Слайд 1«Сулейман Демирел атындағы Университет»
«Экономика» факультеті
7 –дәріс: Инвестициялық саясат пен
Инновациялық саясат
аға оқытушы: Бектұрғанова С.Ө.
Слайд 2
Дәріс жоспары:
Құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттағы инвестициялық сфераның рөлі.
Инвестициялаудың субъектілері
мен объектілері.
Инвестицияның негізгі пайда болу көздері.
Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік
реттеу нысандары: инвестициялық бағдарлама, мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару.
Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары: салық жүйесі, қаржылық көмек, несие және амортизациялық саясат.
Слайд 3Қазақстан экономикасы белгілі болғандай
бұрынғы КСРО шаруашылық байланыстарының нақтылы сипаттарымен және
бай табиғи ресурстарының болуы есебінен, шикізаттық бағыт басымдық жағдайда дамыды.
Кешегі күнге дейін мұндай саясат дамудың ілгерілеу сипатын қамтамасыз етті.
Алайда, өсу көрсеткіші кандай да болмасын айтарлықтай болғанымен, тек шикізаттық факторды пайдалана отырып, республика экономикада тұрақты онды нәтижелерге жете алмайды.
Слайд 5Мұндай жағдай неге қалыптасқанын түсіну үшін, жоспарлы шаруашылықтан мұра болып
қалған экономика құрылымын қарастырған жөн.
Оның алты сипаттамасын белгілейміз:
1. Өндірістік құрылымның
«қиғаштығы» өндіріс құралдары өндірісінің пайдасына.
2. Көптеген салалардың техникалық және технологиялық мешеулігі.
3. Өндірістік қорлардың тозуының жоғарылығы.
4. Ғаламдық балансталмау.
5. ӘӨК –ге (ВПК) жұмсалатын ( елдің экономикалық әлеуетінің жыл сайын 2/3-нен) үлкен шығындар. Оны ұстауға жыл сайын ҰТ-тың 18-20 пайызы жұмсалды, нәтижесінде көліктік, энергетикалық, акпараттық, коммуналдық және әлеуметтік құрылымдардың жағдайы кері кетті.
6. АӨК (АПК) құрылымының терең деформациялануы (бүгінде оның көптеген салалары дағдарысқа ұшыраған).
Слайд 6 Одан басқа, объективті факторлардың
ықпалы субъективті факторлардың әрекетімен күшейді (басқарудың барлық деңгейінде кәсіптік шеберліктің
және құзыреттіліктің төмендігінен), нәтижесінде жаңартпашылдыққа, бәсекелестік күреске және тұты-нушылық сұранысты қанағаттандыруға қабілетсіз, шектен тыс ауыртпашылықты құрылым қалыптасты.
Слайд 7
Экономиканың қалыптасқан құрылымы көп жағдайда, қаржылық ресурстардың, бағытталуына «міндетті». Мысалы,
Инвестициялар негізінен кен өндіруші салаларға, жылжымайтын мүлік операцияларына , көлік
және байланыс және өңдеуші салаға бағытталды.
Мұның барлығы - елдегі салалық және аймақтық құрылымдарды өзгерту мен қалыптастыру бойынша үйлесімділікке ықпал етуде, салалық өнімнің әр түрлі өндіру арасындағы қатынастарға ықпал етудегі мемлекет іс-әрекетінде құрылымдық-инвестициялық қайта құру қажеттілігі туындатты.
Сонымен бірге, экономиканың құрылымын, оның бәсекелестік қабілетін дамытуға және қазіргі заманғы технологияны қажетсінетін өндірісті жетілдіру бойынша міндеттер тұрды.
Әртараптандыру ғылымды қажетсінетін, жоғары технолоғиялық және бәсекелестікке қабілетті өнімдердің пайдасына, қызмет үлестерін көтеруге және соңында құны болатын, тауар өндіруге, ЖІӨ құрылымының өзгерістеріне бағытталуы тиісті.
Индустриалдық саясатты әзірлегенде негізгі назар шикізат ресурстарын қайта өндеуге байланысты салаларды дамытуға, яғни мұнай-химиядағы, металлургиядағы, машина құрылысындағы; тұтыну тауарларын және құрылыс материалдарын өндірудегі төртінші және бесінші технологиялық қайта жасауды құруға аударылатын болады.
Сонымен бірге экспорт және импорт орнын толтыратын, шикізаттық емес бағыттарды құру басты мақсат болып табылады.
Слайд 82. Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштері: ұдайы өндірісті реттеу,
«мотор-салаларды» анықтау.
Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көбіне
көңіл бөлу керек:
біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгестіріне нарықтық механизм әсер ете алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді мемлекеттік тарапынан реттеу керек.
екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізүші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрымдылық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес.
Слайд 9Экономикағы құрымдылық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің
экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдірге белгіленген мақсаттарға қол
жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты.
Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат – макроэкономикалық, салық және аймақтық деңгейлерде құрымдылық саясатты қалыптастыру негізгі болып табылады.
Шетелдік технологиялық инвестицияларға толықтай бағытталу, біріншіден отандық машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін салалардың мүддесіне шек келтіруі мүмкін;
екіншіден, елде техникалық процестін негізгі бағыттары бойынша күрделі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге қажеттілік төмендеуі мүмкін.
Материалдық өндірістің аса маңызды салаларында аймақтық ерекшеліктерді ескерместен әкімшілік әдістермен жекешелендіру шараларын жүзеге асыру түптеп келгенде жұмыссыздықтың өсуіне, халықтың ауылдын қалаға көшуін күшейтіп, экономиканың аграрлық секторының материалдық – техникалық және ғылыми – интеллектуалдық базасының құлдырауына алып келеді.
Слайд 10Ірі салалардың құрамында салалық бөлімдерге бөлінеді. Осындай өнеркәсіп екі ондаған
салалық бөлімдерді ұстайды: электроэнергетиканы, машина құрылысын, жеңіл, тамақ химиясы, мұнай
химиясы және т.б.
Материалдық өндіріс, сондай-ақ мына салааралық кешендерден тұрады: жанармай-энергетикалық кешені, агроөнеркәсіп кешені, мемлекеттік машина құрастыру кешені, машина құрастыру, әскери-өнеркәсіптік кешен, химия-орман, көлік және т.б.
ЖІӨ -дегі өнеркәсіптің үлесі 20 пайызға жуық. Өнеркәсіп саласында 40 пайыздан артық ЖҰӨ шығарылады.
Қазақстанда барлық ЖІӨ-нің үштен бір бөлігін, республиканың еңбекке жарамды тұрғынының әрбір төртіншісі жұмыс істейтін өнеркәсіп өнімдері құрайды. Соңғы уақытта тоқырау-туралау дәрменсіздік салдарын жеңіп, тұрақты өсу сатысына шыққан, кәсіпорындардың саны тұрақты өсуде.
Слайд 11Минералдық-шикізаттық кешеннен жоғары технологиялы өнеркәсіптік өндіріске табыстарды салу жолымен өндірісті
әртараптандыруға және экспортқа жетуге бағытты өзгерту, яғни жаңа мақсаттар қою
қажет.
Тұжырым үш факторға негізделген:
1. Бәсекелестікке қабілеттілік.
2. Адам факторы.
3. Минералдық-шикізаттық кешен (МШК).
Индустриалдық саясат деп бәсекелестікке қабілетті кәсіпкерлікті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін мемлекет қолайлы жағдай тудыратын және қолдау көрсететін кешенді шаралар түсініледі.
Мемлекеттік өнеркәсіптік саясат оның құрылымын қайта құру мен жұмыс істеуге қабілетті тұрғындардың көбірек толық жұмыспен қамтамасыз етілуі мүмкіндігі негізіндегі экономикалық өсуге көмектесуді қосқанда, өнеркәсіптің қалыпты жұмыс істеуіне бағытталған.
Слайд 12Инвестициялық САЯСАТ.
Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
мемлекеттік бюджеттік қорларды
пайдалану арқылы;
ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын
тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
шетелдік инвестицилар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;
Слайд 13жалғасы
Құрылымдық – инвестициялық саясатты жүзеге асырудың маңызды механизмдерінің бірі –
басымды салаларда жеделдетілген өтелім нормасын белгілеу бұл жоғарыда аталған резевтерді
арттыруды қамтамасыз етеді.
Бұл істе қарастырылып отырған салалар кәсіпорындарының пайдасына салынатын салықты азайту (жеңілдікпен салық салу), сондай – ақ инновациялық қызметке, әсіресе жаңа ғылыми – техникалық жетістіктерді ендіруге бағытталған пайда бөлігін тұтастай салықтан босату маңызды рас атқарады.
Мұндай қызмет жеңілдікпен несие беру механизмі мен салықтық несие бөлу арқылы да ынталандыру шарт.
Слайд 14Жалғасы
Егер отандық және шетелдік инвесторлар басымды салалар объектелеріне көңіл
болсе ғана салықтық жеңілдіктер жасалуы керек. Бірінші кезекте ішкі (отандық)
несие қорларын қолдануға көңіл бөлу қажет, өйткені шетелдік несиелер, жоғарыда атап өтілгеніндей, нәтижесінде мемлекетке 2 – 3 есе қымбатқа түседі.
Ерекше атап өтетін тағы бір мәселе, жеңілдікпен салық салу – қалдықсыз және экономикалық жағынан тиімді технологияларды қолдануға негізделген инвестициялық жобаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ететін инвесторларға қолданылуы тиіс.
Егер кәсіпорындар мен инвестициялық жобаларды шикізатпен, техникамен, құрал – жабдықтармен және т.б. импорт есебінен қамтамасыз ету көзделген болса, онда басымды салалардың (аймақтар барынша қарқынды дамуы үшін жеңілдікпен кедендік ағымдар алуды ұйымдастырудың да маңызы бар.
Алайда импорты алмастыратын отандық өмір өндірісі көп жағдайда – 2 өте тиімді тағы да атап өткен жөн. Нақтылы осы мақсатта басымды салалар мен өндірістер жүйесінде кәспкерліктің, шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыру механизмдерін барынша батыл түрде қолдану керек.
Слайд 15Инвестициялаудың субъектілері мен объектілері.
Инвестициялар экономикалық категория ретінде кез-келген үкіметтің
экономикасының дамуына керекті бірқатар қызметтер атқарады. Инвестициялар микро деңгейде ең
алдымен келесідей мақсаттарға жету үшін керек:
өндірісті кеңейту және дамыту;
негізгі қорлардың шектен тыс моральды және физикалық ескеруіне жол бермеу;
өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
белгілі мекеме тауарының сапасын көтеру және бәсекеге түсу қабілетін қамтамасыз ету;
табиғатты қорғау шараларын іске асыру;
бағалы қағаздарды сатып алу және басқа мекемелер активіне қаржылық салымдар салу.
Слайд 16Инвестициялар макродеңгейде келесі қызметтерді атқарады:
кеңейтілген өндіріс саясатын іске асыру үшін;
ғылыми-техникалық
прогресті тездетіп, отандық тауарлардың сапасын арттырып және бәсекелестігін қамтамасыз ету
үшін;
қоғамдық өндіріс құрылымын қайта құруға және халық шаруашылығының барлық сапасының бірегей дамуы үшін;
өндіріске қажетті шикізат базасын құру үшін;
азаматтық құрылыс, денсаулық сақтауды, мәдениетті, жоғары және орта мектептерді дамыту және де басқа әлеуметтік проблемаларды шешу үшін;
жұмыссыздық проблемасын шешу немесе азайту үшін;
табиғи ортаны қорғау үшін;
әскери-өндірістік кешенді конверсиялау үшін;
мемлекеттік қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету және көптеген басқа проблемаларды шешу үшін негіз болып табылады.
Слайд 17Пайда немесе түрлі табыс табу мақсатымен өз еліндегі белгілі бір
халық шаруашылығындағы саласына күрделі қаржының капиталдың ұзақ мерзімге салынуы (жұмсалуы),
яғни капиталдың шет елге шығуы, өндіріске тікелей жұмсалуын тікелей инвестициялар деп атаймыз. Ал капиталдың жергілікті компания кәсіпорындарға салынуын портфельді инвестиция деп атаймыз. Инвестицияларды төмендегідей жіктеуге болады:
Инвестициялау объектісіне байланысты:
а) кәсіпорынның негізгі қорларын инвестициялау ғимараттар салуға, өндірісті жүзеге асыру үшін қажетті өндіріс құралдарын сатып алуға кеткен қаражаттар;
б) тұрғын үй құрылысын инвестициялау, тұрғылықты өмір сүру үшін қажетті пәтерлерді жалға беру, үй алуға жұмсалған капитал;
в) запастағы инвестициялар. Болашақта өндірісте қолдануға байланысты тауарларды сатып алуға жұмсалған капитал.
Құрылымына байланысты инвестициялар:
а) жиынтық инвестициялар – негізгі капиталдың тозуына байланысты төленетін жарнамалармен қоса жалпы салынған капиталдың жиынтық шамасы;
б) таза инвестициялар – амортизациялық қордың бір бөлігін қоспағандағы жиынтық инвестициялар.
3. Салым бойынша:
а) жеке құралдарға байланысты;
б) тартылған құралдарға байланысты;
4. Меншік бойынша:
а) ұлттық;
б) шетелдік;
в) мемлекеттік;
г) жеке.
Слайд 18Қаржылық салымдар және қаржылық емес активтердегі инвестициялар қаржылық салымдары ақша
қаражаттарының заңды тұлғалардың бағалы қағаздардағы материалдық және жергілікті басқа құндылықтарды
мемлекеттік және жергілікті қағаздардың проценттік облигациялары, заңды тұлғалардың капитал қорлары (мемлекеттегі немесе шетелдегі), басқа заңды тұлғалардан алынған заңды тұлғалардың қарыздарының салынуын көрсетеді.
Кредиттің және қарыздың қайтарылу мерзіміне қарай қаржылық салымдар ұзақ мерзімді (бір жылдан жоғары) және қысқа мерзімді (табыс алынған кезден бастап бір жыл ішіндегі).
Қаржылық емес активтердегі инвестициялар – бұл негізгі капиталдағы инвестициялар, капиталдық жөндеуге кеткен шығындар, табиғатты пайдаланудағы жергілікті жерлерді немесе объектілерді иемденудегі инвестициялар, материалдық емес активтердегі инвестициялар (патенттер, лицензиялар және тағы басқа).
Негізгі капиталдағы инвестициялар шығын жиынтығын, негізгі қорларды иемденуін, құруын және өзгеруін көрсетеді. Қаржылық емес активтер – патенттер, лицензиялар, табиғатты пайдалану объектілерін, жергілікті жерді пайдалану құқығы, авторлық құқық, кәсіпорын шығындары, сауда маркасы мен тауар белгісі, шикізаттар, ноу-хау.
Слайд 19Инвестицияның негізгі пайда болу көздері.
Инвестициялық процесті қаржыландырудың негізгі көздері
ретінде жеке және тартылған қаражат құралдары болып табылады.
Жеке құралдарға:
кәсіпорын және мекеме қолындағы пайда, амортизация, қор жинау, сақтандыру органдарының төленетін сомасы.
Тартылған құралдарға: банктердің кредиті, салынған акциядан қаражаттарды, қамқорлық және басқа қорлардағы салымдар, қарызға алынған қаражат түрлері, мемлекет бюджетінен алынатын қаражат, бюджеттік емес қорлардағы қаражат, шетел инвестициялары.
Шетел инвестицияларына шетел инвестицияларының кәсіпорын немесе мекемедегі толық немесе жеке меншікті инемденуін, акция немесе басқа бағалы қағаздарды сатып алуын, жеке және заңды тұлғалардың кредиттерін, банк салымдарын және жылжымайтын мүлікті иемденуін жатқызамыз.
Слайд 20Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын негізгі екі санатқа бөлуге болады:
меншікті ресурстар және
сырттан тартылған ресурстар.
Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалануда бірқатар қиындықтар
туындап отыр. Кәсіпорынның меншікті ресурстарына кәсіпорынның акционерлік капиталы, бөлінбеген табысы және амортизациялық аударымдары жатады.
Амортизациялық аударымдар инвестициялық дамуға бағытталған қаржыларды топтастыруда маңызды орын алады, ал бұрын ол тек немқұрайлы бухгалтерлік санатқа жататын. Бірақ амортизациялық аударымдар инфляцияның себебінен тез құнсызданады, негізгі қорларды қайта бағалау өте сирек жүреді де, шаруашылықтың құбылмалы жағдайына барабар керісінше жауап қайтарып үлгере алмайды, соған қоса, жеделдетілген амортизация мөлшерлері іс жүзінде әлі толық пайдаланылмай келеді.
Слайд 21Күрделі шығындардың көлемі салыстырмалы түде аз болғанда немес техникалық қата
жарақтандыру немесе қайта жаңғыртуды біртіндеп жүргізген жағдайда ғана бөлінбеген табыс
пайдаланылады.
Ал қазіргі жағдайда бөлінбеген табыс толығымен тек өндірістік үдеріс тұрақтылығын ұстап тұруға ғана жұмсалады.
Кәсіпорнның меншікті инвестиция көздері іішінде акционерлік капиталдың орны ерекше. Оның есебінен техникалық қайта жарақтандыру, кәсіпорынды жетілдіру немес қайта жаңғыртумен байланысты ірі жобалар өте тиімді қаржыландырылуы мүмкін. Дегенмен, бұл әдіс акцияларды эмиссиялау, оларды орналастыру және кәсіпорын қызметі бақылауда болуына байланысты едәуір қиындықтармен ұштасып жатыр.
Кәсіпорын облигацияларды және де басқа орта және ұзақ мерзімді борыштық құнды қағаздарының эмиссиясын, инвестициялық несиенің барлық түрі және қаржылық лизингті сырттан тартылған инвестициялық ресурстар көздеріне жатқызуға болады.
Слайд 22Облигациялар эмиссиясы қосымша қаржы ресурстарын тартудың әлемдік тәжірибесінде танылған, әрі
дәстүрлі көзі болып табылады. Бірақ, қазақстандық шаруашылық тәжірибесінде бұл қаржы
құралы бірқатар себептрге байланысты тиісті дамуын таппай отыр.
Біріншіден, жеке және институционалдық инвесторлардың басым бөлгі коммерциялық құнды қағаздарға, әсіресе, егер ол мемлекеттік кепілдемесі жоқ болса, сенімсіз түрде күдікпен қарайды.
Екіншіден, үлкен тәуекелдік деңгейіне байланысты коммерциялық облигациялардан түсетін табыс сол сияқты мемлекеттік бағалы қағаздарының табысына қарағанда жоғары болуы тиіс. Дегенмен, қазірге дейін мемлекеттік қағаздарға салынған салым табыстылығы жағынан оған нарықта теңдесі табылмай отыр.
Үшіншіден, мерзімі жарты жылдан артатын мемлекеттік құнды қағаздар нарықта әлі қлыпты қаржықұралына айналып үлгерген жоқ. Сол себепті, үкімет кепілінсіз техникалық қайта жаңғыртуға жеткілікті өтем мерзімі ұзақ, қауіпзтәуекелі жоғары ұжымдық қағаздар әлі де едәуір инфляциялық күтімімен сипаттамтын қазақстандық секілді нарықта сұраныс таппауы мүмкін.
Слайд 23Нарықтық экономика жағдайында әр түрле елдерде жүргізілген эмперикалық зерттеулер көрсеткендей,
кәсіпорын үшін оның сыртқы капиталды пайдалануы меншкті капиталына қарағанда тиімдірек
болып табылады. Бұлай дегеніміз, қарыз капиалын пайдалану шығындары жеке қаржылар есебінен жұмсалған баламалы шығындарынан төмен дегенді білдіреді.
Солай бола тұра, қарыз көздері қаржыландыру шығыны баламалы жеке қаржы шығындарынан әрдайым төмен бола бермейді. Атап айтқанда, басқа шартары тең деп алғанда, кәсіпорын капиталында қарыз қаржысы қаншалықты көп болса, соншалықты бір акцияға түсетін пайда жоғарылай түседі. Қарызды қаржыландыру квотасын жоғарылату меншікті капитал табыстылығының өсуіне және кәсіпорын мүлкінің нрақтық құны артуына алып келеді. Бірақ, екінші жағынан, сырттан қаржыландыру үлесі артуы осы кәсіпорынды басқарумен байланысты қауіпзқатердің артуына себеп болады, демек меншікті капиталды пайдалану төлемақысын жоғарылатуды талап ететді. Қарызды қаржыландыру көздерін артыр убелгілі бір шекке жеткенге дейін кәсіпорын капиталын пайдалану шығындарының орташа пайызына оң ықпал етеді, ал ол шегерадан өткен соң шығындар айтарлықтай қарқынмен өсе береді. Бұдан шығатын қртыынды – меншікті жәнеқырыздық капитал арасында қаржыландырудың ең аз орташа шығынына сәйкес еклетін оңтайлы қатынас бар. Бұл оңтайлы құрылым салалық еркешеліктерге, кәсіпорын ішіндегі ерекше жағдайлар мен капитал нарығындағы жағдайларға тәуелді. Еңжалпылама кеңес – қарыз капиталы кәсіпорынның меншікті қаржысынан асып түспеуі тиіс. Оңтайлы құрылымға қол жеткізілгенде, оның құрылымын бұзбай, қарыз капиталының қосымша көздерін пайдалану үшін сол мөлшерде меншікті капиталды да арттырып, оытру қажет.
Слайд 24Қысқа мерзімдік қарыздық капиталға келетін болсақ, негізінен мұнадй қаржыландыру нұсқаларын
пайдалануда кәсіпорын күрделі қаржы жұмсаудан түскен табыс есебінен осы қарыздарды
өтеуге мүмкіндік туғанда ғана қолдануға тырысады. Бұл қаржыландыру негізінен меншікті қорлар мен ұзақ мерзімді қарыз капиталы есебінен жүзеге асырылуы тиіс дегенді білдіреді. Кері жағдайда, несиелер бойынша төлемді кәсіпорын күрделі салымынан алынуға тиісті табысқа дейін төлеуге тиісті болады. Бірақ мегшікті капитадың аздығы мен ұзақ мерзімді инвестициялар нарығының дамымауына байланысты, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында отандық кәсіпорындар бұл қағиданы әрдайым жүзеге асыра алмауы мүмкін. Сол себепті, тиімді болмаса да, инвестициялық мақсаттарда қысқа меозімді қаржыландыру көздері де пайдаланылуда.
Слайд 25Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу нысандары: инвестициялық бағдарлама, мемлекеттік инвестицияларды тікелей
басқару.
Әзірленген инвестициялық бағдарлама туралы айтсақ, онда инвестор тек мұнай-газ
және тау-металлургиялын ғана емес, сонымен бірге экономиканың басқа да саласына шын көңілмен қолайлы жағдай жасауға бағытталған салым салуды бастайды.
Мемлекеттік инвестициялық қолдау өзара байланысты және өзара тәуелді өндіріс топтарына керсетілетін болады.
Кластер ағылшын тілінен аударғанда -«ұйысқан» деген , мағынаны білдіреді. Кластерлер — бұл аз аумағының шағындығына қарамастан, халықаралық еңбек бөлінісінде алдыңғы жайғасымда орналасқанын және экономикалық маманданғанын көрсете отырып, өзінің жақын орналасуын пайдасына шешетін, бәсекелестікке қабілетті компаниялардың және жеке салалар шеңберіндеші кәсіпорындардың өзара байланысты топтары.
Қазакстанға кластерлік өндірістік жүйені қалыптастыру мақсатында экономика құрылымын талдау мәселесі тұр. Мемлекет экономиканың бәсекелестік қабілетінің өсуінің катализаторы ретінде көрінеді және өндірістің, осы міндетке сәйкестігін құруды ұсына отырып, маңызды рөл атқаруы тиісті.
Слайд 26Бір ел экономиканың барлық аясында мамандана алмайды, және оны бастау
үшін әлем рыногынде көрсете алатын сол брендтерді анықтауы қажет. 2004
жылдың шілдесінде
«Қазақстан экономикасын экономиканың мұнай-газ шығаратын саласындағы кластерді дамыту арқылы әртараптандыру» жобасының басталуына негіз жасалынды. Жобаның тапсырысшысы – республиканың үкіметі болса, осындай стратегияны жүзеге асыруда тәжірибесі бар, «JE Austin» және «Econmic Competitiveness Qroup» (ЕСQ) американдық консалтингтік компаниясы орындаушы болды. Жобаның басты мақсаты - өндірісті өсіру мен қосымша құнның үлкен үлесімен өнімдерді экспорттауға басымдылықты кен шығарушы саладан кен шығармайтын саланы ығыстыруы және соңғы саланың өнімділігін арттыру.
Сарапшылар қазақстандық экономиканың жүзден астам секторындағы рынокты, сұранысты, ұсынысты және даму болжамын тартымды көзқарас тұрғысынан талдады. Қорытындысында, жеті басымды бағыт таңдалды: туризм, мұнай-ғаз машина құрылысы; тамақ өнеркәсібі, жеңілөнеркәсіп, көлік, металлургия, құрылыс материалдарын шығару. Бұл рыноктың сараланымы «шикізаттық салада елдің экономикасының ұзак мерзімді мамандануын анықтайды.
Слайд 27Мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру, осы іс
- әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын – ала дайындауда талап
етеді.
Мемлекеттің инвестициялық қызметін реттеуде шетел инвестицияларын тарту мен тиімді пайдалану маңызды рол атқарады. Кестедегі көрсеткіштерге жүгінсек, олардың үлесі 1995 жылғы 1,5 пайыздын 2000 жылы 38,6 пайызға дейін өскен.
Шетел инвестицияларында жетекші орындарды Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея т.б. алып отыр. Айта кететін бір жайт, инвестициялық белсенділікті жоғарылатуға ұйымдастырушылық – құқықтық және салық жүйелеріндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесінде айқынсыздық т.б. кедергі болуда. Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметітің, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі қағадаларының тұрақты болуы өте маңызды. Шетелдік инвесторлардың қызметімен тартылған инвестициялық қорлары, тиімді пайдалануға ұйымдық – құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ішкі саяси, институционалдық т.б. жағдайлар жасағанда ғана, мемлекет жоғарыда айтылған мәселелерді дұрыс шеше алады. Әзірге, осы жағдайлардың жетіспеушілігіне, құқтық негіздердің жиі өзгертілуіне, инвестициялық қорларды пайдалану үрдісінің жариялы болмауына, экономикалық басқару органдарының тізімі мен құзырының жиі өзгертілуіне, билік құрылымдарының сыбайлас жемқорлығына т.б. байланысты шетелдік инвесторлар сақтық танытуға немесе бекітілген келісім – шарттардан біржақты пайда көздеуге мәжбүр.
Мемлекет тарапынан инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру, осы іс - әрекетті ұйымдастырудың логикалық моделін алдын – ала дайындауда талап етеді.
Мемлекеттің инвестициялық қызметін реттеуде шетел инвестицияларын тарту мен тиімді пайдалану маңызды рол атқарады. Кестедегі көрсеткіштерге жүгінсек, олардың үлесі 1995 жылғы 1,5 пайыздын 2000 жылы 38,6 пайызға дейін өскен.
Шетел инвестицияларында жетекші орындарды Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея т.б. алып отыр. Айта кететін бір жайт, инвестициялық белсенділікті жоғарылатуға ұйымдастырушылық – құқықтық және салық жүйелеріндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесінде айқынсыздық т.б. кедергі болуда. Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметітің, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі қағадаларының тұрақты болуы өте маңызды. Шетелдік инвесторлардың қызметімен тартылған инвестициялық қорлары, тиімді пайдалануға ұйымдық – құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ішкі саяси, институционалдық т.б. жағдайлар жасағанда ғана, мемлекет жоғарыда айтылған мәселелерді дұрыс шеше алады. Әзірге, осы жағдайлардың жетіспеушілігіне, құқтық негіздердің жиі өзгертілуіне, инвестициялық қорларды пайдалану үрдісінің жариялы болмауына, экономикалық басқару органдарының тізімі мен құзырының жиі өзгертілуіне, билік құрылымдарының сыбайлас жемқорлығына т.б. байланысты шетелдік инвесторлар сақтық танытуға немесе бекітілген келісім – шарттардан біржақты пайда көздеуге мәжбүр.
Слайд 28Мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары төмендегідей болғаны жөн:
шетел инвесторларына кепілдік
беретін құқықтық, қаржылық, сақтандырушылық т.б. механизмдерді жетілдіру;
олардың инветсициялық келісімдерде көрсетілген
міндеттемлерін толық орындауын бақылау;
басыңқы салалар мен аймақтарды артықшылықпен дамыту үшін инвестицияларды тартудың әр түрлі әдістері мен жолдарын кеңінен қолдану;
отандық және шетелдік инвесторлардың импортты ауыстыратын өнімді дайындаушы өндірістерге, экспорттық әлуетті жоғарылатуға қаржы жұмсауын ынтыландыратын механизмдерді әзірлеу және іс жүзінде қолдану;
басыңқы салалардың, әлеуметтік және экономикалық жағынан артта қалған аудандардың (қалалардың) дамуына қаржы жұмсайтын инвесторларға жеңілдетілген салық тәртібін орнату, несие беру;
экономиканың аграрлық және инфрақұрылымдық салаларына қаржы жұмсайтын заңды және жеке тұлғаларға материалдық – техникалық, қаржы – бюджеттік, салықтық, несиелік, т.б. қолдау жасау.
Жоғарыда айтылған мемлекеттің инвестициялық қызметінің бағыттары тек негізгі болып саналады, олардың нақты құрамы экономика дамуының тиісті кезеңіне сәйкес жүргізілетін мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты анықталған.
Слайд 29Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары: салық жүйесі, қаржылық көмек, несие
және амортизациялық саясат.
Негізгі капитал амортизациясы – бұл оның физикалық
және моральдық тозу, көнеру процесі. Амортизация негізгі капиталдың тозған және көнерген заттай элементтерін жаңасына алмастыруды білдіреді.
Салықтар арқылы жүзеге асырылатын ЭМР құралдарының арасында негізгі капиталды жеделдетілген амортизациялық есептен шығару және онымен байланысты қаржы министрлігі шешімі аясында жүзеге асырылатын жасырын резервтерді қалыптастыру мен жүргізу ерекше орынға ие. Жеделдетілген деп амортизациялық қорға құралдарды оларды пайдалану кезеңінен гөрі қысқа мерзімде есептен шығару аталады.
Нарықтық экономикалы елдерде қазіргі таңда амортизациялық есептен шығарудың келесідей түрлері пайдаланылады:
- сызықтық немесе ропорционалды;
- қосымша (амортизациялық аударымдар сомасы есептен шығарылатын объектінің бастапқы құнынан асып кеткенде);
- ерекше (шаруашылық қызметті бүтіндей немесе селективті жандандыру мақсатында бұрын белгіленген жеңілдіктер үстіне амортизациялық аударымдар нормасын уақытша көбейткенде);
- алдын ала (амортизациялық есептен шығару машнаның немесе ғимараттың жұмыс істеуді бастағанға дейін жүзеге асырылғанда);
- Дегрессивті (кемімелі) (аударым негізгі капиталдың заттай тасушысының бастапқы емес, баланстық құнынан жүзеге асырылғанда)