Слайд 1Талант пен тұтастық
Жазушы Өтебай Қанахиннің туғанына 90 жыл
Слайд 3Ақын Қадыр Мырзалиев
Өтекең тамаша жарқын, кішіпейіл адам еді. Көп жыл
аралас - құралас көрші тұрдық. Қарапайым адамгершілігі мол аға ретіндегі,
дарынды талантты жазушы ретінде де қатты сыйлап, қадір тұтатын адамдарымның бірі болды.
Слайд 4 Қазақтың белгілі жазушысы
Қалмұқан Исабаев
Ол Ырғыздан,
мен Баянауылдан бола тұра бізге жүзге бөлмей жерлестікке қарай жолдас іздеу жат болды. Екеуміздің жұбымыз жазылмайтын, жиын - мәжілістерде бірімізді- біріміз іздейтінбіз. Жиырма бес кітаптың авторы болған мінезі жарқын, өте ізетті,қайырымды, қиналған жандарға көмекке алдымен ұмтылып тұратын адамгершілік арын әрдайым жоғары ұстайтын азамат ұмтылмақ емес
Слайд 5Өтебай Қанахин 1923 жылы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында дүниеге келген.
1960 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті) бітірді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Слайд 61953-1960 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер,
жауапты хатшының орынбасары, 1960 жылдан Қазақстан КП Орталық Комитетінің нұсқаушысы,
мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1963-1966 ж. «Жазушы» баспасында бас редактор, 1966-1969 ж. Қазақстан КП Орталық Комитетінің насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары,
Слайд 7 1969-1970 ж. «Жалын» альманахының тұңғыш бас редакторы, «Мәдениет және тұрмыс»
журналының бөлім меңгерушісі, 1975-1982 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық
алқасының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1984 жылдан «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында әдеби қызметкер болды. «Екі кездесу» атты алғашқы әңгімесі 1947 жылы, «Ауыр күндер» повесі 1957 жылы жарық көрді.
Слайд 8Кейіннен «Мұрагер» (1958 ж.) әңгімелер жинағы, «В тяжелые дни» (1961ж.),
«Көл жағасында» (1960 ж.) повестері, «Жер басып жүрсем» (1968 ж.),
«Пока хожу по земле» (1970 ж.) әңгімелер мен повестер жинақтары, «Жас дәурен» (1966 ж.), «Тұңғыш махаббат» (1966 ж.) повестері, «Дәмелі» (1962 ж.), «Маздақ» (1964 ж.), «Жүрек қалауы» (1974 ж.), «Бақыт бәйшешегі» (1976 ж.), «Құдірет» (1979 ж.), «Қарт сарбаз хикаясы» (1986 ж.), «Ата қоныс» (1990 ж.) романдары және т.б. басылып шықты.
Слайд 10Орыс жазушылары М.А.Шолохов, В.М.Кожевниковтардың әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне тәржімалады.
Жазушының бірқатар шығармалары шет тілдеріне аударылған.
Жазушы «Қызыл жұлдыз»
орденімен және медальдармен марапатталған.
Слайд 11Кешке Ө.Қанахиннің жанұясы, танымал қазақ жазушылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, әдеби
және шығармашылық қауым, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары,
БАҚ өкілдері шақырылды.