жүйесі. Мұрагер қазіргі таңда қазақ балаларына музыка пәнін оқытуға арналған,
қазақ мектебі қандай болуы керек деген сұраққа жауап беретін бағдарлама. Бірінші сынып оқушылары қазақтың халық аспаптарының шығуына арналған аңыз-күйлермен танысады, сол бойынша сурет салады, домбыра қағыстарын үйренеді. Екінші сыныпта домбыраның ұлы күйшілердің жан серігі екенін түсініп, Құрманғазы, Қорқыт, Қазанғап, Дина сияқты күйшілердің өмірбаянымен, күйлерімен танысып, аспапта ойнауды жалғастырады. Үшінші сынып сабақтары «Ән – көңілдің ажары» айдарымен өтеді. Ақансері, Біржан сал әндері және тұрмыс-салт жырларымен танысады.