Разделы презентаций


Бала құқығы туралы конвенция 2002.09.08 2018.07.03

9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 48-бап. Бала жауапкершiлігінің ерекшелiктерi      1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.      2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Бала құқығы туралы конвенция 2002.09.08 2018.07.03
9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР

ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI(48-49)
10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР(50-53)


Орындаған: Нұрқасымов.Д
Тексерген: Ауешова.Б

Бала құқығы туралы конвенция 2002.09.08 2018.07.039-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI(48-49)10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР(50-53)Орындаған: Нұрқасымов.ДТексерген:

Слайд 29-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
48-бап. Бала

жауапкершiлігінің ерекшелiктерi
      1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының

заңдарына сәйкес жауапты болады.
      2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар жаза түрiн белгiлеу кезiнде баланың өмiр сүру мен тәрбиелену жағдайын, психикалық даму деңгейiн, жеке басының өзге де ерекшелiктерiн, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиiс.
49-бап. Баланың мiнез-құлқына әсер етудің ерекшелiктерi
      Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтiруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерiнде баланың адамдық қадiр-қасиетiне менсiнбей, қатал, дөрекi қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиiс.

9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 48-бап. Бала жауапкершiлігінің ерекшелiктерi      1. Құқыққа қарсы әрекет

Слайд 310-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны

үшiн жауапкершілік
      1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының бұзылуына

кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      2. Ата-аналардың (олардың орнындағы адамдардың) міндеттерін орындаудан жалтаруы, сондай-ақ міндеттерін тиісінше орындамауы, ата-ананың перзентханадағы (оның бөлiмшесiндегі) немесе балаларды емдеу мекемесiндегi баласынан бас тартуы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездiкпен қарауы, оларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға немесе оларды ата-аналардың орнындағы адамдардан шектеуге әкеп соғады.
      Баланы алып қойған кезден бастап балаға арналған жәрдемақы төлеу, сондай-ақ өзге де төлемдер соттың шешiмi бойынша тоқтатылады.

10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік      1. Қазақстан Республикасының бала

Слайд 451-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын

iске асыруды үйлестiруi
      Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органды Қазақстан

Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Балалар құқықтарын қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган:
      1) бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделi уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiредi және бағыттайды;
      1-1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      1-2) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) балалар өмiрi көрсеткiштерiнiң ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын, нормалары мен нормативтерiн жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз етедi;
      4) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың халықаралық ынтымақтастық iсiндегi қызметiн үйлестiредi.

51-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi      Балалар құқықтарын қорғау саласындағы

Слайд 552-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
 1. Баланың құқықтарын қорғау

саласындағы мемлекеттік бақылау баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге

бағытталады және оны уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құзыреті шегінде жүзеге асырады.
      2. Баланың құқықтарын іске асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметі баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады.
      3. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Жергілікті атқарушы органдардың білім басқармасының органдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған және ерекше режимде ұстайтын арнаулы білім беру ұйымдары, балалардың білім алу, тамақтануын, тасымалын, демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі білім беру ұйымдары бақылау субъектілері болып табылады.

52-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау 1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау баланың құқықтары мен заңды

Слайд 653-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар

мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру
      Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге

асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.

53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру      Баланың құқықтарын қорғау

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика