Слайд 1• Шортанбай жырларының көркемдік ерекшеліктері
Слайд 2Тақырып жоспары:
Шортанбай шығармаларының құрылысы
Өлең-жырлардың көркемдік ерекшеліктері
Ақын мұрасының әдебиет
тарихынан алатын орны
Слайд 3Шығармаларының маңызы
• Шортанбай шығармалары ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің
көркемдік-эстетикалық деңгейін көрсете алатын биікте тұр.
• Ақын
өлеңге қойылатын талапты терең сезінген, оның шарттарын саналы түрде сақтаған.
• Ол – кәсіби ақындыққа, жазба әдебиетке мейлінше жақын тұрған ақын.
• Шортанбай өз өлеңдерінің көркемдігіне, тілі мен мазмұнының бір-бірімен байланыстылығына үлкен жауапкершілікпен қарап, ақындық шеберлік тізгінін мығым ұстай білген.
Слайд 4Теориялық түсінік
• Архитектоника (грекше – architecton) – әдеби
шығарманың біртұтастығы, бүтіндігі, басты құрамдары мен жеке бөліктерінің сәйкестігі, үйлесімділігі.
Бұл ұғым алдымен сәулет өнеріне байланысты қалыптасқан, ғимарат, құрылыстың сәнділігі, жеке бөлшектерін бір-бірімен үйлестіріп, қиюластыру шеберлігіне саяды. Әдебиетте композиция деген ұғыммен қатар қолданылады. Композиция шығарманың құрылымы, жеке бөлшектерінің өзара түзілісін түгел қамтиды десек, архитектоника шығарманың құрылыс-бітімінің негізінен тұтастығы, бүтіндігі, құранды бөліктерінің жарасым, үйлесім табуы.
Слайд 5Құрылысы
• Шығармалары, негізінен, дәстүрлі жыр үлгісінде келеді.
• Жырдың жанрлық ерекшеліктері (ұйқас, екпін, ырғақ, буын, бунақ, шумақ)
Шортанбай өлеңдерінде белгілі бір тәртіппен қолданылып, жүйемен өріліп отырады.
• Оның өлеңдері дәстүрлі шумақтардан емес, шумақтан кең түйдектерден құрылады.
Слайд 6Түйдек
• Түйдек (тирада) – қазақ поэзиясында жырда қолданылатын
тармақтарды топтастырудың еркін түрі. Егер шумақты өлеңдерде тармақтар белгілі тәртіппен,
өзіндік ретімен топтасатын болса, жырда олар еркін, әр мөлшерде алына береді. Мұнда тармақтар түйдек-түйдегімен түсіп, әр көлемде топтасып, ұзынды-қысқалы синтаксистік оралымдардың ыңғайымен әрқалай топтаса береді. Кейде жырды шұбыртпалы деп атайтыны сондықтан. Алайда, жыр әйтеуір созылып, шұбатыла бермейді. Әр жерден бір қайырылып, тармақтар тобы синтаксистік оралым (период) көлемінде тиянақталып, одан әрі басқаша топтасып отырады. Түйдек көлемінде көптеген тармақтарды біркелкі үйлестіретін желілі ұйқас қолданылады. Ал қатар тұрған, жақын тармақтар қосымша, жанама ұйқас арқылы өзара үйлеседі.
Слайд 7Түйдектердің ерекшелігі
• Шортанбай өлеңдерінде бір түйдектегі ойды келесі
түйдекте ретімен сатылай дамытып айтудың үлгісі жасалған.
•
Ақын түйдектерінде ой желісінің түйінді-түйінді тұсына белгілі бір сөздердің қайталанып келіп отыруы – жырдың көркемдік тәсілі ретінде көрінеді.
Слайд 8 Түйдектер мәні
• Әр түйдекте бір мән бар.
• «Зар заман» толғауы 14 түйдектен тұрады.
•
Олардың әрқайсысында заманның әрбір сипаты суреттеледі.
• Мысалы, 1-түйдекте ар-ұят, адамгершілікті жоқтай келе – кесірлік көбейіп, жігіттің бағасы кеткені туралы айтылады.
• 3-түйдек заманның экономикалық ахуалының тозғанын көз алдымызға көркем түрде елестетеді.
• 7-түйдекте заман келбетін аса әсерлі эпитеттермен бейнелейді.
Слайд 9Өлең-толғаулардың көркемдік ерекшеліктері
• Шортанбай шығармаларында көне түркі әдебиетінен
келе жатқан дыбыс қуалау (аллитерация, ассонанс) тәсілі көп ұшырасады:
Бір пара
жанды малды қып,
Бір пара жанды малсыз қып,
Бір пара жанды дінді қып,
Бір пара жанды дінсіз қып...
немесе
...Зар, зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман, – деген тармақтарда дыбыстардың үндестігі және ішкі ұйқас арқылы ақын, біріншіден, өлеңнің көркемдігіне әр берсе, екіншіден, қайғылы хал-ахуалды күшейте алған.
• Осы шағын үзінділерде аллитерация мен ассонанстан бөлек, сөз қайталаудың анафора, эпифора дейтін түрлері де көрінеді.
Слайд 10Теңеулер:
Кәпірді көрдің піріңдей,
Тілмашты көрдің биіңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда
Қазылған қара
көріңдей!
...Билер жейді параны
Сақтап қойған сүріндей.
Заманның түрі бұзылды
Текеметтің түріндей
Слайд 11Эпитеттер:
Бір ғана замана ұғымы Шортанбай қолданысында «зар заман», «тар заман»,
«бар заман», «асылық асқан заман», «ақыр заман», «текеметтің түріндей құбылған
заман», «арғымақ ат тосырқап, тағалы болған заман», т.б. көркем сөздермен көмкерілген, түрліше сипатталған бейнелерге толы.