қосқан «Classmates» болып табылады. Сайттың аудармасы «Сыныптастар». Сайттың мақсаты, сыныптастарды
және мектептегі достарды табуға мүмкіндік жасау. Бастапқыда сайт танымал емес еді, өйткені профильді жасау және достарды қосу функциялары болмады. Ал сайт қолданушылары тек білім беру мекемелерінің және сонда оқыған оқушылардың тізімін ғана көре алатын. «Classmates» әлеуметтік желілердің пайда болуына түрткі болды. Жоба нәтижелі болды, және де өз иелеріне табыс әкелді. Осыған қызығушылықпен қараған басқа адамдар өз әлеуметтік желілерін ойлап табуға кірісті. Бүгінгі күні сайт өз жұмысын жалғастыруда. Әлем бойынша сайттың қолданушылар саны 50 млн.
Бүгінгі күнні, біздің түсінігіміздегі бірінші толыққанды әлеуметтік желіні Эндрю Вейнрейх 1997 жылы іске қосқан «SixDegrees»-деп айтуға болады. Әлеуметтік желінің мақсаты «алты қолалысу» теориясын дәлелдеу еді.
Келесі әлеуметтік желілер «AsianAvenue», «MiGente», «BlackPlanet» 1997 және 1999 жылдары аралығында пайда болды. Функционалдығы жағынан алдындағылардан қатты өзгешелік болмады.
1999 жылдың 18 наурызында америкалық студент-программист Брэд Фицпатрик «жанды журнал» - Livejournal-ды құрды. Ол ТМД елдерінде кең танымал болды. «Livejournal»» бірінші болып топтарды құрып, хат алмасу мүмкіндігін еңгізді. Осыны біз бүгін барлық әлеуметтік желілерден байқай аламыз.
2004 жылы Марк Цукерберг «TheFacebook» әлеуметтік желісінің негізін қалады. 2005 жылдан бұл желі «Facebook» деп атала бастады. 2008 жылы «Facebook» әлеуметтік желісі әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіге айналды, және де бүгінгі күнге дейін көштің басында. Бүгінгі күні «Facebook» әлем бойынша «Google»-дан кейін ең көп танымалдылыққа ие екінші интернет сайт.
2006 жылы Джек Дорси - «Twitter» жобасын іске қосты. Ол тез дамып келе жатқан жаңа әлеуметтік желіге айналды. «Twitter»-дің ерекшелігі, тек 140 символдан ғана тұратын хабарлама жаза аласыз. 2010 жылдан бастап сайттан видео, фото көруге мүмкіндіктері пайда болды. Бүгінгі таңда «Twitter» әлем бойынша ең көп қаралатын сайттардың 10-на кіреді.
Тарихы