Слайд 1Танымдық психикалық процестер: ойлау
Ойлау танымдық әрекеттің жоғарғы формасы ретінде.
Ойлаудың
негізгі операциялары.
Ойлаудың негізгі формалары.
Ойлаудың түрлері.
Слайд 2Ойлау
Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс
ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние затары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Слайд 3Ойлау адамның әрекетімен тығыз байланысты. Адам шындықты өзі әсер ете
отырып таныса, әлемді өзі өзгерте отырып таниды.
Ойлау тек қана әрекетпен
немесе әрекет тек қана ойлаумен шектелмейді-әрекет ойлаудың пайда болуының алғашқы формасы.
Ойлау бізге тікелей көре алмайтын және бақылай алмайтындарымыз жайлы біліп, талдауға мүмкіндік береді.
Слайд 4 Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигналдар жүйесі арқылы
түсіндіріледі. Ойлау ми қабығының күрделі анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда уақытша
жүйке байланыстары жетекші роль атқарады.
Сигнал жүйелерінің мидағы қызметі бірдей, бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.
Слайд 5 Адамның ойы әрқашан сөз арқылы білдіріледі. Ойлаудың жоғары
формасы, сөздік-логикалық ойлау.
Сөздік-логикалық ойлау нәтижесінде адам күрделі байланыстарды, әрекеттрді
бейнелеп, ұғым қалыптастырып, қортынды жасап, күрделі теориялық тапсырмаларды шешеді.
Слайд 6Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Ойлау мен сөйлеу бір нәрсе деп олардың арасына теңдік белгісін
қою дұрыс емес.
Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.
Ойдың дамуы нақтылы іс-әрекетпен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білумен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
Слайд 7
Адамдардың ойлау әрекеті ойлау операциялары арқылы жүзеге асады:
анализ және синтез, салыстыру, абстракция, жалпылау және нақтылау.
Слайд 8 Анализ дегеніміз – ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың
мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.
Синтезде ой арқылы заттар мен
құбылыстардың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез бір-бірімен тығыз байланысты, бірінсіз бірі болмайтын құбылыс.
Слайд 9Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда
болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Салыстыру біржақтылы (толық
емес, бір белгісі бойынша) және көпжақтылы (толық, барлық белгілері бойынша); үстірт және терең болып бөлінеді.
Салыстырудың жоғары деңгейде дамуы- бір-бірінен күшті айырмашылығы бар немесе керсінше объектіден айырмашылықтарын табу.
Слайд 10
Абстракция деп– шындықтағы аттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы
оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды айтамыз.
Слайд 11Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру,
яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой.
Жалпылау – біртекті
заттардың, құбылыстардың ортақ қсиеттерін оймен біріктіру.
Слайд 12Ойлаудың негізгі формалары
Ұғым, пікір, ой қортынды
индукция, дедукция, аналогия
Слайд 13Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы
және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Танымдық құбылыстардың ерекше сипатына қарай ұғым:
жалқы және жалпы, тұрмыстық және ғылыми болып бөлінеді.
Тұрмыстық ұғым іс- әрекет пен көрнекі бейнелік тәжрибе барысында қалыптасады.
Ғылыми ұғым оқу барысында қалыптасады және онда сөздік-логикалық ойлау басты орында жүреді.
Слайд 14Пікір бұл-бір зат туралы мақұлдау не теріске шығаруда көрінетін ой
формасы (жалпы, жеке, кесімді, жорамалды
ақаиқат және жалған).
Ойқортынды – бірнеше
пікірден жаңа пікірлер шығаруға негізделген ойлаудың логикалық формасы.
Индукция, дедукция және аналогия – бұлар ой қортынды жасаушы тәсілдер.
Индукция – жекеден жалпыға, ал дедукция – жалпыдан жекеге, аналогиялық -ұқсастықтары бойынша ой қорытынды жасау.
Слайд 15 Ойлаудың түрлері.
Көлемдік ауқымына орай-
дискурсивті (кезеңдік процесс) және интуитивті (желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған);
Шешілуі
қажет мәселелердің жаңалығына байланысты- шығармашыл және қайта жаңғыртушы
Слайд 16 Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты- теориялық және практикалық болып бөлінеді.
Теориялық
ойлау объектілердің қасиеттері мен заңдылықтарын ашуға бағытталған. Теориялық, интеллектуалдық ойлау
тәжрибелік әрекеттердің бастауы.
Практикалық ойлау уақыт тапшылығында мақсат қоя біліп, жоспар мен жобалар құруда көрінетін ойлау түрі.
Слайд 17Шешілуі тиіс мәселенің мазмұнына орай– заттық- әрекеттік, көрнекі -бейнелік, сөздік
-логикалық ойлау болып бөлінеді.
Ойлаудың барлық түрі бір-бірімен тығыз байланысты. Ойлаудың
барлық түрінің толық қалыптасуымен ғана адам шындық дүниені дұрыс және толық қамтуға мүмкіндік алады.