Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Орал реалдық училищесін үздік (1903 ж), Санкт
– Петербург Императорлық Әскери академиясын алтын медальмен (1909 ж) бітірген. 1909-13 ж. Пермь губерниясында, 1 – Түркістан, 2 – Орал орыс-казак атқыштар батальеонында әскери дәрігер, 1913-17 ж. Темір уезінде дәрігерлік қызмет атқарды. Халел Досмұхамедов 1905 жылдан бастап саяси күреспен айналыса бастады. Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанның бес облысы игі жақсылары бас қосқанОралдағы жиынға қатысып, қазақ халқы тәуелсіздігін ту еткен Алаш қозғалысының жұмысына белсене араласады. 1913 жылы әскери дәрігерлік қызметін тастағаннан кейін біржолата Алаш қозғалысына ден қойып, оның саяси қызметіне араласа бастайды.Өмірбаяны