Разделы презентаций


Тақырыбы : Ұрықтың қан айналымы

Содержание

ЖоспарКіріспеНегізгі бөлімҚұрсақтағы нәрестенің қанайналыс шеңберіҚанайналым шеңберлеріНәрестенің қанайналымының өзгеруі. Ұрықтық – жатырлық – плаценталық қан айналымының допплерометриялық зерттеуіҚорытындыҚолданылған әдебиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырыбы: Ұрықтың қан айналымы
Орындаған: Қалдарбек Д. Б.
Факультет: Жалпы медицина.
Топ: 031-2К.
Тексерген:



С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина

Университеті

Кафедра:

Алматы 2013ж.

Тақырыбы: Ұрықтың қан айналымы Орындаған: Қалдарбек Д. Б.Факультет: Жалпы медицина.Топ: 031-2К.Тексерген: С.Ж.Асфендияров   атындағы  Қазақ

Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Құрсақтағы нәрестенің қанайналыс шеңбері
Қанайналым шеңберлері
Нәрестенің қанайналымының өзгеруі.
Ұрықтық –

жатырлық – плаценталық қан айналымының допплерометриялық зерттеуі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

ЖоспарКіріспеНегізгі бөлімҚұрсақтағы нәрестенің қанайналыс шеңберіҚанайналым шеңберлеріНәрестенің қанайналымының өзгеруі. Ұрықтық – жатырлық – плаценталық қан айналымының допплерометриялық зерттеуіҚорытындыҚолданылған

Слайд 3Ұрықтың қанайналым шеңберлері.
Құрсақтағы нәрестенің оттегі мен қоректік заттар ана қанынан

плаценталық (бала жолдасы) қанайналыс көмегімен жеткізіледі. Ол былай іске асырылады.

Оттегі және қоректік заттармен байыған артерия қаны ана қағанағынан кіндік венасына енеді, бұл вена кіндік аймағының нәресте денесіне кіріп жоғары жүреді де бауырға келіп, оның сол жақ бойлық жүлгесінде орналасады. Бауыр қақпасының деңгейінде v. Umbilicadis екі тармаққа бөлінеді, олардың біреуі бірден қақпа венасына құйылады, ал ductus venosus деп аталатын екіншісі, бауырдың бетімен оның артқы жиегіне дейін барып, сол жерде төменгі қуыс вена сабауына құйылады. Салыстыра алғанда бауырдың көлемінің үлкендеу болуы кіндік венасы тармағының біреуінің қақпа венасы арқылы бауырға таза артерия қанын жеткізуіне байланысты.

Ұрықтың қанайналым шеңберлері.Құрсақтағы нәрестенің оттегі мен қоректік заттар ана қанынан плаценталық (бала жолдасы) қанайналыс көмегімен жеткізіледі. Ол

Слайд 4Бұл соңғы жағдайда өсіп келе жатқан ағза үшін бауырдың қан

жасау қызметіне байланысты, бұл қызмет құрсақтағы нәрестеде басым болады да,

туғаннан кейін әлсірейді. Қан бауыр арқылы өтіп, бауыр венералар арқылы төменгі қуыс венаға құйылады. Сөйтіп, барлық umbilicalis қаны не тікелей ductus venosus арқылы немесе жанама жолмен (бауыр арқылы) төменгі қуыс венаға келеді.
Сол жерде құрсақтағы нәрестеге дененің төменгі жартысынан ағып шығатын вена қанына араласады. Аралас (артериялық және веналық) қан төменгі қуыс вена арқылы оң жақ жүрекше ағады. Одан төменгі қуыс вена қақпашасының – valvula venae cavae interioris – көмегімен жүрекшелер пердесінде орналасқан foramen ovale арқылы сол жақ жүрекшеге келеді.
Аралас қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға, одан әрі жұмыс істемейтін өкпелік қанайналыс шеңберіне соқпастан, қолқаға келеді. Оң жақ жүрекшеге төменгі қуыс венадан басқа, тағы да жоғарғы қуыс вена және жүректің веналық (тәждік) қойнауы құйылады. Дененің жоғарғы жартысынан жоғарғы қуыс венаға келетін, вена қаны одан әрі оң жақ қарыншаға, одан өкпе сабауына келеді.

Бұл соңғы жағдайда өсіп келе жатқан ағза үшін бауырдың қан жасау қызметіне байланысты, бұл қызмет құрсақтағы нәрестеде

Слайд 5Алайда тыныс алу мүшесі ретінде өкпе әлі жұмыс істемейтіндіктен, қанның

аз ғана бөлігі ғана өкпе паренхимасына, одан өкпе веналары арқылы

сол жақ жүрекшеге келеді. Қанның көп бөлігі өкпе сабауынан ductus arteriosus арқылы төмендегі қолқаға, одан ішкі мүшелер мен аяқтарға ауысады. Сөйтіп, жалпы алғанда құрсақтағы нәрестенің тамырлары арқылы аралас қан ағады.
Құрсақтағы нәрестенің тамырлары арқылы аралас қан аққанымен, v.umbilicalis және төменгі қуыс венаға құйылғанға дейінгі ductus venosus-ті қоспағанда, ductus arteriosus құятын жерден төмен оның сапасы едәуір төмендейді. Демек, дененің жоғарғы бөлігі (бас) оттегі мен қоректік заттары молдау қан алады. Дененің төменгі бөлігі жоғарғы бөлігіне қарағанда нашарлау қоректенеді.
Жаңа туған нәрестенің жамбасы мен аяқтарының кішірек болуы осыған байланысты. Құрсақтағы нәрестенің дүниеге келуі ағза дамуындағы секіріс болып табылады. Бұл кезде өмірлік маңызды процестер түбегейлі сапалық тұрғыдан өзгеріске ұшырайды.

Алайда тыныс алу мүшесі ретінде өкпе әлі жұмыс істемейтіндіктен, қанның аз ғана бөлігі ғана өкпе паренхимасына, одан

Слайд 6Іште дамып келе жатқан нәресте бір ортадан (температура, ылғалдық және

тағы басқа жағдайлары біршама тұрақты жатыр қуысы) басқа ортаға (жағдайлары

өзгермелі сыртқы орта) ауысады да, соның нәтижесінде зат алмасуы, сондай - ақ қоректену және тыныс алу тәсілдері түбегейлі өзгереді.
Бұрын қан арқылы алынатын қоректік заттардың орнына, енді тамақ ас қорыту жолына түсіп, сол жерде қорытылып, сіңіріледі. Ал оттегі енді анасының қанынан емес тыныс алу мүшелерінің іске қосылуы нәтижесінде сыртқы аудан келе бастайды. Мұны барлығы қан айналысына да әсерін тигізеді.
Нәресте туған кезде күрт планценталық қанайналыстан өкпелік қанайналысқа көшу іске асады. Ең бірінші ауа жұтып, өкпе созылған кезде оның тамырлары қатты кеңейіп, қанға толады. Сол кезде ductus arteriosus қабысып, алғашқы 8-10 күнде бітеліп lig. Arteriosum-ға айналады. Кіндік артериялары алғашқы 2-3 күнде, кіндік венасы сәл кештеу (6-7 күнде) бітіп кетеді. Қанның оң жақ жүрекшеден сол жақ жүрекшеге сопақ тесік арқылы келуі туысымен дереу тоқталады, өйткені сол жақ жүрекше өкпеден келетін қанмен толады да, оң және сол жақ құлақшалардың қан қысымындағы айырмашылық теңеледі. Сопақ тесік ductus arteriosus – тың бітелуіне қарағанда едәуір кейіндеу жабылады және көбінесе тесік бір жасы бойы, ал үштен бір жағдайда өмір бойы сақталады. Бұл сипатталған өзгерістер тірі адамда рентген сәулелерінің көмегімен зерттеу арқылы анықталған.

Іште дамып келе жатқан нәресте бір ортадан (температура, ылғалдық және тағы басқа жағдайлары біршама тұрақты жатыр қуысы)

Слайд 71 — дуга аорты;
2 — артериальный проток;
3 — верхняя полая

вена;
4 — левое предсердие;
5 — легочный ствол;
6 — правое предсердие;
7

— левый желудочек;
8 — правый желудочек;
9 — брюшная аорта;
10 — венозный проток;
11 — воротная вена;
12 — пупочная вена;
13 — нижняя полая вена;
14 — плацента;
15 — пупочные артерии
1 — дуга аорты;2 — артериальный проток;3 — верхняя полая вена;4 — левое предсердие;5 — легочный ствол;6

Слайд 8Қанайналым шеңберлері
Қанайналым шеңберлері 4 түрі бар.
1 Кіші қанайналым шеңбері
2 Үлкен

қанайналым шеңбері
3 Сарыуыздық қанайналым шеңбері
4 Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері

Қанайналым шеңберлері Қанайналым шеңберлері 4 түрі бар.1 Кіші қанайналым шеңбері2 Үлкен қанайналым шеңбері3 Сарыуыздық қанайналым шеңбері4 Ұрықжолдастық

Слайд 9Кіші қанайналым шеңбері
Кіші немесе өкпе қанайналым шеңбері — жүректің оң

қарыншасынан басталып, өкпе бағаны артериясы (бұлармен вена қаны ағады), өкпе,

өкпе веналары (бұлармен артерия қаны ағады) арқылы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны көмірқышқьш газын ауаға бөліп, ауа құрамындағы оттекпен қанығып, артерия қанына айналады.

Үлкен қанайналым шеңбері

Үлкен немесе жүйелік қанайналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына таралып, одан әрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен қанайналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Аталған процестер микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпалар арасында үздіксіз жүріп отырады. Адам мен жануарлар ұрығының эмбриондық дамуы кезеңінде іштегі нәресте мен жануарлар іштөлі организмдері қан тамырлар жүйесінде бірін-бірі ауыстырып отырып жетілетін екі: сарыуыздық және ұрықжолдастық (плаценталық) қанайналым шеңберлері болады.

Кіші қанайналым шеңбері Кіші немесе өкпе қанайналым шеңбері — жүректің оң қарыншасынан басталып, өкпе бағаны артериясы (бұлармен

Слайд 10Сарыуыздық қанайналым шеңбері
Сарыуыздық қанайналым шеңбері - ұрықтық дамудың алғашқы кезеңінде

пайда болып, плацентарлық қанайналым шеңберіне ауысады. Сарыуыздық қан айналым шеңбері

негізінен жұп жүрек түтікшелерінің алдыңғы ұшында жетіліп, дорсальдық қолқадан басталады. Одан сарыуыз - шажырқайлық артерия бөлініп, сарыуыз қапшығында капиллярлар торына тармақталады. Бұл тордан вена қанын жинайтын сарыуыз-шажырқайлық вена жүрек түтікшелерінің артқы ұшына ашылады.

Сарыуыздық қанайналым шеңбері Сарыуыздық қанайналым шеңбері - ұрықтық дамудың алғашқы кезеңінде пайда болып, плацентарлық қанайналым шеңберіне ауысады.

Слайд 11Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері
Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері іштөлінің (іштегі нәрестенің жолдасы —

ұрықжолдас пайда болғаннан бастап қызмет атқара бастайды. Бұл кезенде жүрек

түтікшелері төрт бөлімді (камералы) жүрекке айналады. Ұрық организмінде артерия және вена қан тамырлары қалыптаса бастайды. Қан іштегі нәресте (іштөлі) организмінен жұп кіндік артериялары арқылы ұрықжолдасқа жеткізіліп, оның капиллярларында оттегі пен қоректік заттарға қанығып, артерия қанына айналады да, кіндік венасы арқылы ұрық денесіне (бауырға) әкелінеді. Бауырдан ағып шыққан артерия қаны артқы дене бөлігінен каудальды (адамда — төменгі) қуыс вена арқылы ағып келген вена қанымен араласып, аралас қанға айналады да, жүректің оң жүрекшесіне құйылады. Оң жүрекшеден жүрекшеаралық пердедегі сопақша тесік (foramen ovale) арқылы сол жүрекшеге, одан әрі жүрекше-қарын- шалық тесікпен сол қарыншаға, содан соң қолқа арқылы ұрықтың денесіне тарайды. Ұрық организмі бас бөлімінен жиналған вена қаны краниальды (адамда — алдыңғы) қуыс венамен оң жүрекшеге құйылып, одан оң қарыншаға өтеді де, өкпе артерия бағаны арқылы өкпеге бағытталады. Ұрық организміндегі өкпелік қан- айналымның қызметке қосылмауына байланысты, қан ерекше артерия өзегі арқылы қолқадағы аралас қанға барып құйылады. Туғаннан кейін, нәрестенің (іштөлінің) бірінші рет тыныс алуына байланысты (өкпенің қызметі қалыптасады) плаценталық қанайналымның орнында үлкен және кіші қанайналым шеңберлері қалыптасады.
Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері Ұрықжолдастық қанайналым шеңбері іштөлінің (іштегі нәрестенің жолдасы — ұрықжолдас пайда болғаннан бастап қызмет атқара

Слайд 12Нәрестенің қанайналымының өзгеруі.
Нәресте туылған кезде мүлдем басқаша жағдайѓа душар

болады. Жүрек-тамырлар жүйесін-дегі өзгеріс алдымен өкпе тынысының қосылуына байланысты болады.

Нәресте бірінші өкпемен тыныс алуына және кіндігінің айтәрізді бауын байлауына байланысты бала жолдасы арқылы жүретін газ алмасуы тоқталады да, ол жағдай өкпе тыныстану жүйесі арқылы басталады. Бұл кезде нәрестенің қанындағы көмірқышқыл газы көбейеді де оттегінің мөлшері азаяды. Бұл қан, өзгерген газ құрамымен тыныс орталығына келіп, оны қоздырып – алғашқы дем алудан тұрған өкпе керіліп жазылады да ондағы тамырлар да кеңейеді. Сөйтіп өкпеге алғашқы дем алу ауасы келеді Нәрестенің өкпесі керіліп, іші бос тамырлары арқылы үлкен сиымдылыққа және қанның қысымы төмен болуына әкеледі. Сондықтан оң қарыншадағы барлық қан өкпе артериялары бойынша өкпеге қарай ағады. Боталов жолы біртіндеп жабылады. Қан қысымының өзгеруіне байланысты сопақша тесік (эндокардтың қатпары ретінде) біртіндеп бітеледі де құлақшааралық перде біртұтасқа айналады. Осы уақыттан бастап үлкен және кіші қанайналым шеңбері қалыптасады да жүректің оң жартысында тек қана веноздық қан, ал сол жағында тек артериалды қан айналатын болады. Бұл уақыттан бастап кіндік бауының тамыры қызмет істеуін тоқтатады да олар жазылып байламға айналады. Осылайша туылғаннан бастап ұрықтың қанайналу жүйесі ересек кісілердің ерекшеліктеріндей болып қалыптасады.
Нәрестенің қанайналымының өзгеруі. Нәресте туылған кезде мүлдем басқаша жағдайѓа душар болады. Жүрек-тамырлар жүйесін-дегі өзгеріс алдымен өкпе тынысының

Слайд 13Туылған кездегі қанайналудың өзгерісі
А – Бала жолдасындағы қанайналымы; Б –

Ұрықтың қанайналымы; В – Туылғаннан кейінгі қанайналым. 1 – кіндік артериясы,

1а-кіндік байламы (жазылған артерия); 2 – бүрлер; 3 – бүрлерге веноздық қанды әкелетін, ұсақ артериялық қанды әкететін ұсақ вена; 5,6 – ана ағзасындағы артериясынан бүрлер және веналар аралығына құйылатын, одан алып кететін қан; 5 – артериядан келетін қантолған артериялар аралығында (6) және ана ағзасына қайтатын венасы (7); 8 – кіндік венасы; 8а – бауырдың жұмыр байламы (жазылған вена); 9 – кіндік сақина; 10 – қақпақ венасы; 11 – бауыр; 12 – төменгі қуыс вена; 13 – қарынша аралағындағы тесік; 13а – жазылған тесік; 14 – өкпе артериясы; 15 – өкпе артериясы мен қолқа аралық жолы; 15а – жазылған жол, 16 – өкпе.

Туылған кездегі қанайналудың өзгерісіА – Бала жолдасындағы қанайналымы; Б – Ұрықтың қанайналымы; В – Туылғаннан кейінгі қанайналым.

Слайд 14Ұрықтық – жатырлық – плаценталық қан айналымының допплерометриялық зерттеуі
Допплер эффектісі

зерттелініп отырған қан ағысының жылдамдығына дыбыс толқынының жиілігі өзгеріп отыруына

негізделген. Шағылысқан сигнал жиілігінің өзгерісі қан ағысы жылдамдығының қисығы түрінде тіркеледі. Жүктіліктің әртүрлі асқынулары кезінде ұрықтың жалпы жағдайы мен дамуы кезіндегі бұзылыстардың пайда болуының негізгі патогенетикалық механизмі, «ана – плацента - ұрық» функциональды жүйесіндегі гемодинамикалық өзгерістер өзгерістер болып табылады. Бұл кезде көпшілік зерттеулер көрсеткеніндей гемодинамикалық бұзылыстар ұрықтың жалпы жағдайына және этиопатагенетикалық факторға қарамстан, универсальділікпен және өзгерістердің біртиптілігімен сипатталады. Қалыпты қан ағысы жағдайы қисығының көрсеткіштерінің өзгеруі – бұл ұрықтың көптеген патология лық жағдайының спецификалық емес көріністері, басымырақ ол жүктіліктің негізгі патологиялық жағдайларына – ұрық дамуының артта қалу синдромы, ұрық гипоксиясы, гистоз және т.б. қатысты. Жүктіліктің 18 – 19 аптасынан бастап 25 – 26 аптасына дейін Допплерометрия зерттеу әдісі қолданылады, себебі ұрықтың биофизикалық профилі 26 аптадан бастап мәлімет берсе, ал кардиотопография бұл кезде әлі мәлімет бермейді.

Ұрықтық – жатырлық – плаценталық қан айналымының допплерометриялық зерттеуі Допплер эффектісі зерттелініп отырған қан ағысының жылдамдығына дыбыс

Слайд 15Ана мен баланың арасындағы қан айналымы.

Ана мен баланың арасындағы қан айналымы.

Слайд 16Ұрықтың қан айналымы

Ұрықтың қан айналымы

Слайд 17Пайдаланылған әдебиеттер
1. А. Рақышев “Адам анатомиясы”ІІ том
2. Ж.К.Ермахан “Тәнтану” Алматы

“Білім” 2004
3. М.Г. Привес, Н.К. Лысенков, В.И. Бушкович “Анатомия человек”

Москва “Медицина” 1985
Jump up ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
Атлас по анатомии человека Р. Д. Синельникова
Сайт в интернете www.daglib.ru
Анатомия человека М. Р. Сапина и Г. Л. Билича
Анатомия человека М. Г. Привеса, Н. К. Лысенкова и В. И. Бушковича

Пайдаланылған әдебиеттер 1. А. Рақышев “Адам анатомиясы”ІІ том2. Ж.К.Ермахан “Тәнтану” Алматы “Білім” 20043. М.Г. Привес, Н.К. Лысенков,

Слайд 18Назырларыңызға рахмет!

Назырларыңызға рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика