Слайд 1Тақырыбы: “Қар көшкіні”
Орындаған: Қарабеков
Б
Қабылдаған: Қалдыбаева Ж
Астана 2013 жыл
Слайд 2Қар көшкіні
Қар көшкіні – тау шыңдары мен беткейлеріндегі қар және
мұздықтардың қозғалуы, төмен қарай сырғуы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің
қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады. Жекелеген қар көшкінінің көлемі 2 млн м3ге жетеді. Ұру күші 1 .м2ге 60— 100 тонна. Қар көшкіні құлағанда пайда болатын әуе толқыны қауіпті.
Слайд 3Апатты көшкін - көшкін құрайтын факторлардың қалыпты тіркесі жағдайында пайда болатын және
көшкін науасында кәдімгі көшкіндерден қалыптасқан минералдық ысырынды конустан тыс алысқа
тарайтын, сирек қайталанатын көшкін.
Слайд 5Арматы облысында
-12 наурыз күні Іле Алатауындағы кіші Алматы өзені хауызында 4 көшкін жинаушыларында жалпы көлемі 6100
м3 қар көшкіні жиналды. Көшкін жолдан тыс беткейде тоқтап қалды.
-12 наурызда Үлкен Алматы өзені
хауызы ауданында көшкін жинаушыларында жалпы көлемі 17800 м3 қар көшкіні жиналды.
-17 наурызда Түрген өзені хауызында “Түрген-Батан тоғай” автожолының 23 км-де жалпы көлемі 1780 м3 3 қар көшкіні өз бетімен болды. Соның салдарынан жол бөгеліп, оны қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Слайд 6Шығыс Қазақстан облысында
-Катонқарағай ауданында “Согорное-Печи” а/ж 14 км 500 м-де қар көшкіндері қосылып: 7 наурызда
– көлемі 300 м3 және 15 наурызда – көлемі 120
м3 3 қар көшкіні болды. Соның салдарынан жол толық бөгеліп, оны қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
-11 наурызда “Өскемен- Зырянов” а/ж 60 км-де көлемі 400м3 қар көшкіні өз бетімен болды.
-26 наурызда Катонқарағай ауданында “Согорное-Печи” а/ж жалпы көлемі 16380 м3 3 қар көшкіні тоғысты; “Белое-Чаловка” а/ж 17 км-де жалпы көлемі 690 м3 3 қар көшкіні тоғысты; 29 наурызда “Согорное-Печи” а/ж жалпы көлемі 22575 м3 7 қар көшкіні өз бетімен болды.
Слайд 8ЖАСАНДЫ ҚАР КӨШКІНДЕРІ
Автожолдармен жүру қауіпсіз болуы үшін 25 сақтандыру жасанды көшкіндер жүргізілді, түсірілген қар көлемі 87040 м3. Шығыс Қазақстан облысында 18 сақтадыру жасанды көшкіндер жүргізілді,
түсірлген қар көлемі 80740 м3. Іле Алатауында 7 сақтандыру жасанды көшкіндер жүргізілді, түсірген қар көлемі 6300 м3. Ең маңызды сақтандыру жасанды көшкіндер жүргізілген жерлер:
-10 наурызда Үлкен Алматы өзені хауызында сақтандыру жасанды көшкіндер жүргізілді. Көлемі 5000 м3 қар көшкіні БАЖ – Космостанцияда болды. Қарда тазалау жұмысы жүргізілді.
Слайд 9Қар көшкініне тап болған кездегі өзін-өзі құтқару әдістері
- көшкін сырғыған
жағдайда жүктерді лақтырып тастап бірінші кезекте мұзұрғыштан, қапшықтан, шаңғы мен
таяқтан босаныңыз;
- көшкіннің шетіне шығуға талпынып, негізгі қар массасын өзіңізден өткізіп жіберіңіз;
- шаң тәріздес көшкінге тап болған жағдайда (құрғақ қар) одан тұншығып қалмау үшін ауыз бен мұрынды бас киіммен немесе бөкебаймен жабу керек;
- қолдан келген барлық әдіспен (аяқ-қолды қозғалта) үстіңгі бетте қалуға тырысыңыз.
Слайд 11Егер көшкін басыңыздан жоғары басып қалса, ол тоқтағанға дейін тізені
ішке бүгіп басты қозғалту арқылы демалу үшін беттің төңірегінен үлкен
кеңістік жасауға тырысыңыз; көшкін тоқтағаннан кейін төменгі жақ пен үстіңгі беттің қайда екендігін анықтап, қолмен ауыздың төңірегіндегі кеңістікті кеңейтіп, сілекейді түкіріп тастаңыз; көшкін кезінде айқайлау пайдасыз, бұл тек күш пен ауа қорын шығын қылады, егер құтқарушылардың қадамы естілсе ғана айқайлауға болады. Сабырлық сақтап ұйқымен күресіңіз. Тыныс алу үшін қажетті ауаның қар арасынан өтетіндігін есте сақтаңыз. Көшкін астынан 11 күннен соң адамдар тірі табылған оқиғалар да белгілі. Алайда көшкін басқан адамның бетінің айналасынан тыныс алу кезінде су буының жиналу нәтижесінде герметикалық мұз қыртысы пайда болады. Сондықтан зардап шегушіні қар астынан мүмкіндігінше жылдам шығарып алуға тырысу қажет.
Слайд 13Қар көшкіні басып қалған адамды іздеу кезіндегі қажетті іс-әрекет:
1.
Көшкіннің қайталану қаупінің жоқтығына көз жеткізу. Бір адамды беткейдің үстіңгі
бөлігін қарау үшін қалдыру, көшкіндегі жолдасының жоғалу нүктесінен тез белгілеу.
2. Зардап шегушіні табу немесе іздеу үшін бағдар беруі мүмкін қандай да бір затты табу үмітімен осы нүктеден төмен көшкін конусын мұқият қарау. Көмілген адамның, әдетте, жоғалу нүктесі мен оның жарықтарының аса жеңіл заттары жатқан жердің арасында болатындығын есте ұстау керек.
3. Көшкін бауын немесе сақтандыру арқанын тапқан кезде зардап шегушіні табу қиынға соқпайды. Ең бірінші кезекте қардан оның басын босатып, содан кейін ғана алғашқы дәрігерлік көмек көрсету қажет.
4. Егер зардап шегушіні өз күштеріңізбен табу мүмкіндігі болмаса, құтқару отрядын шақыру қажет. Оған қатысушылар күрделі ауа райы жағдайындағы ұзақ жұмысқа әрдайым дайын болуға тиіс.
5. Егер бақытсыздықтың тікелей куәгері жоқ болса, зардап шегушінің жатқан жерін тау бедерінің нысанына, көшкін түріне, оның сырғу бағытына қарай анықтайды. Тік құлама беткейде бірінші кезекте жайпақ учаскелерде көшкін жылдамдығы баяулайтындықтан қашатты тексереді және онда қар көп қалады. Егер көшкін жолында жекелеген ағаш, жартастың ұшы, жол кездессе, зардап шегушіге осы кедергілерге аялдауға болады.
Слайд 146. Қозғалыс жылдамдығы 160 км/с асатын құрғақ үлпілдек қар көшкініне
тап болған адамды шетке лақтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда көшкін конусы
алдындағы едәуір кеңістікті қарау қажет.
7. Аймақты анықтағаннан кейін бағдарлауға көшеді. Көшкін бұрғысы серпілмелі металл шеңберінен тұратын бірнеше бұралмалы секциядан тұрады.
8. Құтқарушылар бір-бірімен аралық сақтап беткейге қарсы тұрып, бұрғыны қарға 3 м тереңдікке енгізеді. Содан соң беткейдің үстімен 10 см жоғары көтеріліп оны бағыт бойынша іздеуді қайта жалғастырады. Зардап шегушіні осындай әдіспен жылдам табу ықтималдығы -70%.
9. Екі мәрте сәтсіз бағдарлаудан кетіп әрбір 25 см арқылы мұқият тексеруге кіріседі. Бұл кезде құтқарушылардың аралығы 30 см болуға тиіс. Егер бұрғы қардың қалыңдығынан топыраққа жетпесе, бойлама траншея қазу қажет.
10. Іздеу жұмыстары зардап шегуші табылғанға дейін жүргізіледі. Жатқан жерін анықтаған бойда қазу басталады. Әуелі жылдам қазуға болады, кейін күрекпен денені жарақаттамау үшін сақтық жасағаны дұрыс.