онымен дұрыс жұмыс жасауды үйрету;
Дамытушылық мақсаты: шеберліктерін, іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты:
еңбек сүйгіштікке, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап алу.
Сабақтың көрнекілігі: жұмыстың жасалу үлгілері.
Құрал-жабдықтар: түсті киіз, түрлі-түсті жүн, қалам, ине, жіп, қайшы, арнайы төсемше, тор, сулы сабын, моншақтар, қол сүртетін сүлгі.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды тыныштандырып, назарын сабаққа аудару.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше ашық сабақ өтілуде. Біздің сабағымызға көп қонақтар келіп отыр. Сондықтан, бәріміз сабақтың жақсы өтуіне атсалысайық.
- Балалар, бүгін біз киізден сөмке жасаймыз. Тақтаға назар аударып қараймыз, мұнда сөмкенің жасалу үлгілері көрсетілген. Бірінші, сөмкенің қиылған үлгісін киіздің үстіне қойып, бастырамыз. Бастырылған киіздегі сөмкенің үлгісін қайшымен қиып аламыз. Балалар, қауіпсіздік ережесін естен шығармаймыз: қайшыны бір-бірімізге сабынан ұстап береміз, инені арнайы жастықшаға шаншимыз, сабын сумен жұмыс жасағанда көзімізді қолымызбен ұстамаймыз.
Келесі кезекте, кесілген сөмкенің үлгісін жіпті инеге сабақтап қиғаш тігіспен тігіп шығамыз. Тігілген сөмкені гүлдермен әрлендіреміз. Гүлді түсті жүндерден жасаймыз.
Гүлдің жасалу тәсілі: жүнді түсіне қарай таңдап алып, арнайы төсемшеге қолмен үзу арқылы гүлдің көлеміне қарай күлтелерін қойып шығамыз. Дайын болған гүлдің бейнесіне сабынды суды себеміз. Осыдан кейін гүлдің бетіне торды жауып, қолмен бастырып, жүнді сипау арқылы бір-біріне біріктіреміз. Жүннің майда қылтықтары бір-бірімен одан да жақсы бірігуі үшін гүлді қолмен мыжимыз.
Келесі кезекте, гүлдің күлтешелерінің пішіндерін қолымызбен өз қалауымызша әдемі етіп шығарамыз. Содан кейін, гүлді кептіреміз. Кепкен гүлдің ортасына түрлі-түсті моншақтарды тігіп, дайын болған сөмкемізді осы гүлдермен және моншақтармен әрлейміз.
2.Сабақты қорытындылау:
-Балалар, бүгінгі сабағымызда біз не жасадық?