Слайд 1Орындағандар: Жамалова Б
Жанасілова Э
Жұмашева А
Өмешова Г
Тексерген: Рамазанова С.А.
Слайд 2Бейіндік білім беру – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын
қамтамассыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта
білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады. Бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру. Бейінді оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.
Слайд 3Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін
талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын,
қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс. Жеке тұлғаны дамыту мәселелері-Л.С.Выготскийдің, М.Б.Блонскийдің, С.Л.Рубинштейннің, Л.В.Занковтың, Д.В.Элькониннің еңбектерін атауға болады. Бейіндік білім беру оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін ескере отырып, оқытуды саралау-даралау тұрғысынан қарауды ескереді. Саралап оқытудың теориялық негіздерін педагогикалық-психологиялық зерттеулерде А.Н.Леонтьевтің, Г.И.Щукинаның, Б.Г.Ананьевтің, А.А.Кирсановтың, Е.С.Разумовский, Э.Унттың, С.А.Бударныйдың, А.М.Гельмонттың, Е.Л.Голанттың еңбектерін жатқызуға болады.
Слайд 4Мектепте бағдарлы сараланған бағытта В.В.Гузеевтің, В.А.Монаховтың, М.Ж.Жадринанын, В.В.Фирсовтың, Т.Б.Захаровтың еңбектерінде
көрініс тапты. Осылайша педагогика және психология әдебиеттерінде бейінді оқытуды саралау-даралау
процесі, жеке тұлғаға бағытталуы қарастырылған.
Бейіндік білім берудің мақсаты: Оқушының кәсіби бағдары мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін туғызу.Бұл мақсатты жүзеге асырудың институтционалдық формалары бейіндік мектеп пен жалпы білім беретін мектептің бейіндік сыныптары болып табылады.
Слайд 5Міндеттері:
- Жалпы білім беруді мектептің түлектердің еңбек нарығына ену процесіне
назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;
- Оқушылардың таңдаған бейініне
қарай жалпы орта білім көлеміндегі жеке пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- Мектепте білім беру процесінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамассыз ету, оқушының білім алу әрекетіне қызығушылығын арттыру;
- Оқушылардың оқытудың ішкі бейіндік курстарын нақты таңдауына және икемді білім алу бағдарламаларын құруына мүмкіндік беру;
- Білім беру мазмұнын жаңғырту және оның әрекеттік компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру;
- Оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлегін жоғары кәсіби білім алуға біршама тиімді даярлау. Бағдарлы оқыту – жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сатысында даярлы оқытуға, оқушының әлеуметіне және мектептің жоғары сатысының орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.
Слайд 6Бағдарлы оқыту – бұл оқушыны жоғарғы оқу орнына дайындауды орындау.
Мемлекет әзірге 2 (жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық) бағытты анықтады. Бұған 12
жылдық оқытуға өткенде технологиялық бағыт қосылады. Бағдарлы оқыту типтері:
Жеке бағдарлы мектеп – нақты бағдарды жүзеге асырады
Көп бағдарлы мектеп – бірнеше бағдарлы оқытуды жүзеге асырады
Жалпы білім беретін мектептер мен лецейлерде бағдарлы білім беру
Лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде ұйымдастырылуы мүмкін.
Слайд 7Бағдарлы оқытудың негiзгi мiндетi бағдарлардың икемдi жүйесiн жасауға және мектептiң
жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн мекемелермен
үйлестiруге келiп саяды. Сонымен бiрге бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай мiндеттердi де шешудi қамтамасыз етуi қажет :
Жалпы орта бiлiм бағдарламасының жеке пәндерiн тереңдете оқыту ;
Бiлiм мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке бiлiмдiк траекториясын құруға жағдай жасау ;
Жалпы орта және кәсiби бiлiм арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында бiлiмiн жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.
Слайд 8Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкiндiктерi, ата-аналар мен
таңдалып алынған бағдар пәндерiн оқытатын мұғалiмдердiң пiкiрлерi, әдiстемелiк бiрлестiк ұсыныстары,
болжау мәлiметтерi, тестiлеу нәтижелерi ескерiле отырып құрылады. Ол оқушыларға негiзгi назарды болашақ кәсiби бiлiмнiң таңдалып алынған бағдарының негiзiн құрайтын пәндердi оқуға аударуға мүмкiндiк бередi[10].
Бейіндік мектеп оқу жоспарына сәйкес мыналарды оқу қажет:
Міндетті базалық пәндер;
Таңдауы бойынша 4-тен кем емес бейіндік пән;
Таңдау бойынша 3-тен кем емес элективтік курс;
“Зерттеу және шығармашылық әрекет негіздері” арнаулы курсының модулі. Сонымен қатар 11-12 сынып оқушыларының аудиториялық оқу жүктемесінің жиыны рұқсат етілетін жүктеменің 36 сағатынан аспауы тиіс.
Бейінді оқытудың икемді жүйесі оқу пәндерінің түрлі типтерін қамтиды, олар:
базалық жалпы білім беретін пәндер;
бағдарлы пәндер;
қолданбалы курстар;
таңдау курстары.
Слайд 9Мұндағы базалық жалпы білім беретін пәндер – барлық бағдарларда оқушылардың
бәріне тетегіс міндетті. 2002 жылғы МЖМБС бойынша жаратылыстану-математикалық бағытта оқыту
үшін мұндай пәндер саны 9, олар: математика, физика, химия, биология, география, өнер, технология, дене тәрбиесі, АӘД. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты үшін базалық жалпы білім беретін пәндер саны 12: ана тілі мен әдебиеті, қазақ/ орыс тілі (мектептің оқыту тіліне байланысты), қазақ/ орыс әдебиеті (мектептің оқыту тіліне байланысты), шетел тілі, дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, қоғамдық білім негіздері, құқықтану негіздері, технология, дене тәрбиесі, АӘД.
Қолданбалы курстар – оқыту бағдарының құрамына кіреді, оған қатысу міндетті, ол мектептік компонент есебінен жүзеге асырылады және екі функция атқарады: негізгі бағдарлы пәндерді оқытуды «қолдайды» және оқытуды ішкі бағдарлы мамандандыру үшін қызмет етеді. Қолданбалы курстар мазмұны бойынша ҰБТ өткізілмейді
Слайд 10Қолданбалы курстарды оқытудың мақсаты: оқытуды даралауға және оқушыны әлеуметтендіруге, болашақ
кәсіби іс-әрекет саласын саналы және жауапты түрде таңдауға және дайындауға
бағдарлау
Міндеттері:
оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;
курстың практикалық бағыттылығын сақтай отырып, зерделенетін материалды өмірмен байланыстыру;
қолданбалы курс бағдарламасының кәсіптік училищелердегі, колледждердегі және жоғары оқу орындарындағы оқыту мазмұнымен сабақтастығын ескеру;
жоғары сынып оқушыларының іргелес мамандықтарға ортақ қарапайым біліктіліктерді игеруін қамтамасыз ету.
Слайд 11Арнайы курс бағдарламалары құрылымы:
1.Бағдарламаны құрастырушылардың аты-жөні
2.Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес
қолданбалы курстың тақырыбын анықтау
3.Бағдарламаның түсінік хатын дайындау:
курстың мақсаты;
оқушылардың дайындығына қойылатын
талаптар;
пәнаралық кіріктіру;
кәсіпке бағдарлау, оны оқушыларды диагностикалау материалдарына сүйене отырып, таңдауды негіздеу;
уақыт көлемі, сабақтың жиілігі.
4.Курстың тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұнын іріктеу.
5.Курсты ұйымдастыру формасын анықтау.
6.Курсты оқытуды аяқтау формасы(реферат, жоба, т.б.).
7.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.
8.Ұсынылатын әдебиеттер (оқушылар мен мүғалімдерге бөлек көрсетіледі)
Слайд 12Ал таңдау курстары – оқыту бағдарының шеңберінен тыс оқушы компоненті
(жеке сабақтар, консультациялар және т.б.) есебінен жүзеге асырылады. Оқытуды бағдарлаудың
қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары шеңберінде жасалатын оқытудың мүмкін бағдарларының мазмұны мектептің жұмыстық оқу жоспарының вариативті құраушысының қолданбалы курстарын бейнелеуі тиіс.
қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы оқыту бағдарлары:
- лингвистика
- филология
- тарихи-филология
- тарихи-құқықтану
-тарихи-қоғамтану және т.б.,
жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқыту бағдарлары:
- математика
- физика-математика
- математика-экономика
- физика-технология
- биология-химия
- география-биология
- биология-экология
- экология-салауаттану және т.б
Слайд 13Мектептің жоғары сыныптарында бейінді оқыту қажеттілігі мемлекет пен қоғам тарапынан
мектептегі білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптардан, республиканың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени
дамуынан туындаған заңды құбылыс болып табылады. Бүгінгі күнгі мектеп тәжірибесінде бейінді оқыту бірқатар қиындықтармен қабаттасып өтіп келеді, бұл оқу бағдарламаларының ғылыми ақпарат ауқымының арттырылуынан туындап отыр. Оқытудың қоғамыдқ-гуманитарлық және жаратылыстану математикалық бағыттарындағы оқу бағдарламалары мен тұжырымдамалары жасалды. Жоғары сыныптарды (11-12) бейіндеп оқытуға көшу, жалпы еліміздегі білім беру жүйесінде бар түрлі олқылықтар мен кемшіліктерден арылуға жол ашады, әлемдік білімге зер салып жете білуге, мейліне көңіл аударуға мүмкіндік туғызады деп ойлаймын. Білім берудегі кездесетін олқылықтарды толтыру сияқты мәселелерді зерттеу келешектің ісі болып табылады.
Қорытынды
Слайд 14Профильное обучение в школе: опыт, проблемы, перспективы. Материалы республиканского семинара-совещания.
Под ред. М.Жадриной. – Алматы, 2005
А. Айбаршын. Бағдарлы оқытудың
негізгі мәселелерінің бірі. //Қазақстан мектебі, 2009, №6
Бағдарлы сыныптарда қолданбалы курстарды оқыту //Физика және астрономия., 2007, №1., .3-6б.
Пайдаланылған әдебиеттер: