Слайд 1Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Абай Құнанбаев жайлы мәлімет сұрау.
3. Бүркітші
кім? Құсбегі кім? Атбегі кім?
Қансонарда бүркітші шығады аңға.mp4
4. “Қансонарда бүркітші
шығады аңға” өлеңін дауыстап, мәнерлеп оқу.
5. Жиырма тоғызыншы беттегі сұрақтарға жауап беру.
6. Сөздік диктанты ( түсініксіз сөздердің мағыналарын дәптерге жазып алу).
7. Өлеңді талдау ( көркем тіл түрлерін анықтау)
Слайд 2 Сабақтың тақырыбы:
Абай Құнанбаев “Қансонарда бүркітші шығады аңға”
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар
назарын өлеңдегі көркемдігіш құралдарына өлеңнің тіліне, мазмұнына аударту ақынның сөз
байлығын зерделеу
Слайд 34. “Қансонарда бүркітші шығады аңға” өлеңін дауыстап, мәнерлеп оқу.
5. Жиырма
тоғызыншы беттегі сұрақтарға жауап беру.
6. Сөздік диктанты ( түсініксіз сөздердің
мағыналарын дәптерге жазып алу).
7. Өлеңді талдау ( көркем тіл түрлерін анықтау)
Слайд 4Метафора ( грек. көшіру) – ауыстыру, суреттеліп отырған затты не
құбылысты өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау. Мысалы: шатыры
– аспан, ашу деген – ағын су, ақыл деген – дария, әкең – асқар тау, шешең – аққан бұлақ.
Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі
О дағы осал жау емес, қыран паңға. ( бұл жерде: түлкі тісін қайрап, айбат шегеді);
Слайд 5Сегіз найза қолында көз аудармай, ( бүркіттің тырнақтары)
Батыр да аял
қылмайды ертең таңға.
Слайд 6Эпитет (айқындау) – заттың , құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын
суретті сөз.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы
ықшам киім аңшы адамға...
Слайд 7... Қыран құс көзі көріп самғағанда...
Слайд 8
... Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,
Ол да талас
қылады шыбын жанға.
Слайд 9Теңеу – белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, салыстыра суреттеу. Теңеу
– “дай”, “ша” жұрнақтарымен, “секілді, тәрізді, бейне, тең” деген сөздер
тіркесімен жасалады. Мысалы: торғайдай бүгу, бәйге атындай шұлғу, хайуандарша құмарланып, жас балаша қуанып, бейне арыстан.
Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады,
Жеке батыр шыққандай қан майданға.
Слайд 10Таудан жиде тергендей ала берсең,
Бір жасайсың құмарың ір қанғанда.
Жиде –
ыстық жерде өсетін, жіңішке жапырақты биік жеміс ағашы және соның
жемісі.
Слайд 11Антитеза ( шендестіру) – екі зат не екі құбылысты шендестіру
арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады.
“Қар
– аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.” Қаса – бұл жерде: айрықша сұлу
Слайд 12Гипербола ( әсірелеу) – өмірде кездесетін әр түрлі құбылыстарды немесе
белгілі бір нәрсені шамадан тыс асырып айту тәсілі.
“Үйірімен үш тоғыз”
деп жымыңдап...
Бұл жерде мәтел ретінде айтылған. Бүркіт өстіп ылғи ала бергей еді, олжалы бола берейік деген мағынада.