Слайд 1№ 8 Дәріс
Тақырып: Жалпы географиялық шолу карталары.
Дәріс жоспары:
8.1 Жалпы
географиялық шолу карталардың ерекшеліктері.
8.2 Жалпы географиялық шолу карталарда табиғи
объектілерді бейнелеу ерекшеліктері.
8.3 Жалпы географиялық шолу карталарда әлеуметтік-экономикалық объектілерді бейнелеу ерекшеліктері
Дәріс сабағының негізгі мақсаты: ұсақ масштабты географиялық карталарда жер бетіндегі объектілер мен процесстерді бейнелеу ерекшеліктерімен танысу.
Слайд 28.1 Жалпы географиялық шолу карталардың ерекшеліктері.
Жалпы географиялық шолу карталардың топографиялық
карталарға салыстырғанда негізгі ерекшеліктерінің бірі бейнеленген құбылыстар мен жер беті
бейнелеуінің аса маңызды жалпыластыруы. Жалпы географиялық картаның масштабы ұсақ болғандықтан картада көрсетілетін табиғи және әлеуметтік-экономикалық элементтер санын шектеуге мәжбүрлейді. Мысалы, бұл карталарда өсімдік жамылығысының бейнеленуі толық емес, шаруашылықтың сипаттамасы шектелген. Ұсақ масштабты карталарда көптеген жалпы табиғи және әлеуметтік-экономикалық объектілер мен процестерді толық көрсетілуі мүмкіндігі болмағандығы ол карталарды шартты түрде «жалпы географиялық» терминімен атаған.
Слайд 3 Шолу жалпы географиялық картаның мазмұнына табиғи ландшафттың элементтерінен негізінен су
объектілері мен жер бедері бейнеленеді, ал әлеуметтік-экономикалық элементтерден – елді
мекендер, жолдар, әкімшілік бөлінуі. Кейбір жағдайда өсімдік жамылғысының жеке элементтерін көрсетеді, мысалы, ормандарды; әлеуметтік-экономикалық объектілерден – шаруашылықтың және мәдениеттің жеке объектілері.
Тарихи кезеңдердегі карталарды салыстырғанда бейнелеу әдістері күшті өзгергендігі байқалады, сондықтан карталардың сыртқы көрінісі әр түрлі болып келеді, дегенмен, мазмұнының элементтері аз өзгерген. Барлық тарихи кезеңдерде карталарда сулары, жер беті сипаты, елді мекендер және жолдар көрсетілген. Жалпы географиялық карталар мазмұнының ұзақ уақыт бойы салыстырмалы түрде сақталуы мұндай типтегі карталар аумақты зерттеу үшін қажеттілігін көрсетеді (төмендегі суреттерде көрсетілген карталарды салыстырып көріңіз).
Слайд 4Сурет 8.1 Птолемей жасаған карта (б.д.д. 2 ғ)
Слайд 5Сурет 8.2 XVIII ғ. Самара мен Царицын арасындағы Еділ өзенінің
картасы.
Слайд 6Сурет 8.3 Африканың жалпы географиялық картасы.
Слайд 7
Сурет 8.4 РСФСР Саратов облысы және Немістер АССР картасы
Үлкен Совет
Атласы бойынша, 1940 ж., 2 том, № 51
Слайд 8 Ұсақ масштабты шолу жалпы географиялық карта әр түрлі мәліметтерді көрсетеді.
Мұндай карталарды зерттеу, бейнеленген аумақтың географиялық орнын және оның бөліктерінің
кеңістікте орналасуы туралы түсінік береді. Аумақтың табиғаты, экономикалық объектілері, жер бетінің игеру деңгейі туралы т.с.с. мәлімет келтіріледі. Бұл карталардан жер бедері мен суларын салыстырып климат факторларына сипаттама беруге болады. Жалпы географиялық карталар басым Дүние жүзінің географиялық атластарында қолданылады, атластардың мұндай карталары анықтама карталары болып табылады. Мысалы, атластарда мемлекеттердің аумағы жалпы географиялық карталарда бейнеленген.
Слайд 9Сурет 8.5 Татарстанның жалпы географиялық картасы.
Слайд 10Сурет 8.6 Америка Құрама штаттарының жалпы географиялық картасы.
Слайд 118.2 Жалпы географиялық шолу карталарда табиғат объектілерін бейнелеу ерекшеліктері.
Су объектілерін
бейнелеу. Теңіздердің жаға бойы сызығы және құрлықтың сулары ұсақ масштабты
шолу карталардың барлық түрлерінде көрсетіледі. Теңіз жаға бойы, көлдер, өзендер, картада елді мекендер мен тағы басқа да географиялық объектілерді орнату үшін ориентир болып табылады.
Жалпы географиялық карталарда Дүниежүзілік мұхиттың жаға бойы сызығын, табанының бедерін, оның бөліктерін көрсетеді. Кейбір карталарда мұхиттағы теңіз жолдарын, мұхиттық ағыстарды, тұрақты және жүзетін мұздардың таралу шекараларын көрсетеді. Мұхит табанының бедерін гипсометриялық тәсілімен бейнелейді. Тереңдіктердің көршілес сатыларының шекарасы ретінде изобаталар қызмет атқарады. Тереңдігі өзгермейтін сызықты изобата деп атайды. Изобаталарды тереңдік белгісі бойынша құрастырады, яғни горизонтальдарды биіктік белгілері бойынша құрастыру сияқты (Сурет 8.7, 8.8).
Слайд 13Сурет 8.8 Баренц теңізі табанының бедері.
Слайд 14 Шолу жалпы географиялық карталар үшін тереңдіктердің стандарттық шкаласы жоқ, бірақ
барлық карталарда Дүниежүзілік мұхит табанының барлық ірі пішіндерін шектейтін изобаталар
көрсетіледі. (200 метрлік изобата материктің қайраңды көрсетеді, 2000 м изобата шамамен материктік беткей мен мұхат шарасы арасындағы шекара, мұхиттың ең терең учаскесі – терең сулы шұңғымалар (науалар) – 6000 м изобатамен көрсетіледі). Изобаталар арасындағы сатылар көк бояумен көрсетіледі, негізгі принцип тереңдеген сайын түс қоюланады.
Мұхит акваториясының кейбір учаскелерінде бейнелеудің гипсометриялық тәсілін толықтыратын тереңдіктер белгілері санмен көрсетеді. Мұндай сандық белгілерімен мұхит немесе теңіздің ең терең жерлерін, фарфатер бойынша ең тайыз жерін көрсетеді.
Слайд 15Ұсақ масштабты шолу жалпы географиялық карталарда теңіз немесе мұхит жаға
бойын көрсету картаның маңызды элементі болып табылады. Оның себебі, теңіздің
жаға бойы акваториясы шаруашылықта, теңіз көлігі, балық аулау т.с.с. үшін кеңінен қолданылады, сонымен бірге теңіздің жаға сызығы мемлекеттердің табиғи шекарасы болып табылады. Төмендегі суреттерде теңіз жағаларының түрлері көрсетілген.
Сурет 8.9 Теңіз жағалараның түрлері.
Слайд 17 Ірі өзендердің өзен жүйелері үлкен аумақты қамтиды, сондықтан оларды толық
тек шолу карталарда бейнеленеді. Өзен жүйесінің басты өзенін сызықтық шартты
белгісін қалыңдау түрінде көрсетеді. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карта бойынша өзен жүйесінің ерекшеліктері туралы мәлімет алуға болады. Мысалы, өзен жүйесінің конфигурациясы, симметриялық немесе асимметриялық, басты өзенінің жоғарғы, орта және төменгі ағыстары арасындағы айырмашылықтар т.б. қасиеттері мен элементтері туралы мәлімет алуға болады.
Сонымен қатар өзен жүйесінің алқабы (бассейні) туралы түсінік қалыптастыруға болады: көлемі және пішіні, қоректену облыстарының ерекшеліктері, суайырықтарының сипаты т.с.с. туралы мәліметтер. Өзен аңғарының сызықтың белгісінің ұзындығы өзеннің ұзындығы туралы түсінік береді.
Слайд 18 Картада өзеннің ұзындығын өлшегенде ұсақ масштабты картада жалпыластыру өте жоғары
болатындығын есепке алу қажет. Мысалы, Москва өзенінің ұзындығы 502 км,
масштабы 1:1 250 000 картада өзеннің ұзындығын өлшегенде ол 375 км құрады, яғни оның ұзындығының 75 % құрайды. Ал масштабы 1:2 500 000 картада осы өзеннің ұзындығын өлшегенде 240 км шықты, ол өзеннің нақты ұзындығының жартысын құрады. Өзендер шартты белгісінің ені масштабтан тыс көрсетіледі.
Жалпы географиялық карталарда көлдерді көлеміне байланысты әр түрлі жолымен көрсетеді. Мысалы, Каспий теңізін тереңдіктер шартты белгілерімен бейнелейді. Кейбір карталарда ірі көлдерді изобаталармен көрсетеді. Сандық шартты белгілерімен көлдердің тереңдігін көрсетеді, кейбір жағдайда көл жаға бойының абсолюттік биіктігін көрсетеді. Сонымен бірге көлдердің тұздылығын түспен көрсетеді.