Слайд 1Тарих сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Слайд 2Мақсатым:
Тарих сабағында ойын технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын,
жауапкершілігін, сүйіспеншілігін арттыру.
Слайд 3Міндеттерім:
-тарих сабақтарында ойын элементтерімен танысу;
-тарих бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін
енгізетін тақырыптарды анықтау;
-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына
жағдай туғызу;
Слайд 4Егер тарих сабағында
- ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
- уақытты
тиімді пайдаланса;
- тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,
онда
оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады
Слайд 5
Педагогикалық процесте оқушының мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:
1.
Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту
2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық
3. Репродуктивті,
продуктивті , шығармашылық
4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету және т.б
Слайд 6Оқыту ойыны-
Бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады
(үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу
формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.
Слайд 7Бақылау ойыны-
бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде
дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді,
пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.
Слайд 8
Ойын технологиясының оқытудың сатылары:
1. Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау,
алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу
2. Баяндалған дайын
обектіні құрастыру: топтардағы рөлдік қатынас, форматтық баяндалған объектіні оқып білу
3. Топ жобаларын бағалау:ұсынылған жобаларды талқыға салу
4. Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру: ойыншы әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау.
Слайд 9Дидактикалық ойындар
-тарихи эстафеталар,
-викториналар,
-кроссвордтар,
- ребустар,
-жұмбақтар.
Слайд 10
Сонымен тарих сабағындағы ойынның ерекше екендігіне көз жеткізе отырып, мынандай
қорытындыға келдім:
1. Тарих сабағындағы ойын технологиясының пайдасы қазіргі кездегі тарихты
терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
2. Қызықты тапсырмалар білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады.
3. Оқушылардың ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады
4. Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады.
5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.