Слайд 1Экономика (economics) жекелеген адам мен жалпы қоғамның өмір сүруі үшін
қажетті игіліктер жиынтығын өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісі барысында
адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен әрекеттерге тән заңдылықтарды зерттейтін ғылым.
Слайд 2Экономика көптеген мәселелерді қарастырады, бірақ олардың барлығы келесі екі аксиомамен
түсіндірілетін бір ғана мәселеден туындайды.
Бірінші аксиома: адамның (қоғамның) қажеттіліктері
шексіз.
Екінші аксиома: адамның (қоғамның) үнемі өсіп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылатын ресурстары шектеулі.
Слайд 3А. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы
Слайд 4Шексіз, бәріне бірдей еркін қол жетімді ресурстар экономикалық емес ресурстар
деп аталады.
Шектеулі ресурстар экономикалық ресурстар деп аталады.
Слайд 5Экономиканың маңызды үш сұрағы:
1) не өндіру керек (қоғамдық қажеттіліктерді қалай
қанағаттандыру қажет);
2) кім үшін өндіру қажет (өндірілген өнім кімге арналады,
оны кім алады);
3) қалай өндіру керек (ресурстарды қалай қолдану қажет).
Слайд 6Өндіріс факторлары
капитал
жер
еңбек
кәсіпкерлік қабілет
Слайд 7Өндіріс – ресурстарды адамдардың қажеттіліктерін тікелей немесе жанама қанағаттандыратын игіліктерге
айналдыру үдерісі
Слайд 8Әрбір нақты өндіріс процесі белгілі бір факторлар жиынтығымен, олардың арасындағы
тұрақты арақатынастармен сипатталады, яғни белгілі бір технологиямен жүзеге асырылады. Технология
– өндіріс факторларының тұрақты үйлесімділіктері.
Слайд 9Нарықтық экономика -өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру
нысаны.
Нарық – бұл өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және
сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық – экономикалық қатынастар жүйесі.
Слайд 10Нарықтың атқаратын қызметтері
реттеушілік - тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі, яғни не
өндіру керек, кім үшін өндіру керек және қалай өндіру керек
деген мәселелер шешіледі;
баға белгілеу - өндірушілер мен тұтынушылардың тауар мен қызметке деген сұранысы мен ұсынысының өзара әрекетінің нәтижесінде нарықтық баға қалыптасады;
делдалдық - нарық өндірушілер мен тұтынушылар арасында делдал бола отырып, оларға сауда саттықтың тиімді нұсқасын табуға мүмкіндік береді;
ынталандырушылық - баға төмендеген кезде өндірушілер өнім өндіруді қысқартып, жаңа техника-технология енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайтуға ұмтылады;
ақпараттық - баға арқылы тауар өндірудің технологиялық дәрежесі мен шығындары, шаруашылық әрекеттің неғұрлым тиімді бағыттары туралы экономикалық ақпарат беріп отырады;
Слайд 11Нарықтық шаруашылықтың субъекттері және объекттері
Слайд 12Нарық түрлері
Экономикалық мүдделері бойынша - тауар мен қызмет нарығы; өндіріс факторларының
нарығы; қаржы нарығы.
Географиялық орналасуы бойынша - жергілікті нарық; ұлттық нарық; дүниежүзілік
нарық.
Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша - монополиялық нарық; олигополиялық нарық; жетілдірілген бәсеке нарығы; монополиялық бәсеке нарығы.
Сала бойынша - автомобиль нарығы; компьютерлік нарық, т.б.
Сатылу сипаты бойынша - көтерме сауда нарығы; бөлшек сауда нарығы; фьючерстік сауда нарығы.
Заң нормаларына сәйкестігі бойынша- ресми нарық; «жасырын» нарық.
Слайд 13Нарықтың негізгі элементтері:
Өндіруші мен тұтынушы - бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі
үрдісінде қалыптасады, бірі тауарды өндіреді, екіншісі тұтынады;
Баға - баға тауарға деген
сұраныс пен ұсынысқа байланысты нарықта еркін қалыптасады;
Сұраныс - бұл тауарларға қажеттілік, яғни сатып алушылардың өздеріне қажетті тауарлар мен қызмет түрлеріне ақша төлеу қабілеттілігі;
Ұсыныс - бұл өндірушілердің белгілеген бағалар бойынша сатуға дайындаған тауарларының жиынтығы;
Бәсеке - нарықтық қатынасқа қатысушылардың тауар өндіру, оны сату, сатып алудың ыңғайлы жағдайлары үшін экономикалық сайысы.
Слайд 14Нарықтық сұраныс
сұраныс – бұл сатып алушылар берілген бір уақыт
бірлігінде сатып алғысы келетін және сатып ала алатын игіліктер саны,
көлемі. Демек сұраныс – тұтынушылардың қалауы мен төлемқабілеттіліктерін сипаттайтын экономикалық категория.
сұраныс функциясын келесі түрде бейнелеуге болады:
Qid=f (Pi ,Pj , Pn ,I, W, T, E, K, R)
Pi – берілген тауар бағасы;
Pj , Pn – алмастырушы немесе толықтырушы тауарлар бағасы;
I – белгілі бір уақыт бірлігіндегі сатып алушы табысы;
W – жинақталған байлық;
T – тұтынушылардың талғамдары мен әдеттері;
E – сатып алушының болжалы (соның ішінде инфляциялық болжалдары);
K – мәдени-психологиялық факторлар;
R – табиғи-климаттық жағдайлар.
Слайд 15Сұраныс заңы берілген тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері
тәуелділікті сипаттайды. Сұраныс заңына сәйкес, аталған басқа факторлар өзгермей, берілген
тауар бағасы Pi өссе, сұраныс көлемі Qid төмендейді.
Слайд 16Алайда сұраныс заңына бағынбайтын, яғни берілген тауар бағасы мен сұраныс
көлемі арасында тура тәуелділік болатын жағдайлар да болуы мүмкін
1)
Гиффен парадоксы (сапасы төмен тауарлар және алмастырушы тауарлар);
2) ассиметриялы ақпарат (төмен баға тауардың төмен сапасы туралы «белгі береді» немесе, керісінше, жоғары баға жоғары сапа туралы «белгі береді»);
3) «лайықты» тұтыну (Веблен эффекті). Бұл жағдайда тауар сапасы үшін емес, жоғары бағасы үшін сатып алынады. Бұл жағдайда тауар бағасының өзі тұтынушылық игілік болып табылады.
4) күтілген инфляция эффекті. Экономикалық тұрақсыздық жағдайында тауар бағасының елеусіз өзгерістерінің өзі тұтынушылардың инфляциялық күдіктерін күшейтуі, сәйкесінше сатып алу көлемінің өсуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Слайд 17Нарықтық ұсыныс
Нарықтық ұсыныс – берілген белгілі бір уақытта және жағдайларда
өндірушілер өндіре алатын және өндіргісі келетін тауар көлемі (саны).
Qs
=f (Pi ,Pj , Pn , T, t, N),
мұндағы Pj , Pn - басқа тауарлар мен өндірістік ресурстар бағасы;
Т – қолданылатын технология сипаттамасы;
t – салық мөлшерлемесі;
N – өндірістің табиғи-климаттық жағдайларының сипаттамасы.
Слайд 18Ұсыныс заңы басқа факторлар өзгермеген жағдайда баға өскен сайын ұсыныс
көлемі де өсетінін көрсетеді. Демек, ұсыныс заңына сәйкес, басқа жағдайлар
өзгеріссіз болғанда берілген уақытта берілген тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, өндірушілер сол тауарды соғұрлым көбірек өндіргісі келеді.
Слайд 19Нарықтық тепе-теңдік – бұл берілген баға деңгейінде сұраныс көлемі ұсыныс
көлеміне тең болатын нарық жағдайы.