталау сабағы/
Слайд 2Мақсаты: "Қола дәуіріндегі Қазақстан" тарауы бойынша қайталау, алған білімдерін бекіту
және тексеру. Оқушылардың логикалық ой-өрісін, есте сақтау және шығармашылық қабілетін
дамыту. Еңбекқорлыққа, ынтымақа, жауапкершілікке, өз бетінше еңбек етуге, уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Слайд 3Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, ойын, сайыс сабақ
Сабақтың типі: білім мен
дағдыны тексеру, бағалау, қорытындылау сабағы
Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке, топтық, жұптық
Көрнекіліктер:
Техникалық құрал: Компьютер, интербелсенді тақта
Слайд 4Күлімдейді күніміз,
Жадырайды жүзіміз.
Тамашалап сабақты,
Көңілденіп жүріңіз!
Слайд 5Ойын ережелері:
Бір - бірінді тыңда;
Сөйлеу мәдениетін сақта;
Регламент сақта.
Слайд 6Біз дайынбыз бұл сабаққа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған
мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен
тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз!
І топ:
ІІ топ:
Слайд 7І кезең:
Біліміңді көрсет
ІІ кезең:
Кім жылдам?
ІІІ кезең:
Нені білдім?
/тест тапсырмасы/
Білім деген биік
шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер.
Слайд 8Адамзат тарихындағы ең алғашқы кезең?
Бір ғасырда қанша жыл бар?
Екі жағынан
өңделген қарапайым тас құрал?
Мұздық қашан ери бастады?
Жаңа тас ғасыры?
Синантроп қайдан
табылды?
Ең бірінші қолданылған металл?
Ежелгі егіншілердің жер жырту құралы?
Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі?
Андрондықтардың бет бейнесі?
І топ:
І кезең:
Біліміңді көрсет
Слайд 9ІІ топ:
І кезең:
Біліміңді көрсет
«Саналы адам» сүйегі алғашқы рет қай жерден
табылды?
Жүз жыл неше ғасырды құрайды?
Орта тас ғасыры?
Алғашқы адамның бастапқы кезеңдегі
топтасу жүйесі?
Мезолиттік баспана қай өзен маңынан табылған?
Солтүстік Қазақстандағы энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші?
Алғашқы еңбек бөлінісі?
Адамның тапқандары мен жасағандары?
Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы
Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті
Слайд 10ІІ кезең:
Кім жылдам?
Тарихи сөйлемді
аяқта
Слайд 11Б.з.б. 2 мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары.....
Қоладан жасалған бұйымдар тастан және
....
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері....
Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар...
Ғалымдар Солтүстік
және Батыс Қазақстаннан....
Беғазы-Дәндібай құмыралары әр түрлі өрнекпен безендірілген....
Қоланы құю қалыбы ретінде саз....
Арқайым қонысының тұрғындары да мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. Қоныс орнынан.....
Үй жанына мал қамайтын қора салған. Жануарлардың қаңқаларын зерттеген....
Қола дәуірінде қой, жылқы түліктерінің көбеюі үй маңындағы....
Слайд 12“Тұлғаны тану”
ІІ кезең:
Кім жылдам?
Слайд 13Көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды.
Жезқазғаннан
1 млн тоннадай
кен өндірілді
Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті
Слайд 14“Адасқан
әріптер”
ІІ кезең:
Кім жылдам?
Слайд 15рлифпеттерог
иямга
мтомизте
низмами
тишифезм
рбыздаа
риатхарпат
Слайд 16“Жас
тарихшылар”
ІІ кезең:
Кім жылдам?
Слайд 17І топ:
Андрон мәдениеті
ІІ топ:
Беғазы-Дәндібай
мәдениеті
Слайд 18Қазақстан жеріндегі қола
дәуірінің қоныстары
Слайд 19Қола дәуірі
б.з.б. 2800-900жж.
Андрон мәдениеті
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Өндіріске металл құралдардың енуі
Қола мыс пен
қалайының қосындысы.
Слайд 20Андрон мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған.
Бұларды Андрон мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Еуразиядағы ең
ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андрон мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроново қонысындағы Ачинск селосы маңынан табылған.
Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.
Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі — Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуіріне тән 30 қонысты, 150 обаны зерттеді.
Андрон мәдениеті:
1.Металл өңдеу игерілді. Кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді.
2.Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады.
3.Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.
Слайд 21Бегазы мәдениетіне жататын тарихи жәдігерлер ерте заманнан, дәлірек айтқанда, қола дәуірден жеткен мұралар болып
табылады. «Беғазы» деген атау сол жердегі Беғазы тауына, Беғазы өзеніне байланысты
қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» деп атайды. Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик оқымысты, тарихшы,этнограф Әлкей Марғұлан болды. Беғазы - Дәндібай қонысынан табылған заттар айғақтағандай, бұл обалар біздің заманымыздан бұрынғы ӀХ-ҮӀӀӀ ғасырларға, яғни қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын мәдениетті сипаттайды. Академик Әлкей Марғұланның анықтауынша, Беғазы - Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Атап айтқанда, билігі, діни сенімі, саяси әкімшілік орталығы, өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құру деңгейіне көтерілген тайпалардың болғандығы анықталды. Беғазы - Дәндібай мәдениетін қалыптастырған бұл тайпалар, ғалымдардың айтуынша, шығысында Абыралы, Шыңғыс тауларына, батысында Ұлытауға дейінгі аралықты мекендеген. Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген.
Слайд 23Кенді өндіру әдістері
Жұмсақ кен
Қатты, тығыз
кен
(қайламен омыру арқылы) (отпен уату арқылы) Үңгіп қазу арқылы
Кен өндіру орталықтары: Қазіргі Зыряновск, Жезқазған маңайында Қарқаралы, Ақшатау тауларында болған
Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталған жыл: 1946ж
Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым:
Ә.Х.Марғұлан
Слайд 24Адамдардың кәсібі
Мал шаруашылығы
1.Көшпелі
2.Жартылай көшпелі
Қолөнер
1.Металл өңдеу
2.Қыш ыдыстар жасау
3.Тоқыма
Теселі
егіншілік
Бидай, Еңбек
Арпа екті
құралдары,
қоладан,
мыстан
жасады
Тұрғын үйлері
1.Жертөлелер
2.Жартылай жер үйлер
3.Дөңгелек қанатты (киіз үйлер)
Ежелгі қаласы
Арқайым
Еңбек бөлінісі біртіндеп пайда болды
Слайд 29ІІІ кезең:
Нені білдім?
Тест
тапсырмасы
Слайд 301. Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы
А) Мыс пен темір
В) Қалайы
мен күміс
С) Алтын мен мыс
D) Күміс пен алтын
Е) Мыс пен
қалайы
2. Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндірілгенін айтқан белгілі ғалым.
А) Алпысбаев
В) Ақышев
С) Марғұлан
D) Төлеубаев
Е) Сатпаев
3. Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны
А) Қарқаралы, Ақшатау
В) Қаратау жоталары
С) Тарбағатай, Сауыр
D) Жезқазған, Ақшатау
Е) Нарым, Қалба
4. Қола дәуірінде кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстар
А) Астаулар
В) Шөміштер
С) Донна пештері
D) Қалыптар
Е) Қазандықтар
5. Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең
А) Полеолит дәуірі
В) Мезолит дәуірі
С) Неолит дәуірі
D) Темір дәуірі
Е) Қола дәуірі
Слайд 316. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі
А) Қазандар
В)
Саптыаяқтар
С) Шыны ыдыстар
D) Кеселер
Е) Көзе құмыралар
7. Еуразия даласындағы қола дәуірінің
мәдениеті
А) Беғазы
В) Дәндібай
С) Атасу
D) Қола
Е) Андронов
8. Қола дәуірінің ең алғашқы скерткіштері табылған жер.
А) Арқайым
В) Петровка
С) Беғазы
D) Боголюбов
Е) Андронов
9. Солтүстік және Батыс Қазақстандағы зерттелген Андрон мәдениетінің қоныстар саны
А) 35-тен аса
В) 50-ден аса
С) 18-ден аса
D) 100-ден аса
Е) 80-нен аса
10. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар
А) Андронов, Беғазы
В) Дәндібай, Атасу
С) Арқайым, Атасу
D) Петровка, Қызылжар
Е) Петровка, Боголюбов
Слайд 3211. Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ
А)
Оңтүстік Қазақстан
В) Солтүстік Қазақстан
С) Шығыс Қазақстан
D) Батыс Қазақстан
Е) Орталық Қазақстан
12.
Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым.
А) Ақышев
В) Массон
С) Герасимов
D) Алпысбаев
Е) Алексеев
13. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастаған дәуір
А) Неолит
В) Энеолит
С) Темір
D) Палеолит
Е) Қола
14. Теселі егіншілік ең алғаш дамыған кезең
А) Неолит
В) Энеолит
С) Темір дәуірі
D) Палеолит
Е) Қола дәуірі
15.Жерленген Андроновтықтардың басы қаратылды
А) Шығысқа, Оңтүстікке
В) Солтүстікке, Батысқа
С) Солтүстікке, Шығысқа
D) Батысқа, Солтүстікке
Е) Батысқа, Оңтүстікке
Слайд 3316. Андроновтықтардың тасқа салынған суреттері табылған жерлер
А) Тарбағатай, Қалба, Нарын
В)
Қаратау жоталары
С) Атасу, Беғазы, Дәндібай
D) Алтай, Нарын, Зриян
Е) Таңбалы, Жасыбай,
Хантау
17. Андроновтықтардың сүт өнімдері мен етті сақтау тәсілі
А) Жердің бетінде салынған тұрақтарда
В) Тыстағы ұраларда
С) Ет пен сүтті кептіріп сақтаған
D) Арнайы қыш құмыраларда
Е) Жер еден астындағы шұңқырда
18. Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті
А) Андронов
В) Беғазы-Атасу
С) Орталық Қазақстан
D) Дәндібай-Қарасу
Е) Беғазы-Дәндібай
19. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің хронологиялық ауқымы
А) б.з.б. 20-18 ғасырлар
В) б.з.б. 18-16 ғасырлар
С) б.з.б. 16-14 ғасырлар
D) б.з.б. 14-12 ғасырлар
Е) б.з.б. 12-8 ғасырлар
20. Тебінді жайылымға байланысты саны артқан мал.
А) Сиыр
В) Түйе, ешкі
С) Сиыр, жылқы
D) Жылқы, түйе
Е) Жылқы, қой
Слайд 3421. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталған жыл
А) 1926
В)
1931
С) 1938
D) 1954
Е) 1946
22. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі
зерттеуді бастаған ғалым
А) Массон
В) Ақышев
С) Алпысбаев
D) Гумилев
Е) Марғұлан
23. Қола дәуірі қоныстарының көбінесе орналасқан жері
А)Тау аңғарларында
В) Орман арасында
С) Жазық далалы аймақтарда
D) Кез-келген жерде
Е) Өзендердің жағасында
24. Көкшетау жеріндегі қола шалғы табылған қоныс
А) Алексеевка
В) Степняк
С) Атасу
D) Беғазы
Е) Шағалалы
25. Қола дәуірі қауымы ішінде әлеуметтік теңсіздікті тудырған
А) Терімшіліктің дамуы
В) Егіншіліктің паида болуы
С) Рудың қалыптасуы
D) Малды қолға үирету
Е) Мал-мүлік теңсіздігінің шығуы
Слайд 3526. Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі
А) Палеолит
В) Мезолит
С) Неолит
D) Темір
дәуірі
Е) Қола дәуірі
27. Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары
А) Молдалар
В)
Қарилар
С) Ақсақалдар
D) Тайпа көсемдері
Е) Абыздар
28. Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері
А) Ел басқару
В) Әскери істерді қадағалау
С) Ру арасындағы алауыздықтарға жол бермеу
D) Жер бөлу ісімен айналысу
Е) Салт-дәстүрлердің орындалуын қадағалау
29. Андроновтықтардың мойынға таққан тұмаршалары
А) Асыл тастар
В) Алтын әшекей
С) Мал сүйегі
D) Қола салпыншақтар
Е) Жыртқыш аңдардың азу тісі
30. Жеке меншік қалыптасқан дәуір
А) Соңғы полеолитте
В) Мезолитте
С) Неолитте
D) Энеолитте
Е) Қолада
Слайд 36Тарихты оқы, зертте, ерінбе!
25-30 балл – “5”
18-24 балл – “4”
5-17
балл – “3”
0-4 балл – “2”
Слайд 37Сабақ аяқталды,
жарайсыңдар!
Үй тапсырмасы: §8-10 қайталау,
тест
құру, жұмыс дәптерін толтыру.