Разделы презентаций


Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр Әл-Фараби (араб: أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Әбу Насыр әл-Фараби
870 – 950


Әбу Насыр әл-Фараби870 – 950

Слайд 2Әбу Насыр Әл-Фараби (араб: أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу

Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби - әлемге әйгілі

ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ.
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб: أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби

Слайд 3Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби

ат-Түрки — әлi Аристотельден кейiнгi «Екiншi ұстаз» атанған данышпан ойшылдың

толық есiмi осындай. Ол Сырдарияның Арысқа құятын тұсындағы көне Отырар қаласында (арабша Фараб) әскербасы әмiр қызметшiсiнiң отбасында дүниеге келдi. Бiрақ жас Әбу Насырды сарай қызметi қызықтырмады. Ерте оянған ғылымға деген қызығушылық оны жолға алып шықты. Бiлiм қуып Шығыстың сол кездегi iрi ғылым және мәдениет орталықтарын тегiс шарлады. Оның осы сапары өмiр бойына жалғасып, соңында Сирияның Дамаск қаласында 950 жылы желтоқсанда үзiлдi. Әл-Фараби өз заманында мәлiм болған ғылым салаларын әрi қарай дамытып, 160 шамасында трактат жазған. Ол Аристотельдiң барлық кiтаптарына дерлiк түсiндiрме жазған. Бұл iсте ғалымның қандай мұқияттылығынан бiр мысал: Аристотельдiң «Жан туралы» деген еңбегiне ол өз қолымен «Мен бұл кiтапты мың қайтара оқыдым» деген белгi соққан.
Әбу Насыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түрки — әлi Аристотельден кейiнгi «Екiншi ұстаз»

Слайд 4 Философиялық көз өарастарының үш бағытты:
Дүниенің мәңгілігін мойындады
Танымның

болмысқа тәуелділігін растады
Ақыл-парасат тіралы ілім саралады.

Философиялық көз өарастарының үш бағытты: Дүниенің мәңгілігін мойындадыТанымның болмысқа тәуелділігін растадыАқыл-парасат тіралы ілім саралады.

Слайд 5Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен,

ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан

өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді.
Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан

Слайд 6Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты.

Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға

жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”
Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы,

Слайд 7“Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен

бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және

теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.
Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді.

“Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой,

Слайд 8Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық

көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену

үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді:
Бірінші шарт — философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады:
философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
оның шыққан қаласы;
философияға мекен (медресе) болған орынның аты;
философиялық ағымды тудырған басты себеп;
философиялық талдауға түскен мәселелер;
философияның алға қойған мақсаты туралы;
философияның практикалық мәні, нәтижесі.

Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол

Слайд 9Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы —

грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі

Грекиядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін ортаға салады.
Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.

Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мектебі. Бұл

Слайд 10Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын

үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат — жаратқан иені

тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-тағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз Әбу Насыр әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе.
Бесенші шарт— Философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
Алтыншы шарт —Аристотель талдай білу.
Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат

Слайд 11Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ

сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде

айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады.
Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.
Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл орайда түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель

Слайд 12Орындаған:
Какимишов Е.А.



ТФ-21
Астана қ. 2014 ж

Орындаған: Какимишов Е.А.ТФ-21Астана қ. 2014 ж

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика