Слайд 1Мұнай-газ саласындағы терминдер
Орындаған: С.Сабыр
Е.Айтбай
Қабылдаған: Мамаева Г.Б.
Слайд 2Жоспар
1.Мұнай-газ саласындағы терминдердің қалыптасу жайы
2.Терминологиялық сөздіктермен жұмыс
3.Мұнай және газ саласындағы
терминдердің жасалу жолдары
3.1 Терминдер сөзжасамының семантикалық тәсілі
3.2 Терминдер сөзжасамының
морфологиялық тәсілі
3.3 Терминдер сөзжасамының синтаксистік тәсілі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстанның экономикасының түбегейлі өзгеруіне байланысты және еліміздің мұнай-газ
саласының халықаралық ұйымдардың араласуымен қарқынды түрде дамуына сәйкес бұл ғылым
саласында көптеген жаңа терминдер пайда болады. Бұл жағдай оларды күйелеуді, тәртіпке келтіруді және ғылыми тұрғыдан түбегейлі зерттеуді қажет етіп отыр.
Мұнай әлемдік жанар-жағар май өндірісінде негізгі орынды алатындығы бәрімізге белгілі. Аталған шикізаттың жалпы қолданыстағы тұтыну үлесі күннен-күнге өсіп келеді. Мұнай-газ саласында аудармашыларды қатыстыру арқылы көптеген мемлекетаралық қарым-қатынастар жүзеге асып келеді.
Бұл ғылыми жобада біз мұнай-газ саласындағы терминологияның жүйелік және семантикалық ерекшеліктерін қарастырамыз.
Слайд 4Ғылыми жобаның өзектілігі:
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда мұнай-газ саласындағы
мұнай өндіру, өңдеу жұмыстарының қарқынды түрде дамуына байланысты осы салаға
қатысты көптеген сөздіктер мен энциклопедиялық еңбектер баспадан шығарыла бастады. Бұл еңбектерде арнаулы сала тілін аударуда көптеген қателіктер жіберіліп жатты, ал бұл мұнай саласындағы қызметкерлерге терминдерді қолдануда, құжаттар жүргізуде көптеген қиындықтар келтіріп отырды. Осының негізінде, аталған салада терминдік жүйені қайта қарау және оларды жүйелеу ісінің қажеттігі туып отыр. Бірақ терминжүйені біріздендіру үшін аталған мәселенің зерттелу жайына шолу жасай келе, осы салаға қатысты әрбір терминнің нақты түсініктемесін тілдік заңдылықтарға бағына отырып, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін анықтау қажет емес. Бүгінгі күні мұнай-газ саласындағы терминдер біздің тілімізге орыс тілі арқылы қабылданып отырған жоқ, тікелей ағылшын тілінен алынып отырғандығы белгілі, демек бұл саладағы терминдер осы екі тілді салғастырмалы түрде зерттеудің қажеттілігін көрсетіп отыр. Ғылыми жобамызда арнаулы сала тілін жан-жақты зерттеуге ұмтылыс жасалды, мұнай-газ саласына қатысты ағылшын және қазақ тілдеріндегі терминдерге семантикалық тұрғыдан түсініктеме беруге тырыстық, сол сияқты екі тілдің терминдік жүйесі арасындағы өзгешеліктер мен ұқсастықтардын ажыратуға көңіл бөлінді.
Ғылыми жобамызда арнаулы сала тілін жан-жақты зерттеуге ұмтылыс жасалды, мұнай-газ саласына қатысты ағылшын және қазақ тілдеріндегі терминдерге семантикалық тұрғыдан түсініктеме беруге тырыстық, сол сияқты екі тілдің терминдік жүйесі арасындағы өзгешеліктер мен ұқсастықтардын ажыратуға көңіл бөлінді.
Слайд 5Ғылыми жобаның мақсаты:
Мұнай-газ саласына қатысты терминжасам тәсілдерін анықтау,
зерттеу еңбектеріне шолу жасау, ағылшын және қазақ тілдерінің материалдарына сүйене
отырып, мұнай-газ саласы терминдерінің құрылымдық-семантикалық, атауыштық және қызметтік қасиеттеріне сипаттама беру болып табылады.
Ғылыми жобаның міндеттері:
1) қазақ тілдеріндегі «мұнай-газ» терминологиялық өрісінің қалыптасу және даму тарихына шолу жасау;
2)терминологиялық сөздіктердегі дұрыс аударылмаған немесе қате жазылған терминдерді түзету;
3) «мұнай-газ» терминдерінің терминжасам тәсілдерін зерттеу.
Слайд 6
Қазақ тіліндегі мұнай-газ саласындағы терминжүйенің қалыптасу жайы мен жалпы сипаты.
Тіліміздегі
тіл білімінің терминология саласының дамуы қоғамның ғылыми-техникалық тұрғыдан дамуымен тығыз
байланысты болып келеді. Қазақстан Республикасы әлем бойынша ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына жатады, мұнай қоры жағынан алғашқы ондыққа кіреді, әрине, бұл қазақ терминологиясының осы салада белсенді дамуына өз әсерін тигізбей қоймады, мұнай-газ өндіру саласы отандық өндірістің негізгілерінің бірі саналады.
Қазақ терминологиясының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым – А.Байтұрсынов. Ғалымның фонетика, лексикография, терминология салаларына қатысты жазылған еңбектері күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай келеді. А.Байтұрсынұлы төл терминдер мен кірме терминдерді ұлт ілінің фонетикалық, орфографиялық заңдылықтарына сәйкес дұрыс жазудың, өзге тілдерден термин қабылдау мен термин алмасудың жолдарын, тәртібін атап көрсеткен ғалым. Сол кезеңнің өзінде-ақ ғалым термин комиссиясының төрағасы қызметін атқара отырып, көптеген жаңа терминдерді салалық мамандармен қосыла талқылап, оларды бекітіп, қолданысқа енгізді. Қазақ тіліндегі терминдерді өңдеуде және бірыңғайландыруда сол кезеңнің көрнекті өкілдері – Н.Төреқұлұлы, Е.Омарұлы, Х.Досмұхамедұлы, К.Кемеңгерұлы, Ж.Күдерин, М.Бекенұлы Жұмабаев, Ж.Аймауытұлы, М.Дулатұлы, Т.Шонанұлы сынды алаш зиялылары да өз үлестерін қосқандығын атап кетуге болады.
Слайд 7Қазақ терминологиясының дамуы туралы сөз еткенде белгілі ғалым Құдайберген Жұбановты
атамай кете алмаймыз. Ол бірнеше жылдар мемтерминком жұмысына басшылық етті
және мемлекеттік терминология комиссиясы Бюлеттінің төрт санын баспадан шығарды. Сонымен қатар, әлеуметік экономика, математика, физика, ботаника сияқты ғылым салаларының терминдеріне қатысты мақалалар жариялады. Ғалым Қ.Жұбанов ұсынған терминология қағидаттары 1935 жылы Мәдениет қызметкерлерінің съезінде қабылданды. Қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов термин сөзінің тұңғыш рет ғылыми анықтамасын жасап, олардың лексиканың өзге қатпарларынан өзіндік ерекшелігін қолға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіп береді. 30-90 жылдары Қазақстанда терминтануға катысты практикалық жұмыстардың жүргізілгенін, терминологиялық сөздіктер жасалғанын, терминдерді қолдану мен біріздендіруге қатысты мақалдардың жарық көргенін айта кетуге болады. Осы кезеңде Ә.Қайдаров, К.Мұсаев, Ө.Айтбаев, Т.Жанұзақов, А.Абдірахманов, Ж.Молажаров сынды ғалымдар мен Ә.Сатыбалдиев, Е.Аққошқаров сияқты сала мамандарының термин мәселесіне арнап жазған өзге де авторлардың жекелеген ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалары жарық көрді.
Слайд 8Қазақ тіліндегі мұнай-газ терминдерінің қалыптасу жайын зерттеуші ғалым А.Әбділмановтың пікірінше,
жоғарыда аталған еңбектердің ішінде Х.А.Суербаевтың оқулығын ерекше атауға болады. Себебі,
оқулықтың тілі түсінікті, арнаулы сала бойынша теориялық материалды нақты әрі дәлелді баяндайды. Оқулықта қолданылған терминдердің негізгі бөлігі Терминологиялық комиссия тарапынан бекітілген терминдер. Мәселен: бұрқақ, зауыт, кенорны, қат, ұңғыма, шоғыр.
Қазіргі қазақ тіліндегі мұнай-газ саласына қатысты терминдері төмендегідей сипатта болып келеді.
1.Кірме терминдерді еш өзгеріссіз қолдану: битум- битум, датчик-датчик, забой-забой, карьер-карьер.
2.Кірме терминдерді ана тілінің заңдылықтарына сай сәл өзгертіп қолдану: азотсыздандыру-деазотирование, айырғыш-сепаратор, ауытқы – аномалия.
3. Қазақ тілінің негізінде жасалған төл терминдерін қолдану: саз-глина, сүзгі-фильтр.
Слайд 9Терминологиялық сөздіктермен жұмыс.
Слайд 10
Қазақша баламалары болса да орысша қалпында қабылданған терминдер
Слайд 11Шұбалаңқы және аударылуы қате терминдер
Слайд 12Дара терминдерді жасайтын өнімді жұрнақтар.
-лық, -лік ,-дық, -дік, -тық, -тік
жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: апаттық, ауырлық, ашықтық, беттік, қыртыстық, теңздік.
Бұл жұрнақтар арқылы 113термин жасалған.
-у жұрнағы арқылы жасалған терминдер: ағу, ағытылу, ауытқу, ашу, қорғау, ластау, қопару, қызу, пайдалану, өсу. Бұл жұрнақтар арқылы 101 термин жасалған
-ған,-ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: сөндірілген, бекітілген, бөлшектелген, бұрандамаланған, кедейленген, оқшауланған. Бұл жұрнақтар арқылы 83 термин жасалған.
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш жұрнақтары арқылы бірнеше мұнай-газ саласындағы терминдер жасалған. Бұл жұрнақтар арқылы 75 термин жасалды. Мысалы, ажыратқыш, айналдырғыш, дірілдеткіш, еріткіш, жалғағыш, жарғыш, кептіргіш, кергіш,сақтандырғыш, соққыш, тазартқыш;
-лы, -лі, -ды,-ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: айналмалы, көмірлі, мұнайлы, бағдарлы, құбырлы ,көміртекті, көпіршікті, көпірлі, икемді, инелі. Бұл жұрнақтар арқылы 60 термин жасалған.
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: балқытпа, басқарма, бастырма, жапсырма, бекітпе, бұқтырма, ескертпе, жалғама, көмкерме. Бұл жұрнақтар арқылы 54 термин жасалған
-сыз, -сіз жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: газсыз, қайтымсыз, қажалусыз, жылжусыз, өнімсіз, құйынсыз, апатсыз, әлсіз. Бұл жұрнақтар арқылы 41 термин жасалған.
-шы, -ші жұрнақтары арқылыжасалды. Мысалы, ауытқытушы, мұнайшы, бұрғылаушы, дәнекерлеуші, жинаушы, жөндеуші, жұмысшы, зертханашы, көмекші, көшіруші;
-ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: бұрғы, ажыратқы, сорғы, бастапқы, ақаутапқы, ауытқы, көтергі. Бұл жұрнақтар арқылы 17 термин жасалған.
-шылық, -шілік: айырмашылық, араласпаушылық бірнеше мұнай-газ саласындағы терминдер жасалған. Бұл жұрнақтар арқылы 34 термин, ауытқушылық, кемшілік, кеңеюшілік, қажушылық. Бұл жұрнақтар арқылы 14 термин жасалған.
-ым, -ім, -м жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: айналым, айырым, қысым, өнім, тазартым, болжам, бөлім, желім, ауысым, атқарым. Бұл жұрнақтар арқылы 10 термин жасалған.
-ыш, -іш жұрнақтары арқылы жасалған терминдер: айдауыш, былғауыш, бұрауыш, құрауыш, өлшеуіш, реттеуіш, желпуіш. Бұл жұрнақттар арқылы 7 термин жасалған.
Слайд 13Дара терминдер жасайтын өнімсіз жұрнақтар:
-ша,
-ше: белдемше, білікше, жарғақша, күймеше;
-ыс, -іс: бұрылыс,жарылыс,құйылыс;
-тек: заттек, көміртек;
- шыл: агрессияшыл;
-қай: алаңқай;
-нама: құбылнама;
-тама: құжаттама;
-тану: мұхиттану.
Слайд 14Мұнай-газ саласындағы омоним болатын терминдер:
Слайд 15
Мұнай-газ саласындағы синоним болатын терминдер:
выключатель - айырғыш, ажыратқыш, ажыратқы;
надрубать -
жару, тік жару, аздап жару;
удаление-жою, кетіру,өшіру;
факел-шырақ, алау, от
перекрытие -
ара жабын, қайта жабу, тіреу.
апорт - рапорт,баянат, есеп.
керн- керн, тасбаған, кен жынысының қазығы
перекладина-көпір ағаш, салма, бөрене, көлденең шабақ.
сегмент-буынтық, құрақ, сегмент.
10) изгиб-иілім, бүктесін, бүгіліс, иірім
11) взброс-ығысу, бүрку
12) покрышка-аяққап, шеңберқап, дөңгелек тысы
13) подкос-тіреуіш, еңкіш таяныш, діңгек
14) фланец-жалпақ сақина, ернемек, диск
15) штанга-шыбық, қарнақ.
16) увеличение – арту, көбею, ұлғаю
Слайд 16Мұнай-газ саласындағы антоним терминдер:
ағытылу (выключение) – қосу (включение)
ажыратқыш, ажыратқы
(разъединитель) – қосқыш (соединитель)
айдап шығару (удаление) – қосу (добавление)
айырмашылық (расхождение)
– ұқсастық (схождение)
арту (увеличение) – кеміту, азайту (уменьшение)
байытылған (обогащенный) – кедейленген (обедненный)
бекіту (закрепление) – босату, босаңсыту (расшативание)
бөліну (разделение) – қосу,қосылу (соединение)
бұзылу (повреждение) – жақсару (улучшение)
жабу (закрыть) – ашу (открыть)
біріктіру(соединять) – айыру (разделять)
орнату (устанавливать) – бөлшектеу (разбирать)
Слайд 17Мұнай-газ саласындағы шартты белгілер