Разделы презентаций


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Содержание

Жоспары:Қант диабеті жүктілік кезіндеҚант диабеті патогенезіҚант диабетінің жүктілік кезеңдеріне әсеріҚант диабетінің ұрыққа қауіп қатеріҚант диабетінің жүктілерде диагностикасы мен емі.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Тақырыбы: Қант диабеті

мен жүктілік
Топ:718








Орындаған: Жумажанова А.К.
Тексерген: Молдашева З.Б.



Ақтөбе 2017 жыл
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина УниверситетіТақырыбы: Қант диабеті мен жүктілік Топ:718

Слайд 2Жоспары:
Қант диабеті жүктілік кезінде
Қант диабеті патогенезі
Қант диабетінің жүктілік кезеңдеріне әсері
Қант

диабетінің ұрыққа қауіп қатері
Қант диабетінің жүктілерде диагностикасы мен емі.



Жоспары:Қант диабеті жүктілік кезіндеҚант диабеті патогенезіҚант диабетінің жүктілік кезеңдеріне әсеріҚант диабетінің ұрыққа қауіп қатеріҚант диабетінің жүктілерде диагностикасы

Слайд 3Қант диабеті – патогенезінде организмнің инсулинге абсолютті немесе қатыстық жеткіліксіздігі

болатын, зат алмасу бұзылысы мен әр түрлі органдар мен тіндерде

патологиялық өзгеріс тудыратын ауру. Соңғы жылдары жүктіліктің ағымы мен босануда туындайтын асқынулар қатарында эндокринді аурулар саны артуда.
Қант диабеті – патогенезінде организмнің инсулинге абсолютті немесе қатыстық жеткіліксіздігі болатын, зат алмасу бұзылысы мен әр түрлі

Слайд 4Жүктілік кезінде жаңа эндокринді комплекс ана-плацента-ұрық қалыптасады. Жүктіліктің физиологиялық ағымы

мен ұрықтың дамуы осы комплекстің дұрыс қалыптасуына байланысты. Ана ағзасы

мен ұрық арасында гормональды жүйе қолдайтын тығыз байланыс орнайды. Жүктіліктің қалыпты дамуы үшін дұрыс гормональды гомеостаз қалыптасуы қажет. Әр түрлі деңгейдегі эндокринопатиялар перинатальды патология дамуында жоғарғы қауіп-қатер факторы болып саналады. Эндокринді аурулар ішінде жүктілік пен босанудың асқынуларына жиі әкелетін ауруларға қантты диабет пен қалқанша безінің аурулары жатады.
Жүктілік кезінде жаңа эндокринді комплекс ана-плацента-ұрық қалыптасады. Жүктіліктің физиологиялық ағымы мен ұрықтың дамуы осы комплекстің дұрыс қалыптасуына

Слайд 5 Патогенезі:
Инсулиннің абсолютті немесе қатыстық жетіспеушілігі глюкоза утилизациясының бұзылысына, глюконеогенездің

күшеюіне және гипергликемия дамуына әкеледі. Эстроген,прогестерон, плаценталы лактоген сияқты плацента

гормондары мен кортикостероидты гормондар әсерінен көмірсу алмасуы бұзылады. Планцентарлы лактоген айқын гиполитикалық әсер көрсетіп ана ағзасында энергия түзілуіне қажет бос май қышқылдарының деңгейінің жоғарылатады. Қалыпты жүктілік кезінде анаболикалық гормон инсулинге сезімталдық және глюкозаға толеранттылық төмендейді.
Патогенезі:Инсулиннің абсолютті немесе қатыстық жетіспеушілігі глюкоза утилизациясының бұзылысына, глюконеогенездің күшеюіне және гипергликемия дамуына әкеледі. Эстроген,прогестерон, плаценталы

Слайд 6Қант диабетінің жүктілік кезеңіне әсері:

Көптеген әйелдерде жүктіліктің әр түрлі триместлерінде

көмірсу алмасуының бұзылыстары жиілейді. Қазіргі кезде жүктілік диабетогенді фактор ретінде

қарастырылады. Қантты диабет жүктіліктің барлық кезеңдеріне қолайсыз әсер көрсетеді. Бірінші триместрде декомпенсирленген қантты диабет кезіндегі гипергликемия ұрықтың туа пайда болған даму ақаулықтарының даму қаупін 20-35%-ға , жүктілікті көтере алмаушылықты 13,4 %-ға жоғарылатады.
Қант диабетінің жүктілік кезеңіне әсері:Көптеген әйелдерде жүктіліктің әр түрлі триместлерінде көмірсу алмасуының бұзылыстары жиілейді. Қазіргі кезде жүктілік

Слайд 7 Қант диабетінің жүктілік кезеңіне әсері:
Қантты

диабеттің жүктіліктің соңғы мерзіміне әсер етуі диабеттік фетопатиялар симптомокомплексінің қалыптасуына

әкеледі.Негізіг көрінісі бұл - макросомия, кардиомиопатия, өкпе тінінің,орталық жүйке жүйесінің жетілмеуі, гипогликемиялық жағдай, гипербилирубинемия, полицитемия. Қантты диабеттің ұсақ қантамырлық көріністері гестоз ауырлығымен, планцетарлы жетіспеушілік дәрежесімен, ұрықтың антенатальды өлімімен көрінеді. Қантты дибеттің 1-ші типімен ауыратын әйелдерде гестоз жүктілік ағымын ауырлатады . Мерзімінен бұрын босану мен оперативті босанулар жиілігі артуда.
Қант диабетінің жүктілік кезеңіне әсері:   Қантты диабеттің жүктіліктің соңғы мерзіміне әсер етуі

Слайд 8ҚД аурытын жүкті әйел үшін қауіп мыналарға байланысты:
Әйелдегі ҚД-ң

ұзақтығы;
Ауру қай жаста басталды;
Өзіндік түсік тастау жиілігі;
Кетоацидоз,гипогликемия

дамуының жиілігі;
Диабеттің қантамырлық асқынуының өршуі – ретинопатия,нефропатия, жүректің ишемиялық ауруы;
Жүктіліктің асқыну жиілігі- кеш гестоз, инфекция, көп сулылық.
ҚД аурытын жүкті әйел үшін қауіп мыналарға байланысты: Әйелдегі ҚД-ң ұзақтығы; Ауру қай жаста басталды; Өзіндік түсік

Слайд 9Ұрық қауіп қатері:

Ұрық қауіп қатері:

Слайд 10Диабетпен ауыратын әйелдерге жүкті болуға қарсы көрсеткіштер:
-ауыр нефропатия (қан

сарысуының креатинині > 120 мкмоль/л, шумақтық фильтрация жылдамдығы < 50

мл/мин, протеинурия (зәрмен ақуыздың бөлінуі) > 2 г/тәулік);
-гипертония, яғни әйелдің дәрі қабылдауына қарамастан қан қысымы 130-80 мм сын. бағ. жоғары болуы.
-тор қабықтың лазерлі коагуляциясына дейін болған пролиферативті ретинопатия мен макулопатия;
-ЖИА,тұрақсыз стенокардия;
-жедел немесе созылмалы инфекциялық – қабыну аурулары (туберкулез, пиелонефрит и т.б.);
-диабеттік кома — жүктілікті бірінші триместірінде үзуге көрсеткіш болып табылады. Диагностика глюкозаның лабораторлы талдауындағы деңгейіне қарап қойылады.
Диабетпен ауыратын әйелдерге жүкті болуға қарсы көрсеткіштер: -ауыр нефропатия (қан сарысуының креатинині > 120 мкмоль/л, шумақтық фильтрация

Слайд 11Жүктілерге көздің тор қабығының қантамырларының жағдайын тексеру үшін офтальмолог кеңесін

өтуі керек. Егер диабетпен ауыратын жүкті әйел 35 жасқа келсе,артериальды

гипертониямен,нефропатия,семіздік, қандағы холестериннің жоғары деңгейі болса, перифериялық қантамырларында өзгерістер болса ЭКГ өтуі қажет. Егер ЭКГ-да ақау табылса немесе жүректің ишемиялық ауруының белгілері болса жүктемелік сынамалармен тексеруден өтуі керек. Жүктілер перифериялық нейропатия белгілеріне тексерілуі керек.
Жүктілерге көздің тор қабығының қантамырларының жағдайын тексеру үшін офтальмолог кеңесін өтуі керек. Егер диабетпен ауыратын жүкті әйел

Слайд 12Диабетпен ауратын жүктілер жүктіліктің қолайлы ағымын бағалау үшін мына тексерулерден

өту керек:
- гликирленген гемоглобинге қан талдауы - өздігінен

глюкометрмен күніне 5-7 рет қандағы қант деңгейін тексеру - үйде тонометрмен артериялық қан қысымын өлшеу - постуральды гипотензия бар жоғын анықтау, яғни жатқанда немесе отырған қалыпта бірден орнынан тұрғанда бас айналумен көрінетін қан қысымының елеулі өзгерісі - бүйректі тексеру үшін талдаулардан өту. Креатинин мен ақуызды анықтау үшін тәуліктік зәр жинау. Плазма креатинины мен мочевина азотын анықтау үшін қан талдауын тапсыру.
Диабетпен ауратын жүктілер жүктіліктің қолайлы ағымын бағалау үшін мына тексерулерден өту керек:  - гликирленген гемоглобинге қан

Слайд 13Гестационды қант диабеті:
Гестационды қантты диабет диагнозы гликемияны бір реттік анықтауда

қойылуы мүмкін. Гестационды қантты диабет диагнозын кою үшін 75 г

глюкозамен глокозотолеранттылық сынама жүргізіледі. Аш қарынға қан плазмасының қалыпты көрсеткіші 5,1ммоль/л-ге дейін, ал бір сағаттан кейін бұл көрсеткіш 10 ммоль/л-ден аспауы керек. . Ал 2 сағаттан соң –8,5 ммоль/л-ден төмен. Кейде 1(инсулин тәуелді) немесе 2(инсулин тәуелсіз) типті қантты диабет бірінші рет жүктілік кезінде анықталады. Жүкті болу гликирленген гемоглобин HbA1C 6,0% төмен болғанда ғана рұқсат етіледі (1). Глюкометрмен қандағы қант деңгейін өлшегенде қалыпты болуы керек.Әр ҚД-пен ауратын жүкті әйел өзіндік қандағы глюкоза деңгейін бақылау күнделігін жүргізу қажет және оны 1-2 апта аралығында дәрігермен бірге талдау керек.
Гестационды қант диабеті:Гестационды қантты диабет диагнозы гликемияны бір реттік анықтауда қойылуы мүмкін. Гестационды қантты диабет диагнозын кою

Слайд 14Емі:
Фолий қышқылы жүктіліктің 12 аптасына дейін 500 мкг/тәу. Мөлшерінде қабылданады.

Калий иодиді қарсы көрсеткіштер болмаса тәулігіне 250 мкг мөлшерінде. Көз

түбін тексеру мақсатында офтальмолог тексеруі әр триместрде 1 рет жүргізіледі. Егер дене шынықтыру мен емдәм көмегімен қандағы қант мөлшерін қалыпты деңгейде ұстап тұру мүмкін болмаса Жүкті әйелдерге инсулинді диабеттің 1 типінде ғана емес,сонымен қатар 2 типі мен гестационды диабетте де тағайындайды.

Емі:Фолий қышқылы жүктіліктің 12 аптасына дейін 500 мкг/тәу. Мөлшерінде қабылданады. Калий иодиді қарсы көрсеткіштер болмаса тәулігіне 250

Слайд 15Пайдаланылған әдебиеттер:
www.sweli.ru/beremennost/beremennost/zdorove/saharnyy-diabet-pri-beremennosti.html

http://www.rcrz.kz/docs/clinic_protocol Утверждено на Экспертной комиссии по вопросам развития

здравоохранения Министерства здравоохранения Республики Казахстан протокол № 10 от «04»

июля 2014 года

Пайдаланылған әдебиеттер:www.sweli.ru/beremennost/beremennost/zdorove/saharnyy-diabet-pri-beremennosti.htmlhttp://www.rcrz.kz/docs/clinic_protocol  Утверждено на Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения Министерства здравоохранения Республики Казахстан протокол №

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика