Слайд 1а
Тақырыбы: Шошқа борда0ылау г мен с
Слайд 2 Жоспар:
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А) Шошқаны
бордақылау гигиенасы
Б) Шошқаны өсірудің әдістер
В) Шошқаны өсірудің тәсілдері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған
әдебиеттер
Кіріспе
Бордақылау — малды сапалы ет пен
майды көп алу үшін сояр алдында жемге байлап қолдан семірту. Бордақылау мерзімінің ұзақтығы түліктің түріне, малдың жасына, бастапқы салмағы мен қоңдылығына байланысты. Ересек ірі қараны, негізінен жасы жетіп жарамсыз деп табылған. Сиырды бордақылау бастапқы күйіне қарай 2 — 3 айға созылады. Бордақылау кезеңінде сиыр тәулігіне 800 — 1000 г үстеме салмақ қосып тірілей салм. 18 — 20%, сойыс салм. 40%-ке артады, етінің сапасы да жақсарады. 12 —14 айлық тайыншаларды бордақылау 3 — 4 айға созылады. Бордақылау маусымында жас малдың салмағы 1,5 есе, еті мен майы 2 есе, етінің калориясы 3 есе артады.
Слайд 4
Бордақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, ірі қара тәулігіне кемінде 1 кг
салмақ қосады. Шошқа жасына қарай ет немесе май алу үшін бордақыланады.
Шошқа етін өндіру үшін салмақ 25 — 30 кг 3 айлық торайларды 6,5 — 7,5 айлығында 100 — 120 кг-ға жеткенге дейін бордақылайды. Бордақылау қой өсіруде де жиі қолданылады. Қозыны 4,5 — 5 айлығынан бастап салм. 40 — 60 кг-ға жеткенше бордақылайды.
Слайд 5
Шошқа шаруашылығында торайларды ет үшін және ерсек шошқаларды майы үшін
бордақылайды. Шошқа етін өндіруде оларды бордақылау ең соңғы процесс болып
табылады. Бордақылауға жас төлді және жарамсыздыққа шығарылған мегежіндерді қояды. 2,5-3 айлық және тірі салмақтары бірдей торайларды 25 бастан топтайды. Топтарды 25 бастан құрау кезінде 3 ұя торайлары біріктіріледі. Станоктағы торайлар санын оларды әр ұядан топтастыру арқылы көбейтудің салдарынан торайлар арасында жиі төбелестер болып тұрады. Бұл азықтың сіңуіне және тірі салмақтың өсуіне кері әсерін тигізеді.
Шошқаларды бордақылау гигиенасы.
Слайд 7
Бордақыланатын торайларды топтық станоктарда ұстайды, станок ауданының нормасы 0,8
м. Қоршаулардың биіктігі 1 м, зәр және қи шығатын аймақта
қоршаулар торлы, ал қалған бөлігінде тұтас болып келеді.
Бордақылау кезінде максимальды тәуліктік салмақ қосу тек толық құнды азықтандыру арқылы қол жеткізуге болады.
Слайд 8 Шошқаларды азықтандырудың тиімділігіне азық құрамы, азықтандыру режимі, сонымен қатар шошқалардың
тұқымы мен типі, бордақылауға қойғандағы жас мөлшері үлкен әсерін тигізеді.
Сонымен қатар азықтандырудың тиімділігіне рациондағы протеиндік қатынаста әсер етеді. Протеиндік қатынас 1:6болғанда шошқалардың денесінде май аз жиналып, белок көп түзіледі, май қатты болады. Керісінше, протеиндік қатынасы кең болған кезінде шошқаларда май көп жиналып, ет аз жиналады, май жұмсақ, жұққыш болады. Ал, азықта лизин жетіспегенде бордақыланатын торайлардың өсімі нашарлайды. Витаминдер жетіспегенде, әсіресе, В тобының, торайлардаа авитаминоздар байқалады.
Слайд 9
Шошқа етінің сапасына азықтар әсер етеді. Осы көрсеткіш бойынша барлық
азықтар 3 топқа бөлінеді. Шошқа етінің сапасын жақсартатын, нашарлататын және
теріс әсер ететін болып.
Слайд 11 Етті бағытта бордақылауда торайларды 3-4 айында қойып, тірідей салмағы 100-120
кг болғанда алады. Етті бордақылау 2 кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңі
тірідей салмағы 40-70 кг, екіншісі 41-120 кг болғанша.
Бордақыланатын шошқалардың азықтық азықтық заттарға мұқтаждығы азықтандыру кезеңі мен тірідей салмағының тәуліктік өсіміне байланысты болады.
Өсіп келе жатқан бордақыланатын торайлардың 100 кг тірідей салмағына бірінші кезеңінде 4,2-4,8 азықтық бірлік, екінші кезеңінде 3,6-4,2 азықтық бірлік қажет. Рационның 1 азықтық бірлігіне қортылатын протеиннің бірінші кезеңінде 95-100 г. Екінші кезеңінде 85-90 г сәйкес келеді. Жоспарланған тәуліктік орташа өсімнің мөлшері жоғары болған сайын құрғақ заттағы энергия соғұрлым жоғары, клетчаткасы аз болуы керек. Рациондағы клетчатканың отимальды мөлшері азықтың құрғақ затының 6 пайызынан аспауы керек.
Слайд 12 Етті қажетті салмаққа дейін азықтандырған кезде рационның 3 типі қолданылады:
коцентратты- картопты, концентратты –тамыртүйнекті, концентратты. Концентратты-картопты тпті рационның құрамы: концетраттар
60-75, картоп 15-20, шөп ұны 5-10, жануар текті азықтар 5-10 пайыз.
Бордақыланатын торайларды витаминдермен және микроэлементтермен қамтамасыз ету үшін рационға арнайы қоспалар қосады. Сонымен қатар шошқалардың бұл заттарға мұқтаждығын өтеу үшін белокты- витаминді және белокты-витаминді- минералды қоспаларды қажетті мөлшерде қосады.
Слайд 13 Бордақылау кезінде ылғалдылығы 60-70 азық өоспасамен азықтандырған жөн. Сапасы төмен
азықты және тағамдық қалдықтарды термиялық өңдеуден өткізу керек. Азық сіңімділігі
және ет сапасын жоғарлату азықтандырудың аралас жүйесін қолдану арқылы іске асады.
Шошқаларда, әсіресе бордақылау кезінде каннибализм жиі байқалады, бұл кезде шошқалар бір-бірінің құйрығын және құлағын тістеп, әр тұрлі жарақаттар түсіреді. Каннибализм жас төл арасында стрестік жағдаларда диі кездеседі, бұл жағдай орналасу ауданының жетіспеуіненғ топтпудан, қолайсыз микроклиматтан, толық құнды азықтандырмаудан және басқа да олардың агрессивтігін жоғарлататын факторлардан туындайды.
Қоралар бордақы шошқалардан босаған соң мұқият тұрде механикалық тазаланып, дезинфекцияланады. Қораға келесі малды 5-7 күннен кейін кіргізуге болады.
Слайд 14 Шошқа етін өндіру
технологиясында өсірудің 1,2 және 3 фазалы әдістері қолданылады.
1)бір фазалы
әдісте торайларды олар торайлаған станоктарда өсіріп, бордақылайды.
2) екі фазалы әдісте торайлады торайлау цехынан, енесінен ажыратылған торайлар цехына ауыстырып, сол жерде ьордақылайды.
3) үш фазалы әдісте торайларды үш жерден өткізеді: торайлау, өсіру және бордақылау.
Слайд 15 Шошқа шаруашылықтарында оларды ұстаудың екі түрі қолданады: серуенге шығарып
және серуенге шығармай.
Уақытылы серуендету жүйесінде шошқаны жекелеген немесе топтық
станокиарда ұстап, уақыты серуендет алаңына шығарып тұрады. Жекеленген станоктарда қабандарды, мегежіндерді және туған мегежіндерді торайлармен бірге ұстайды. Топтық станоктарда қысыр мегежіндер, буаздығы 3 айға дейінгі ұрғашы шошқалар, енесінен ажыратылған торайлар, асырауға арналған қабандар мен мегежіндер ұсталады. Өз еркімен серуен ету жүйесінде шошқалар топтық станоктарда ұсталып серуенге өз еркімен кіріп- шығып тұрады. Ол үшін қораның ұзын қабырғасынан шығатын тесік жасайды. Шошқаларды станоктарда, мал өтетін жерлерде, азықтандыратын жерлер немесе серуендеу алаңдарында азықтандырады. Шошқаны өсірдің серуендік әдісінде оларды әркелкі орналастырады.
Слайд 16 Серуендеу алаңының көлемі шошқаның басына байланысты. Серуендеу алаңының мөлшері әрбір
басқа есептегенде: ұрықтандырғыш қабандарға 10 м мегежіндерге 5-10 м, ажыратылған
торайларға 0,8м , мал басын толықтыруға арналған ьорайларға 1,5 м
Серуендеу алаңдарын бетонмен жауып қоршайды. Оңтүстік аймақтарда серуендеу жағдайында ұстау бүкіл жыл бойына, ал қалған аймақтарда жылы мезгілде қолданады. Қыс мезгілінде шошқаларды серуенге күн жылы болғанда шығарып отырады.
Серуенсіз жүйені бордақылайтын малдарға қолданады. Оларда топтық станоктарда 15-30 бастан ұстайды. Ірі өндірістерде меруенсіз жүйені барлық жастағы малдарға қолданады. Серуенсіз жүйеде төсеніште немесе көп ярусты торлы бп\атерияларда немесе жылжымалы алаңдарда ұстайды.
Слайд 17
Қорытынды.
Шошқаны ұстау, күтіп- бағу барысында санитариялық-гигиеналық талаптарға сезімталдығымен
ерекшеленеді. Сондықтан, олардың өнімділігі мен денсаулығы зоогигиеналық талаптардың жоғары деңгейде
болуына тікелей байланысты. Әсіресе, өте жоғары күтімді жас жаңа туған торайлар, жас өсімтал шошқалар керек етеді. Шошқаны бағып-өсіру кезінде шағын жеке меншіктік шаруашылық жағыдайында оларды толық құнды әртүрлі азықтармен азықтандыру, микроклиматы қолайлы қор жайларда ұстап, ветеринарлық- санитариялық шараларды дер кезінде жүргізіп, қатаң сақтау табысқа жеткізу кепілі.
Слайд 18Назар аударғандарыңызға рахмет!!!