Слайд 2Білімділік мақсаты
Ежелгі Египетте шағын мемлекеттердің пайда болғанын баяндап жеткізу, билік
шекарасы, мемлекет туралы ұғымдарды дамыту; III Тутмос тұсында Египет әскерлері
зор жеңіске жетіп, бұл баскыншылық жорықтар Египеттің Азияға ықпалын, беделін күшейткенін баяндау; Египетте ең жоғарғы дәрежеде дамыған ғылыми-білімдердің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; Ежелгі Египет өнері- архитектурасы, мүсіндері және көркем әдебиеті өзіндік көркемдік дәрежесінің жоғарылығымен бағалы екенінғ адамзат тарихындағы тұңғыш мүсіндер Египетте жасалғанын баяндау
Слайд 4
Кіріспе
1-сабақ
Модульге кіру. Жоспармен таныстыру.
«Ежелгі Египет» атты тақырып бойынша дәріс тезистері
Египетте
мемлекеттің пайда болуы
А) Ніл алқабының табиғат жағдайлары
Ә)Нілдің тасуы.
Б) Алғашқы мемлекеттер.
2.2.
Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы.
А) Мүліктік және әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы.
Ә) Шаруалардың жағдайы.
Б) Қолөнершілердің еңбегі мен халі
В) тас қалаушылар мен тау-кен жұмысшыларының еңбегі
2.3. Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты.
А) перғауындар
Ә) Шонжарлар
Б) Көрші елдерге тонаушылық және баскыншылық жорықтар
2.4. Египеттегі ғылыми білім негіздері.
А) Египеттегі жазудың шығуы
Ә) папирус
Б) Математикалық білімдер
В) Медицина
3. Тірек нәтижелерін, деректемелерді түсіндіру.
А) Тірек сызбасын түсіндіру
Ә) картамен жұмыс
Слайд 5Сөйлесу бөлімі
2-сабақ
«Білім биржасы» ойыны ( топ бойынша жұмыс)
Сынып оқушылары екі
топқа бөлінеді. 1 – Оңтүстік Египет, 2- Солтүстік Египет.
Тақтаға әр
түрлі деңгейдегі тапсырмалар ілінеді. Топ мүшелері кезекпен шығып, берілген тапсырмаларға жауап беру арқылы акция жинайды. 1-деңгейлік тапсырмаға қызыл акция, 2- деңгейлік тапсырмаға көк акция, 3 деңгейлік тапсырмаға жасыл акция беріледі.
Қызыл акция- 20 ұпай
Көк акция -10 ұпай
Жасыл акция-5 ұпай
Сабақ соңында әр топтың жинаған акциясы, яғни ұпайлары есептеліп, жеңіске жеткен топ және ойын барысында құнды акциялар жинап, өз тобына көмектескен оқушылар марапатталады.
Слайд 61-деңгейлік тапсырма ( қызыл акция) сұрақтары:
Ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылар
қалай пайда болды?
Египеттіктер қандай тастарды қазып алған?
Ежелгі Египетте мүліктік және
әлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне не әсер етті?
Оңтүстік және солтүстік Египеттің патшалары бастарына қандай тәж киді?
Ежелгі Египеттегі қолөнершілер өзінің қолынан жасап шығарған затына қарай бөлінген . Оларды ата.
2-деңгейлік тапсырма ( көк акция) сұрақтары:
Египеттіктер үшін Ніл тасқынының қандай маңызы болды?
Египет шаруалары үшін ең ауыр міндеткерліктің бірі не болды?
Ніл өзеніңің ұзындығы қанша км?
Ағаш ұстасының жағдайы неліктен ауыр болған?
Египет Африканың қай бөлігіне орналасқан?
3-деңгейлік тапсырма ( жасыл акция) сұрақтары:
Ежелгі Египеттіктер қандай түсті жақсы көрген?
Египет шаруалары не нәрсе еккен?
Египет мемлекетінің алғашқы астанасы?
Құлдар қандай жұмыстар атқарған?
Египеттің негізгі байлығы не болды?
Слайд 73-сабақ
«Тарих дөңгелегі» ойыны ( топпен жұмыс)
Шарты: Сынып оқушылары 3 топқа
бөлінеді. Әр партаға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар қойылады. Топ мүшелері
берілген уақыт ішінде парталардың тапсырмаларын айнала жүріп орындап шығуға тиіс.
Слайд 81-партаның тапсырмалары:
Перғауын ұғымын түсіндіріңдер.
Перғауындардың шексіз билік жүргізетініне мысал келтіріңдер?
Египетте шонжарлар
тобына кімдер жатты. Олардың қызметіне сипаттама беріңдер.
2-партаның тапсырмалары:
Египет перғауындары қандай
көрші елдерді жаулаған?
Ежелгі Египетте күшті әскери тәртіп қалай орнады?
III Тутмос перғауынның жорықтары жайлы не білесіңдер?
3-партаның тапсырмалары:
Перғауындар жаулаған елдерін қалай тонады?
Ежелгі Египеттегі қарапайым отбасының тұрмыс жағдайы?
Ежелгі Египет шонжарларының тұрмыс жағдайы?
Слайд 9
«Бас қатырғыштар базары» ойыны ( топпен жұмыс)
Шарты: Оқушылар үйде сөзжұмбақтар,
сөзтізбелер, тарихи домино, хронологиялық лото, викториналар, құпиясөздер және т.с.с құрастырады
да, сабақта оларды шешеді. Жеке де ұжыммен де жұмыс істеуге болады. Оқушыларға оқулықты, картаны, көмекші және құжаттық материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізуші ең белсенді, тапқырларды анықтайды. Үйде жұмыс істеген оқушыларды да, сабаққа белсене қатысқандарды да атап өтеді.
Слайд 10Тарихи домино
“Археологтар” тобы
“Этнографтар”
тобы
Египетте
дәрігерлер
медициналық
жасаған
қоладан
операцияға
құралдар
пайдаланды
Египеттіктер
әлемі
аспан
негізінде
білімдері
жөнінде
жасаған
күнтізбе
Слайд 11Сөзжұмбақ шешу
1. Египетте пирамида салу саласында жетілген, жақсы дамыған
ғылым саласы?
2. Египеттің таңба жазулары қалай аталды?
3. Египетте пайда болған
әлемнің жеті кереметінің бірі?
4.Египетте қағаз орнына пайдаланған материал?
5. Египет билеушісінің титулы?
6. Аспан әлемін зерттеу нәтижесінде дамыған ғылым саласы?
Слайд 12Сөзжұмбақ жауаптары
М
Е
Т
Р
О
Е
Г
И
Я
И
Е
Р
О
Г
Л
И
Ф
И
Р
А
М
П
И
Д
А
А
П
П
И
Р
У
С
П
Е
Р
Ғ
А
У
Ы
Н
Т
С
Р
А
О
Н
О
М
И
Я
Слайд 13“Археологтар” тобы
“Этнографтар” тобы
Слайд 14Тарихи диктант
Египет перғауындарының әулетінен бастап жаулап алу жорықтары
жасалған.
Жаулап алу соғыстары, әсіресе тұсында кең көлемде
жүргізілген.
жылдар шамасында
перғауын өз әскерлерімен Алдыңғы Азияға аттанды. Жаулау жорықтары нәтижесінде
патшалары Египетке алым төлеп отырды.
Слайд 15Ойлан, тап!
“Археологтар” тобы “Этнографтар” тобы
1. СМЕМИФ
1. МНЕСЕ
2. РПЕНАУЫҒ 2. УПИПАСР
3. КІМӘ 3. ШАҒЖЫЗ
Слайд 16Ойлан, тап!
“Археологтар” тобы “Этнографтар” тобы
1. МЕМФИС
1. МЕНЕС
2. ПЕРҒАУЫН 2. ПАПИРУС
3. ӘКІМ 3. ЖАЗҒЫШ
Слайд 17
Қорытынды.
5-сабақ.
Ежелгі Египет таұырыбы бойынша алған білім білік дағдыларын бақылау, тексеру
және сабақты қорытындылау негізінде тест жұмысын алу, сынақ қабылдау.
Тест тапсырмалары.
Египеттің
негізгі табиғи байлығы.
А) тас Б) алтын С) гранит
2. Египеттегі ең алғаш біріктіруші патша.
А) Тутмос Б) Менес С) Рамзес
3. Египеттің патшалары қалай аталады?
А) Шонжарлар Б) Әкімдер С) Перғауындар
4. Египет шаруалары үшін ең ауыр міндеткерліктің бірі
А) Егін егу Б) Перғауын әскерінде қызмет ету С) салық төлеу
5. Перғауын өлгеннен кейін оның патшалық тағына кімдер отырған?
А) Ұлы мен туысы Б) Әкімдер С) Шонжарлар
6. Құл иеленушілердің өмірі мен дүние- мүлкіне қастандық жасағандарды аяусыз жазалап отырушылар
А) Әкімдер Б) Жазғыштар С) Қазылар
7. Шонжарлардың малдарын, егінін, үйлерін күзеткен кімдер?
А) сақшылар мен шабармандар Б) құлдар С) шаруалар
8. Ірі жаулаушылық жорықтар қай перғауын кезінде кең көлемде жүргізілді.
А) Жосер Б) III Тутмос С) Хеопс
9. Ежелгі Египетте жазу үшін не пайдаланған?
А) қауырсын Б) қағаз С) папирус
10.Египетте аспанда бақылап, нақты күнтізбе жасап, Ніл өзенінің қай күні таситынын алдын-ала айтып отыратын кімдер болған?
А) Перғауындар Б) Абыздар С) Жазғыштар
11. Египеттіктер аспан әлемі жөніндегі білімдері негізінде тұңғыш рет не жасаған?
А) Күнтізбе Б) Карта С) Кітап
12. Ежелгі Египет мектептерінде оқитын балалар.
А) Қыз балалар Б) Ұл балалар С) Аралас оқитын
13.Египеттіктері қай құдайды ең басты, ең ұүдіретті құдай деп есептеген?
А) Хапи Б) Тот С) Амон-Ра
14. Ең бірінші пирамида қай перғауынға арналып салынған?
А) Жосер Б) Хеопс С) Хефран
15. Египеттегі арыстан бейнесіндегі алып мүсін қалай аталады?
А) Алып ескерткіш Б) Сфинкс С) Құдіретті құдай