пәнінің маңызы жыл сайын артуда.Жастарды әскери қызметке дайындау үшін АӘД-тің
бөлімдері негізгі рөл атқаруда.АӘД-та айтылған теориялық білім, тәжірибиелік дайындықтар, әскери спорттық жарыстарға қатысуы – жастарды әскери қызметке деген қызуғышылығын арттырады.Жүйеленген және дұрыс жоспарланған оқу-тәрбие жұмыстары жоғары натижелерді береді.Көпшілігіміз АӘД пәні-қалыпты дағды, дәстүрлі сабақ үлгісі деп ойлайтынбыз.Онда еркіндік аз, ешқандай жаңалық енгізілмеген деп те ұйғардық.Бірақ жаңа өмір, жаңа уақыт адамнан жаңаша ойларды,мәселелерді жылдам шешуді талап етеді.Егер кімде-кім осы мемлекеттің азаматымын деп білсе, онда ол жаңа өмір талабына сай дайындалғаны дұрыс.Бұл мәселені шешу үшін менің пікірімше АӘД сабақтарын иновациялық әдістер арқылы оқыту керек.Біздің негізгі міндетіміз-балаларды әскери қызметке дайындау .Әскер-тек бұйрықтарды орындаушы ғана емес, сондай- ақ қиын кезеңдерден шұғыл шешім қабылдап, тұйықтан шыға алатын тұлға.Біздер балаларды тосыннан кездескен қиыншылықтарды тез, әрі өз ойымен шапшаң шешуге дағдыландыруымыз қажет. Менің сіздерге ұсынып жатқан осы әдістерім оқушыларды өзіндік ой ойлауға, өзіндік шешім қабылдауға үйрететін стратегия.Бұл оқу процесі-тұлғаның қалыптасып, дамуына негіз болатын құрал.Қазіргі күні сабақты түрлендіре өту нәтижесінде менің оқушыларымда АӘД пәніне деген қызығушылығы артып, білім сапасы жоғарылайды.Иновациялық методикалармен қолданған мұғалімнің табиғатында негізі бар шығармашылық көздерін көздерін ашу, жаңалыққадеген ұмтылысына дем беріп отыру жаңа сападағы: ойы озық, ақылы алғыр, жаңа жағдайларда іс-қимылды тез өзгерте алатын адамдарды қалыптастырады.Олар білім, білікті жаңа жағдайларда өз бетінше қолдана алады, таныс әрекет түрлерін өздігінше құрастыру арқылы жаңалық жасайды, мәселені қалыптан тыс жолдарын ашады, қарастырылатын мәселені әр қырынан талқылайды.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында заман талабына сай озық техналогия элементтерін сабаққа қолдануды дәстүрге айналдырдым.Атап айтсам , интерактивті тақтаны пайдалану, интернет желісімен қажетті материалдарды алу, презентациялық сабақтар өту электрондық оқулықтарды пайдалану , мысал ретінде сіздерге 10-шы сыныптарға өтілген сабағымды ұсынамын.
Инновациялық технология заман талабы