Академик Е.А.Букетов атындағы №52 ЖББОМ
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Киіз үйдің ішкі көрінісі»
Өткізген қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Абдрахманова А.Р.
Қарағанды – 2015ж.
Презентация на тему Презентация на тему Ашы? саба?.? Та?ырыбы "Киіз ?йді? ішкі к?рінісі" из раздела Литература. Доклад-презентацию можно скачать по ссылке внизу страницы. Эта презентация для класса содержит 29 слайдов. Для просмотра воспользуйтесь удобным проигрывателем, если материал оказался полезным для Вас - поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте наш сайт презентаций TheSlide.ru в закладки!
Академик Е.А.Букетов атындағы №52 ЖББОМ
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Киіз үйдің ішкі көрінісі»
Өткізген қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Абдрахманова А.Р.
Қарағанды – 2015ж.
Сабақтың мақсаты:
Дәстүрлі мәдениетімізді насихаттау, балалардың туған тіліне, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қазақ халқының ежелгі баспанасы,оның ішкі көрінісі туралы түсінік беру,мәтін арқылы сөздік қорын молайту;
Дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу дағдыларын қалаптастыру;
Білуге құштарлығын ояту, ұлттық мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың эпиграфы:
Жақсы да болса - өз үйім, жаман да болса - өз үйім, кең сарайдай боз үйім.
Үй іші мен сыртқы әлемді жалғастыратын қасиетті шекара – ақ босаға. Сіздің босағадан қалай аттауыңызды үй иесіне деген көңіліңіз аңғартылады. Егер сіз босағаны оң аяқпен аттап, басыңызды ие енсеңіз – бұл сіздің үй иесіне көрсеткен үлкен құрметіңіз.
Үйдің ортасында ошақ, ошақта қазан тұрады. Бұл – киелі орын. Қазақтың “отбасы”, ”отағасы” атаулары да осыдан шыққан. От жанған жерде тіршілік, тірлік бар.
Киіз үйдің қонақ отыратын жері – төр ең құрметті орын болып саналады. Қонақтың өз ырысы бар деп түсінген қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақтың кеңдігі мен қонақжайлылығының белгісі қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген.
Ер адам жағында босаға қарай қару–жарақ, ат әбзелдері ілінген. Ерлер жағы аталатын оң жақ киіз үйдің едәуір қасиетті бөлігіне саналып, өмір жолының маңызды кезеңдерін белгілейтін әдет –ғұрыптар кезінде, атап айтқанда, оң жаққа келін түсіру немесе мәйітті оң жаққа салу сияқты мәнге ие екен.
Дәстүр бойынша үйдің сол жағы әйелдерге арналады. Есікке таяу асадал мен кебеже қойылып, олардың тұсына қоржын, дорба, аяққап, кесеқап ілінеді. Сондай-ақ, сол қанатта ағаш төсек тұрады.
АҚ БОСАҒА.
ОТБАСЫ – ОШАҚ ҚАСЫ.
ТӨР.
Ерлер жақ. (оң жақ)
ӘЙЕЛДЕР ЖАҚ. (сол жақ)
Жаңа сөздер :
Ішкі көрініс – внутренний вид
Таңғалу – удивляться
Өрнектелген,оюланған – украшен орнаментами,узорами
Ағаштан жасалған бұйымдар - изделия из дерева
Киізден жасалған бұйымдар -изделия из кошмы
Матадан,жүннен жасалған бұйымдар –изделия из ткани, шерсти
Түскиіз – тоқылған, жүннен басылған немесе матадан кестеленген керегеге ілінетін кілемше.
Киіз үйдің ішкі көрінісі.
Екі жолаушы келе жатып, даладағы жалғыз үйді көрді. Жолаушылар иесі болмаса да, демалмақшы болып, үйге кіреді. Киіз үйдің ішкі көрінісің көріп таңғалады. Киіз үйдің ішкі көрінісің тамашалап тұрған екі жолаушы шаршағанын ұмытты.
Төрде тұрған сандық бірден көзге түседі. Сыртқы темірмен қапталған, оның үстіне ою түскен. Төсекағашта жинаулы тұрған көрпе-төсектер түрлі түсті, ою-өрнекті. Керегеге ілінген түскиіз де бар. Жерге жайылған алаша ерекше сән беріп тұр. Алашада қызыл, жасыл гүл өрнектелген.
Ыдыс-аяқ қоятын асадал жәшік ағаштан жасалған. Оның үстіндегі ыдыс-аяқтар да таза, ретімен жиналған. Керегеде оюланған аяққап ілулі тұр.
Шағын мұражай ішіне саяхат.
1. 6 Қатені табу.
Грамматикалық тапсырма.
2. Синквейн әдісі.
- 1 зат есім
- 2 сын есім
- 3 етістік (есімше)
4 сөзден тұратын сөйлем
1 сөзден тұратын түйінді.
3. Көнерген сөздерге орыс тіліндегі баламасын табу.
Мысалы: асадал-шкаф...
Шағын мұражай ішіне саяхат.
Тестілеу.
1) Шаңырық қандай мағына білдіреді ?
А) үй, отбасы Б) салт-дәстүр
Ә) кереге, уық В) түскиіз
2) Киіз үй ЮНЕСКО тізіміне рухани, мәдени, тарихи мұра ретінде бар ма ?
А) иә Б) ұсынылды
Ә) жоқ В) білмеймін
3) Киіз үйдің іші нешеге бөлінеді ?
А) 3 Б) 4
Ә) 2 В) 6
4) Темірмен қапталған үй жиһазы ?
А) сандық Б) жүкаяқ
Ә) әбдіре В) абажа
5) Жүк астына қоятын жиһаз ?
А) киіз Б) үстел
Ә) торсық В) жүкаяқ
6) Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөлік ?
А) сықырлауық Б) уық
Ә) білезік В) алаша
7) Қазақ тыйымдары ?
А) есікті теппе, босағада тұрма,
Ә) Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш,
Б) Төр - үй ішіндегі ең құрметті орын,
В) Шаңырағың кең болсын !
8) Түскиіз ?
А) – жерге төсейтін төсеніш.
Ә) – әбдіре жабатын мата.
Б) – аппликациялық, кестеленген қабырға кілемі.
В) - киіз үйдің қаңқасы.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть