Слайд 1
Баяндаманың тақырыбы:
“Диалогтік оқытудың
тиімділігі”
Әбілбекова Г.Х. № 81 ЖББОМ
Слайд 2 Ұрпаққа саналы білім мен тәрбие беруде және
заман талабына сай оқытуда басқарушы, көшбасшы
бола
білетін адам ол - ұстаз. Бала бойындағы ерекше
қасиеттерді ашу, сыни тұрғыда ойлана отырып, терең
де мағыналы білім берумен қатар ақпараттық -
коммуникациялық технологияны толық меңгертуде
және оқушылардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынас
арқылы немесе өзара әрекет арқылы оқытудың сара
жолын жасаушы да мұғалім болып табылады.
Слайд 4 Қазіргі заман талабына сай оқыту,
білім беруді
жаңашаландыру, оқу - тәрбие үдерісін даралау,
демократияландыру, жаңа тақырыпты оқушылар
өздері меңгере алатындай етіп билік беру, ізгілендіру,
түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстаным-
дары арқылы жүзеге асырылады.
Тілді үйретудегі мақсатым –орыс тілді оқушылар-
дың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, халқымыздың
салт - дәстүрін меңгерту, білім деңгейін тереңдету.
Бұл мақсатқа жету үшін мұғалімнің ізденісі, білікті-
лігі, шеберлігі қажет.
і
Слайд 6 Оқушылар жұпта, топта диалог жүргізумен қатар
бір-біріне түсіндіру, талқылау, баға қою арқылы
жұмыс жасайды.
Слайд 7 Оқушылар –диалог арқылы жүргізуші, бірін-бірі
үйретуші,
ал ұстаз –сол білімді реттеуші, бағыт-
бағдар беруші.
Слайд 8 Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі
өте зор. Өз іс-тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданамын.
Сабақтың басында оқушыларға психологиялық дайындық жүргізіп аламын. Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың қызы-
ғушылығы, белсенділігі артады. Сабақта берілген тапсырманы орындау барысында әркім өз идеяларын ортаға тастап, өзара рөлдерге бөліне отырып, берілген уақытты тиімді пайдалануға тырысады. Мұндай
топтық жұмыстарда жақсы оқитын оқушымен бірге, орташа оқитын
оқушының өзі қалыспайды.
Слайд 9топтық жұмыстарда жақсы оқитын оқушымен бірге, орташа оқитын оқушының өзі
қалыспауға тырысады. Сабақтың барысында өткен тақырыппен жаңа тақырыпты ұштастыру, салыстыру
мақсатымен Венн диаграммасын, мәтінді оқыған кезде инсерт (түртіп алу) тағы басқа сын тұрғысынан ойлау технологиясы- ның стратегияларын қолданамын.
“Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат”,- деп К.Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, әр сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауқ қ
Слайд 10 Білім сапасы оқушының
білімге деген
құштарлығы мен қызығушылығына тікелей
байланысты.
Слайд 11 Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет
әдістерін
қолданудың нәтижеcін осыдан көруге
болады.
үйде де жалғасын тауып
отырады.
Слайд 13 Диалогтарды келесі сабақта тағы бір рет
тыңдау
арқылы диалогтың мазмұнын және кейбір
сөйлемдердің дұрыс айтылуын еске түсіру қажет
деп есептеймін.
Слайд 14 Диалогтар әртүрлі тақырыптарда болады.
Слайд 17 Оқушылар сыныптастары және мұғалімдерімен
диалог жүргізген жағдайда ғана білім алуы
табыстырақ болады.
Слайд 18 Оқушының білім алуын
қолдау үшін сұрақ қоюдың
түрткі болу,
сынақтан өткізу
және қайта бағыттау сияқты
түрлері оқушыларды сындар-
лы сөйлеуге
ынталандырады,
шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтауға, сыни тұрғыдан ойлауға, әңгі-
мелесу мен ой елегінен өткізу
көмегімен ойын жинақтауға
көмек береді.
Слайд 19Мұнда оқушылар берілген
тілдік бірліктердің үлгілерін
пайдалана отырып, өз пікір-
лерін
айту, мәтін құра білу,
хабарлау, баяндау, суреттеу,
диалог, монолог құра
білуге
үйренеді. Өз ойын айта алуға
дағдыланады, ақыл-ойы мен
шығармашылық қабілеттері
дамиды, оқу мақсатында нә-
тижеге жетуге бағдар ұстауға үйренеді.
Слайд 20 Сабақ барысында сергіту сәтіне де уақыт бөлінеді.
Слайд 21 Диалогтік оқытуды пайдалана отырып,
оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтас-
тықты қалыптастырдым. Оқушыларым
өздерінің ой – пікірлерін еркін айтып, ой түюге дағдыланды. Мұғалімнің көмегінсіз өз беттерімен білім алды. Маңызды мәселелер-
ді шешуде оқушылар бір – бірімен пікірлесе отырып, ортақ тұжырым жасайды. Өз іс-тәжірибемде коммуника- тивтік құзыреттілігі қалыптасқан оқушы екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткізіп жүрмін.
Слайд 23
Топтар өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтік
оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып, түсіндірмелер жүргізілді. Мұғалімнің түсіндірмесіне
қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтік оқыту қызықты болады, себебі оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды. Топтық тапсырма-
лар орындауда оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды орындап қана қоймай, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтік қарым-қатынас жасайды.
Слайд 24 Сабақтарымда жұпқа берілген тапсырмаларында да диалогтік оқыту
көрініс тапты, себебі әрбір жұптағы оқушы сұраққа қалай жауап беру
керектігін сыныптасы- мен ақылдасып, парақты толтырып отырады. Құнды сұрақтар қойып, қасындағы сыныптастарынан, басқа оқушылардан жауап алып жатқандығын көріп, топ ішінде тұлға аралық байланыс орнаумен қатар, диалогтік оқыту жүзеге асырылып жатқанын көрдім. Әрбір оқушының бойында белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік
сияқты қабілеттер көрініп, оқушылар бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынас жасады.
Слайд 25 Барлық сабақтарымда диалогтік оқыту көрініс тауып жатыр. Алдағы
уақытта оқушыларды ашық сұрақтар, құнды пікірлер, идеялар айтуға дағдыландырып, болашақта
қиналмауына себепші боламын. Диалогтік оқытуды ұйымдастыру прoблeмaлық , aқпaрaттық жәнe түсiндiрмeлi , иллюстрaтивтi мaзмұндa жәнe шығaрмa-
шылық тaпсырмaлaрмeн кeлeтiнiн бiлдiм . Мұндa шығармашылық нeгiзгe құрылғaн тaпсырмa бiрнeшe шaғын тaпcырмaлaрғa бөлiндi. Жұмыcтың бұл түрi бaрлық oқyшылaрдың бeлсeндiлiкпен ic-әрeкeттe бoлуынa
жaғдaй тyғызды .
Слайд 26 Әңгімелесудің маңыздылығын, оның білім алуда ажырамас бөлігі екенін зерттеу
барысында дәлелдеді. Диалогтік оқыту оқушының тек қана бірлескен әрекетке тартылуына
ғана емес, оқушының ойлау қабілетінің жоғары деңгейге өсуіне, тіл байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезде топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасай- ды.Сыныпта талқылауға қатысуға оқушының бәсекеге қабілетін арттырады, өз дәлелін қорғап, мәселеге сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әртүрлі әдіс арқылы жүзеге асады, мысалы : сұрақ – жауап, рөлдік, тапсырманы орында- дату , жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу.
Слайд 27 Топтық жұмыс оқушылардың өздерін
сенімділікке тәрбиелейді , өзін -
өзі
ортада ұстай білуге , сөйлеу қабілеті
дағдыларын қалыптастырады .
Бірін
– бірі тыңдауға , сыни ойлауға ,
өзінің пікірін айтуға құқығының бар
екендігін сезінеді , пікірлердің сан
алуан болатындығын жақсырақ
түсінуге үйренеді . Өздерінің
идеяларымен шағын топтарда
өзінің құрдастарымен бөлісе алады.
Слайд 28
Сабақтың соңында оқушылар осы
сабақтан нені үйрендім, нені үйрен-
гім
келеді деген өз пікірлерін жаз-
ып, смайликтерді өздері қалаған
нұсқаға жабыстырады немесе
шең-
берге тұрып: ақ, сары, қара, қызыл,
жасыл, көк қалпақтардың ішінен
қалаған бір түсті таңдап алады.
Слайд 29 Ақ қалпақ- эмоциясыз, таза, дұрыс ойлау. Қажетті
ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.
Сары қалпақ- айқындылық
пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Позитивті ойлау. Болащаққа деген үмітті көзқарас.
Қара қалпақ- қарама-қайшылықты білдіреді. Ненің қиын, түсініксіз, меселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.
Қызыл қалпақ- сезімталдық қалпағы. Болжамды, ішкі түйсікті білдіреді. Өзінің өзгеріс көңіл-күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланысты- рады.
Көк қалпақ- ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Бұл философиялық пысықтау қалпағы. Бұны таңдаған топ жинаған материалды пысықтайды, қорытады, соңғы сөзді айтады.
Жасыл қалпақ- шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: “Жаңа жағдайда факт, әдістерді қалай қолдануға болады?”, “Өзгеше болу үшін не істеу керек?” қою арқылы жаңа жетістіктерді қолдануға мүмкіндік береді.
Слайд 30 Қорыта айтқанда, оқушылардың
білетіндігін және білмейтіндігін
анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық,
тілдік дағдылар және түсіністікпен
қарау талап
етіледі. Мұғалімдер
қолданысындағы оқушылар
қысқа жауап беретін сұрақтармен
салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу
мұғалімдерді де, оқушыларды да білім
алуға қомақты үлес қосатын өзара
іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді
түрі болатынына көзім жетті.
Слайд 31
Мұғалім сабақ үдерісінде «мінсіз
оқушы» қалыптастырғысы келсе,
ең алдымен өзінің де жоғары
деңгейде сыни
ойлау қабілеттерін
дамыту керек. Сонда ғана «мінсіз
оқушының» бейнесін көре
аламыз.