арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса
маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті қөзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Болашақ мектеп бітірушісі тек белгілі бір дәрежедегі ілім-білім иесі ғана емес, сонымен бірге, азаматтық тұрғыдан алғанда үлгілі тұлға да болуы тиісті. Осыған байланысты білім беру ұйымдарының алдында тұрған ең бір көкейкесті және әлеуметтік маңызды міндеттерінің бірі бүгінгі күні, сөз жоқ, оқушылардың құқықтық мәдениетін, профилактикалық процестер тиімділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту жолдарын іздестіру болып табылады. Алайда мектептегі құқықтық тәрбие көпшілік жағдайда жүйесіз өтетіндіктен алдымызға қойған мақсаттарымыздың барлығына қол жеткізе бермейміз.Ұсынылып отырған жобаның мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алудың ауқымды және тиімді жүйелі жүйесін қалыптастырып, оны бұдан әрі нығайту, қылмысқа қарсы күресті және профилактикалық қызметті күшейту. Бұл жоба бойынша профилактикалық жұмысқа тек ұстаздар қауымы ғана емес, сонымен қатар мектептің “Болашақ” өзін-өзі басқару және “Жасұлан” балалар ұйымы оқушылары да қатысып, жұмыс алаңдарына ұстаздармен бірге жетекшілік те етеді. Бұл жоба қылмыстың алдын алу, оны тудыратын себептер мен жағдайларға кешенді түрде ықпал жасайды деген ойдамыз.