Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
министрлігі
№75 мектеп-гимназиясы
Технология пәнінің мұғалімі:
Тұрсынбекова Бағила
Слайд 2
Иықты бұйымдарды конструкциялау және
модельдеу.(түнгі жейде,
камзол)
Тақырыбы
Слайд 3Тақырыбы: Иықты бұйымдарды конструкциялау және
модельдеу.(түнгі жейде, камзол)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Иықты бұйымдар және олардың түрлері(түнгі
көйлек,халат,қамзол,жилет).Бұйымға мата
таңдау, модельдеу жұмыстарын жүргізу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту,білімдерін іс-
жүзінде жүргүзуге ықпал ету, жұмысты орындауға
ептілгін дамыту
Тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, іскерлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтын түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сарамандық
Пәнаралық байланыс: Сызу, математика
Көрнекіліктер: бурда журналдары,плакаттар,мата, бор,сызғыш, ине, жіп, тігін машинасы.
Слайд 4Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу
2.Оқушыларды түгелдеу
3.Сабаққа дайындығын
тексеру.
4. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Слайд 5
II. Үй тапсырмасын қайталау
Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?
Тігін
машинасы не үшін қажет?
Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік
ережелерін
ата
Қандай машина тігістерінің түрлері бар?
Жөрмеу тігісі қалай орындалады ?
Қиғаш жиекпен шеттіктеу тігісі қалай орындалады ?
Қосарлы тігіс қалай орындалады ?
Слайд 6III.Жаңа сабақты түсіндіру:
Бұйымды конструкциялау дегеніміз – киімнің сырт пішіні мен
құрылысын анықтайтын процесс. Киімнің конструктивтік сызба нұсқасы өлшем алу және
киімнің денеде емін-еркін қозғалуын қамтамасыз ететін қосымшадан тұрады. Модельдегенде матаның қасиетін ескеру керек. Өйткені қатпарлау мен күлтеудің сипаты осыған байланысты болады. Матаның қиғаш, көлденең және барлық жіптер (долевой нити) бойымен орналасуын да осылай тексереді.Модельдеу өнерінің сәндік қолданбалы өнердің басқа түрлерінен айырмашылығы оның тікелей адамдармен байланыстылығында. Костюммен адамның сыртқы келбетін өзгертуге, неғұрлым әдемірек етіп көрсетуге, кемшілік тұстарын жасыруға болады. Матаның түр түсімен көздің, шаштың, беттің әлпетін жақсартуға да болады.
Модельдеу адамдардың талғамын тәрбиелейді, адамның сұлулығын арттырады. Өз дәуіріміздің бет-бейнесін сай сәнді киімдер жасауымыз керек. Француздың белгілі суретшісі-модельері Пьер карден «Мен сәнді көшеден аламын да, оны кері қайтарамын», - деген екен.
Слайд 7Модельдеудің екі түрлі болады:
1)Көркемдік (шығармашылық)
2)Техникалық
Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары
эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады.
Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның
қызметін, қандай матадан жасалатынын, өңдеу түрлерін, модельдің түр мүсін таңдауды, ұсақ-түйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.
Техникалы модельдеу дегеніміз- нобайлар, суреттер фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер-конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекеленген бөлшектерін өзгертеді.
Көйлектердің әр түрлі сызықтарын модельдегенде, бүкпелерді дұрыс орналастыру керек (бүйір сызығына қарай, қалтық ойындысына, мойындыққа, алдыңғы бойдың орта сызығына, бел сызығына қарай).Бүкпе киім моделіне сыртқы әдемілік берудің сәндік тәсілі болып табылады.
Слайд 8
Мода – мұның өзі өмірдің немесе мәдениеттің кез
келген саласындағы белгілі бір талғамдардың қысқа мерзімді үстемділігі. Киімде мода
бір стильдің ауқымында белгілі бір формаларға, пропорцияларға, мүшеленулерге, материалдарға, болып түстерге және т.б жаппай әуестілікті бейнелейді. Мода тек жекелеген адамның бейнесін ғана емес, сонымен бірге көшенің де, елдің де бейнесін қалыптастырады. Ол киім мәдениетінің, жаппай эстетикалық талғамының бейнесі табылады. Адамдардың модаға зер салуының себептері алуан түрлі. Ол барша секілді тіршілік етуге талпыныс,моданың жетекшілерінен қалыптасу, сөйтіп әдемілікке, жетілуге және уақыттан қалыспауға тырысу, бұқарадан оқшау шығып, жетекші болуға талпыну және басқалар. Суретшілер- модельшілер жаңа мода киімнің жасаушылары да, өрісін кеңейте береді. Осы кезде жаңа мода дүниеге келеді.20 ғасырдағы костюм формасының дамуы киім формаларының негізгі стильдік шешімдерін тудырды. Олар классикалық, спорттық,романтикалық және фольклорлық .
Слайд 9Романтикалық стиль
Романтикалық стиль – бұл «қиял»,
«еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін,
сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады. Б ұл жеп- жеңіл ұшып бара жатқандай, түр- түсі қанық немесе төсеніш түсіндей, әйел затының нәзік тігін, майда желбіршектер және әдемі жабо, өте көп тоқылған сәндік кружева, банттар, желбезектер, қолдан жасалған гүлдер. Дегенменде ешқандай желбезексізде романтикалық стильдегі көйлекті тігуге болады, тек мата өте жеңіл, ауаға жеңіл ұшатындай сезілсе және белінде бархаттан белдік болса, етегі кең клёш болса,кеудесі қыналып, үлкен декольте болса онда бұл модельді де романтикалық деуге болады. Романтикалық стильдегі киімдерді көбінесе мерекелік кештерде, үлкен жиында, демалыста ұсынылады.
Слайд 11 Классикалық стиль- формалардың тұтастығы, көлемдердің адам тұлғасының пропорциял
арына сәйкес келуі, детальдардың өзара өлшемдестігі, конструкциялық мүшелеу жүйелерінің қысқалығы мен айқындығына
тән болып келеді. Жалпы ұстамдық фактура мен материалдар түсінің, декардың қаталдығынан көрінеді. Өздерің білетіндей классикалық стиль ол моданың негізінен алынады. Бұл стильдегі киімдер кеңнен таралған және де матаның да фактурасы мен түр- түсі адамға жағымды болып келеді, яғни олар – жүннен әзірленген маталар, жібекетн тоқылған маталар, мақта маталар, леннан және жартылай аралас маталар, табиғи маталарға ұқсастырылған химиялық олмен алынған маталар.Классикалық стиль- бұл қарапайымдылығымен, ықшамды пішілген бөлшектерімен және де бірнеше ондаған жылдар бойы тігіліп зерттеліп келе жатқан әрі өте қатал салмақты іскер үлгідегі киімдер.Бұл киімдегі стильдерге негізінен- костюмдер, ағылшын жакеттері, кардиган тағыда көптеген киім үлгілері жатады, бұл киімдерге қосымша ретінде юбкалар мен шалбарлар жатады. Сонымен қатар костюмдердің ішінен киетін блузкалар ерлер киіміне жақын болып келеді.
Слайд 13 Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес)
қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы
киімдер).
Слайд 15 Фольклорлық стильді этникаль (этникалық) – ұлттық сипаттағы
осы заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық
құрастырмалы ою – өрнек, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланады. Бұл стильге жататын киім түрлі халықтың және дәуірдің ұлттық рухын бейнелейді.
Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельлер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге тырысады.
Қазіргі заман тұрмыстық киім стилі, өзінің таза көрінісін сирек қолданады. Көбінесе стильдердің араласуы кездесіп отырады. Бұл құбылыс электика деп аталады.
Орта ғасырларда тігу техникасы жетіле түсті.бұл дәуірдің костюмінде тұңғыш рет қосылып тігілген жең және бүрме пайда болды. Тар иықты, белі жоғары, өзі ұзын көйлек және тар ұзын белдемше, биік баскиім әйелдер костюміне ұзарған силэтті әсер берді. Ал ерлеркиімі туниканың бұрынғы сипатын сақтап, өте тар болды. Ортағасырлық даму кезіңінің киім силуэтіне тән кескін – созылған үшкір пропорциялар. Конус сипатты бас киімі ұзын биік башняны еске салады.
Слайд 17Сарамандық жұмыс.
Иықты бұйымдарды конструкциялау және модельдеу.
Матаның қасиеттеріне сән таңдау.
Слайд 19 Сарамандық жұмыс жасай отырып
постермен жұмыс жасау
Топ бойынша сән әлеміне саяхат
жасай отырып, иықты бұйымдарды бейнелеп модельдеу және қорғау.
Слайд 20Сабақты пысықтау
1.Бұйымды конструкциялау дегеніміз не
2.Коркемдік модельдеу дегеніміз не ? 3.Техникалық модельдеу дегенііміз не ?
4.Классикалық стиль дегеніміз не?
5.Спорттық стиль дегеніміз не?
6.Романтикалық стиль дегеніміз не?
7.Фольклорлық стиль дегеніміз не?
Слайд 21Ізгілендіру диаграммасы
Не білдім?
Не үйрендім?
Нені білгім келеді?
Слайд 22V. Қорытынды.
Сабақты қорытындылау. Оқушылардың журналдармен жұмыс кезіндегі
сән таңдау талғамдарын талдау,постер және өткен сабақтар бойынша белсенділік танытқан
оқушыларды бағалау.
VI.Үйге тапсырма беру.
Иықты бұйымды конструкциялау және модельдеу жұмыстары
VII. Жұмыс орнын жинастыру.