Слайд 1ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Аурухана ішілік инфекция
Орындаған: Қарабек Н.Ә.
2-023 ЖМФ
Қарағанды
2016ж
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
АІИ
Дамуына әсер ететін факторлар
АІИ этиологиясы бойынша
Аурухана ішілік инфекцияның клиникалық
жіктелуі
АІИ тудыратын негізгі қоздырғыштар
Берілу факторлары
АІИ профилактикасының жалпы шарттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Слайд 3Кіріспе
Аурухана ішілік инфекция
Аурухана ішілік инфекциялар бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды
мәселелерінің бірі болып саналады. Бұлардың тигізетін әлеуметтік-экономикалық зардабы өте үлкен.
Қазіргі кездегі емдеу-диагностикалық технологиялардың жетістіктеріне қарамастан, АІШ мәселесі медициналық және әлеуметтік қажеттікті бұрынғыдан да көп керек етеді. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің мәліметтеріне қарайтын болсақ, АІИ ауруханада жатқан адамдардың 5-20% кездеседі.
Аурухана ішілік инфекция бұл бүкіл әлемде күрделі мәселе тудырып отыр. Мысалы, АҚШ-та АІИ-дан жыл сайын 90 мың американдық өледі. Германияда жыл сайын 450-650 мың госпиталды инфекция жағдайы тіркеліп, оның шығыны 3 млрд еуроны құрап отыр. Францияда 2001 жылы 4 млн астам ауруханада емделу күндерді болуын, яғни науқасты емдеудегі артық қаржы кетудің себебін медицина қызметкерлерінің «қолдарын дұрыс жұмауынан» деп есептейді.
Слайд 4Негізгі бөлім
АІИ
Аурухана ішілік инфекция (немесе нозокомиальды, госпитальды) – дегеніміз бұл
науқастың ауруханада емделуі барысында өз сырқатынан басқа сырқатты жұқтырып алуы.
Көбінесе үш тәуліктен аса мерзімде дамыса немесе ауруханадан шыққан соңғы үш тәулік бойында байқалса бұл ауруханаішілік инфекция ретінде қарастырылады.. Медициналық қызметкері жұмыс істеу барысында қадай да бір жұқпалы аурумен ауырып қалуы (кәсібіне байланысты) да осы топқа жатады. Науқас ТЕК ауруханада ғана емес сонымен қатар басқа да емдеу мекемелеріне ем алу немесе тексерілу мақсатыменбаруы кезінде ауруханаішілік инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін.
ДЖДС¥(ВОЗ) анықтамасы бойынша аурухана ішілік инфекцияға (АІИ) - пациенттің ауруханаға жаткан кезінен көмекке жүгінгенде (аурухана кызметкерлерінің осы мекемеде істеу барысында) немесе ауру себептері пациенттердің ауру белгілері ауруханада болған немесе одан шықкан кезеңдеріне болған жэне аныкталынған клиникалык ауру түрлері жаткызылады.
Слайд 5Дамуына әсер ететін факторлар
АІИ қазіргі кезде өсіп-дамуы мына факторларға байланысты:
Ірі ауруханалық комплекстердің құрылуы. Аурулардың бір-бірімен күнделікті және тығыз араласуы.
Инфекцияны тудырушылардың күшті және жасанды жұғу механизмінің қалыптасуы. Бұл инвазивті емдеу мен диагностикалық процедураға байланысты. Емдеу мен диагностикада стерилизацияның ерекше әдістерін қажет ететін күрделі техниканы қолдану да өз әсерін тигізуде. Инфекциондық ауру туғызушылардың жұғу механизмінің белсенділігі. Әсіресе, емдеу орындарындағы аурулар мен дәрігерлердің тығыз араласуы кезінде тұрмысты-контакті ауа арқылы таралуы мүмкін. Стационарға әлі анықталмаған инфекциондық ауруларымен түскен адам инфекцияның негізгі көзі, қайнары болып табылады. Антимикробтық препараттарды бақылаусыз қолдану. Әр түрлі дәрілік заттарға, қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделген микроорганизмдердің қалыптасуы. Халықтың қоршаған орта өзгерістеріне, өмір сүру шарттарына төзімділігі мен тұрақтылығының төмендеуі.
Слайд 6АІИ этиологиясы бойынша екі топқа бөледі:
АІИ-ны шақыратын қоздырғыштар саны 300-ден
артық, олардың құрамына патогенді және шартты патогенді флоралар кіреді.
Облигатты
Облигатты-патогенді микроағзалардың
қоздыруы бойынша. Бұл топқа «дәстүрлі»инфекциондық аурулар-бала аурулары, ішек аурулары, ВГВ, ВГС және т.б. жатады. Бұл аурулардың үлесіне АІИ 15% келеді. Таза стационарда патогендік тудырушылар келесі жағдайларда болуы мүмкін:
стационарға патогендік қоздырғышты тасушының түсуі;
егер аурухана жұмысшыларының арасында қоздырғышты тасушы болса;
ауруларға келушілер немесе беріп жіберген киімдер мен тамақ арқылы;
Шартты
Шартты-патогенді микроағзалардың, сонымен қатар адамның қалыпты микрофлорасына, кіретіндердің қоздыруы бойынша. Бұл топқа шартты-патогенді микроорганизмдердің тудыратын аурулары жатады. Бұны іріңді-қабынбалы аурулар анықтайды. Қоздырғыштары: стафилокок, стрептокок, грамотрицалық бактериялар. Кейбір кездерде ауруханаішілік ауруларды псевдомонадалдар, легионеллалар, ротовирусм туғызады. Зәр шығару жолдарының патологиясы грамотрицалық микро-ағзаларға байланысты Көкшіл ірің таяқшасы төменгі тыныс жолдарының инфекциясын тудырады. Психиатрлік стационарда ішек инфекциясы, гастроэнтерологиялық стационарда-хелинобактериоз және т.б. кездеседі.
Слайд 7АІИ тудыратын негізгі қоздырғыштар:
Слайд 8АІИ эпидемиологиялық ерекшеліктері:
Инфекцияның даму көздерінің молдығы. Іріңді хирургияда, күйіктің, уролоргиялық,
туберкулездік стационарларда аурулардың инфекция көзі ретінде басымдылық көрсетуі. Онкологиялық стационарда,
ВИЧ ауруларының бөлімдерінде экзогендік аурулардың көптеп болуы ЛПУ-дың жұғу механизмі тек шынайы жолдармен ғана емес, сонымен қатар артифизиальдік, жасанды, инвазивтік және емдеу процедураларына байланысты да жұғады.Әр түрлі типті стационарларға арға тән факторлар мен контигенттердің болуы. АІИ қоздырғыштарының көзі ретінде аурулар, медициналық жұмысшылар, ауруларға келіп-кетушілер көрсетілген. Инфекцияның берілуінің аэрозольдік жолы стафилокок және стрептокок инфекцияларының таралуында маңызды орынды алады. Инфекциялық ауа легионеллездің пайда болуына әкеледі. Жатын орын жабдықтары да анафилококтың пайда болуына әкелетін фактор болып саналады. Тұрмыстық берілу жолы грамотрицательдік бактериялардың туғызатын ауруларымен байланысты.
Слайд 9Аурухана ішілік инфекцияның клиникалық жіктелуі.
Аурухана ішілік инфекцияның клиникалық жіктелуі Қоздырғышына
байланысты: облигатты-патогенді және шартты патогенді.
Ағымының ұзақтығы мен ерекшелігіне байланысты:
жедел, жеделдеу, созылмалы.
Ауырлығына байланысты: ауыр, орташа ауырлықта және жеңіл түрі.
Таралуына байланысты: Жайылмалы инфекция: бактериемия (виремия, микемия), сепсис, септикопиемия, ИТШ.
Жергілікті инфекция: тері және тері асты инфекциясы.
респираторлы инфекция.
көз инфекциялары.
ЛОР- ағзалар инфекциясы.
стоматологиялық инфекциялар.
асқорыту жүйесі инфекциялары.
урологиялық инфекциялар.
жыныс жүйесінің инфекциялары.
сүйек және буындар инфекциясы.
ОЖЖ-сі инфекциялары.
жүрек қантамыр жүйесі инфекциялары.
Слайд 10Берілу факторлары:
Ауа-тамшылы (аэрозольды)
Сулы-алиментарлы.
Тұрмыстық-қатынастық.
Жарақаттан кейінгі инфекция.
Басқа формалары
Слайд 12Артифициальді залалданудан қорғанудың профилактикасы
бір рет қолданылатын құралдарды қолдану
стоматологиялық орындардың жұмысын
бақылау
ЦСО жүйесін кеңейту және олардың жұмысын бақылауды күшейту
қан құю станцияларында
жаңа жоғары сезімтал диагностика әдістерін енгізу
эндоскопиялық бөлімшілердің жұмысын қатаң бақылауға алу
плазма мен қанның басқа компоненттерін тек ең керекті жағдайда ғана құю
хирургиялық практикаға аз травмалық техникаларды енгізу
Слайд 14АІИ профилактикасының жалпы шарттары:
адамдарды егу схемасы және көрсеткіштері бойынша вакцинациялау
күйген
ауруларға-Pseudomonas aerudinosa-ға қарсы вакцинациялау
қажетті диета
эубиотиктер мен тактериофагтарды қолдану
Слайд 15АІИ ауруларының деңгейін төмендету профилактикасы келесі жолдармен іске асады:
диспансерлік бақылау
кезінде АІИ анықтау және тіркеу
әртүрлі типті стацинарларда қауіпті топтарды және
қауіпті факторларды анықтау
АІИ ауруларының эпидемиологиялық анализін жүргізу
медициналық жұмысшылардың спецификалық профилактикасын жүргізу
Слайд 17Қорытынды
Медицина қызмекерлерін вакцинациялаудың инфекцияның алдын алуда орны ерекше: мысалы гепатит
В, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық, полиомиелит, іш сүзегі сияқты сырқаттарға
қарсы вакцинацияны медицина қызметкерлері толықтай жоспарлы түрде алу керек. Қызметкердің тазалығы. күнделікті жұмыстан шығарда душқа не ваннаға жуынуы,шаш пен тырнағының жинақылығы, халатының тазалығы, маскалық тәртіпті ұстану, жөтелу не түшкіру кезінде басын адамнан басқа жаққа қаратуы, әжетханаға барғаннан кейін қолын жуу сияқты күнделікті әдеттерді жадыда сақтау керек.
Слайд 18Қолданылған әдебиеттер
https://kk.wikipedia.org/wiki/Аурухана_ішілік_инфекция
http://kazmedic.kz/archives/1168
http://lektsii.com/1-8446.html
http://boligolovv.io.ua/s938209/auruhana_ishindegi_infekciya_turaly_t1199sinik