Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Морфология кафедрасы
Тақырыбы: Ұрықтық дамудың қатерлі
кезеңдері.
Тератогендік факторлар. Тератогенез.
Орындаған: Оразбай М.А.
2-027 топ ЖМФ
Тексерген: Джумабаева С.К.
.
Қарағанды, 2018
Слайд 2Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ұрықтық дамудың қатерлі кезеңдері
Тератогендік факторлар
Тератогенез
Қорытынды
Пайдаданылған әдебиеттер
Слайд 3
Кіріспе
Адам эмбриологиясы - адам ұрығы дамуының, яғни оның құрылысы және
қызметтерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Болашақ дәрігерлік практикасына эмбриологиялық мәліметтеді
жетік білудің маңызы зор. Себебі, әртүрлі ішкі және сыртқы зиянды факторлардың әсерінен қалыпты эмбриондық даму, ана- нәресте жүйесіндегі қатынастар бұзылып, түсіктер, туа біткен кемістіктер, нәрестенің туылғаннан кейін болатын аурулары пайда болады. Олардың даму механизмдерін, факторларын анықтау негізінде, медициналық эмбриология осы эмбриопатияларды алдын -алу, емдеу шараларын жете зерттейді.
Слайд 4
2.1. Ұрықтық дамудың қатерлі кезеңдері
Жануарлар дамуын зерттеу нәтижесінде
дамудың қатерлі кезеңдері болатындығы анықталды. Дамудың қатерлі кезеңдері деп ұрықтың қоршаған
ортаның әр түрлі зиянды факторларына өте сезімтал кезеңдерін айтамыз. Бұл кезеңдерде зиянды факторлар әсерінен онтогенездің қалыпты жүруі бұзылып, ұрық не өліп қалады не міндетті түрде әр түрлі ақаулар қалыптасады. Дамудың қатерлі кезеңі терминін 1897 жылы Браун енгізген болатын.
Слайд 5 Дамудың әр түрлі қатерлі кезеңдерінде ұрықтар түрліше факторларға сезімтал
болады. Мысалы: дамушы уылдырықтар оттегі жетіспеушілігіне, жылылыққа, механикалық әрекеттерге сезімтал.Онтогенездің
кейбір кезеңдерінде ұрықта өте жоғары сезімталдық болатынын австриялық дәрігер Норман Грегг (1944ж) және Кеңес эмбртологы П.Г Светлов (1960ж) анықтады. Дамудың қатерлі кезеңдерінде ұрықта метаболизм, тыныс алу құбылыстары күшейеді, РНҚ қасиеттері, иммундық мәртебесі өзгереді, өсу қарқыны төмендейді. Оттектің және нуклеин қышқылдарының жеткілікті болуы қиын кезеңдер салдарын байқатпайтын факторлар болып табылады. Дамудың қатерлі кезеңдері эмбриогенездің бір кезеңінен екінші кезеңіне өтуімен, морфологиялық жіктелу сатыларымен тұспа-тұс келеді. Адам ұрығының дамуының қиын кезеңдері бірінші аптаның аяғы-екінші аптаның басы аралығы және жүктіліктің 3—6 апта аралығы болып саналады.
Слайд 72.2. Тератогендік факторлар
Клеткалардың пролиферациясы және дифференциациясы кезінде ұрық зиянды әсерлерге
өте сезімтал болады. Ұрықтың дамуына зиянды әсер ететін факторлар тератогендік
(лат: teras – ақаулар) факторлар деп аталады. Оларға рентген сәулесі, алкоголь, никотин, дәрі-дәрмектер, вирустар, бактериялар, қарапайымдылар, құрттар және т.б. жатады.
Слайд 8
Тератогендік факторлардың салдарынан туа біткен даму ақаулары
пайда болады. Туа біткен даму ақауларын зерттейтін ғылым тератология (гр.teratos-
кемтар) деп аталады. Тератология туа біткен даму ақауларының себебін, патогенезін және сыртқы белгілерін зерттейді. Дамудың туа біткен ақаулықтарына мынандай өзгерістерді жатқызамыз: Ангенезия- мүшенің дамымауы, болмауы. Аплазия- мүшенің нашар дамыған ақаулықтарының ғана болуы. Микрасома- нәресте денесінің ұзын болуы, т.б.
Слайд 10Тератогендік факторлардың әсер ету уақытына қарай ақауларды:
гаметопатия — гаметалардың
зақымдануы. Бұл кездері кіріккен егіздер, циклопия (жалғыз көзділік), сиреномелия т.с.с.
ақаулар пайда болады;
бластопатиялар − ұрықтанудан кейін алғашқы екінші аптадағы зиготаның зақымдалуы. Бір қатар жағдайларда осы кезеңдегі ұрықтарда келесі бластопатиялар деп аталатын паталогиялық өзгерістер кездеседі:
симметриялық немесе ассиметриялық егіздер ақаулығы
сиреномиелия және циклопия
жатырдан тыс жүктілік
эмбриопатия— ұрықтың 16 күннен - 8 апта аралығында зақымдануы;
фетопатия - ұрықтың 9 апталығынан нәресте дүниеге келгенге дейінгі аралықта закымдануы.
Слайд 11 2.3. Тератогенез
Тератогенез – эмбриогенездің қалыпты дамуының
бұзылуы нәтижесінде дамудың туа біткен ақаулары мен кемістіктердің көрініс беруі
Адамдарда
Жануарларда
Слайд 13
Қорытынды
Жүктілік кезінде екі организм – ана және ұрық ағзалары арасында
функциялық жүйе қалыптасады. Ана-нәресте жүйесі қалыптасу кезінде бірқатар кризистік кезеңдер
пайда болады. Бұл кездерде ана-нәресте функциялық жүйесі өте жараланғыш болып келеді. Сондықтан, ана және нәресте организмдері арасындағы гистологиялық, иммунологиялық және т.с.с. ерекшеліктерін зерттеу жүктілікті медициналық қорғаудың негізін қалайды. Адамның құрсақ ішінде дамып, туылу мерзіміне дейінгі, дамудың әрбір сатысындағы қатерлі кезеңдерді, эмбрионға тератогендік факторлардың зиянды әсерін, туа пайда болатын ақаулықтардың даму механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді. Ұрыққа сыртқы тератогендік факторлардың әсерінен ұрықта түрлі кемтарлықтар, аномалиялар пайда болып, дамуы мүмкін.
Слайд 14
Пайдаланылған әдебиеттер
Стамбеков С.Ж., Петухов В.Л. Молекулалық биология. Оқулық/ҚР. Новосибирск: Семей
МУ, 2003. –216 бет.
Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика.
Шымкент.2008, 424 б
Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,544 с.
Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки, Руководство для врачей. Пер с англ. М.: БИНОМ – Пресс,2003- 272 с.
Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина,2003.
Генетика. Учебник для ВУЗов / Под ред. Академика РАМН В.И. Иванова. – М.: ИКЦ «Академкнига»,2006.-638 с.:ил.
Источник: http://freeref.ru/wievjob.php?id=228351