Слайд 1Зат және энергия алмасудың
жасқа байланысты
ерекшелігі
Слайд 2Зат және энергия алмасуы — тірі жүйелердегі заттар мен энергияның басқа түрге
айналуы, олардың азаюы немесе көбеюіне бағышталған ереже. Ол жүйелі түрде
және белгілі бір тәртіппен жүретін қүбылыс. Зат алмасу және энергия алмасу — бір-бірімен тығыз байланысқан және диалектикалық бірлік болып, есептеледі.
Слайд 3Полирибосома; Риосома;
а-РНҚ ;
т-РНҚ;
Амин қышқылдары; Нәруыз;
Слайд 4 И. М. Сеченов, К. А. Тимирязев сияқты ғылымның физиологиялық негізін
қалаушы-ғалымдар тірі организмнің қасиеті оның үнемі, организмдегі қүрайтын заттармен және
оны қоршаған ортадан өзі үнемі қабылдап отыратын, бойына сіңіріп және оны басқа түрге айналдырып, қайтадан, ыдырау қүбылысы арқылы бөліп шығаратын заттардың арасындағы алмасуында екендігін дәлел-деген.
Павлов И. Н. зат алмасуды организмнің негізгі физиологиялық әрекеті деп атаған. А. И. Опарин жер бетінде даму, пайда болу барысындағы зат алмасу эволюциясының негізгі заңдылықтарын зерттеген. Зат алмасу арқасында организм өзінің тіршілік етуі үшін қуат (қуат алмасу) және клеткалардың қүрылысы және жаңарып отыруы үшін (пластикалық қүбылыс) материалдар алады
Слайд 7Зат алмасу барысында екі процесс жүреді:
Ассимиляция, яғни тамақ арқылы организмге
түсетін заттарды сіңіру және жинақтау (неғүрлым жәй заттардан күрделі химиялық
қосылыстардың түзелуі).
Диссимиляция — организм қүрамына кіретін заттардың ажырап, ыдырауы.
Слайд 8Заттардың ажырауы нәтижесінде қуат бөлінеді, осы қүбылыстардың арасында тепе-теңдік сақталған жағдайда
ғана организм жетіліп, дамып, өзінен-өзі жаңарып отырады.
Балалардың даму және өсу кезеңінде анаболикалық
процесс катаболикалык процестен басым келеді. Бүл басымдылық, бір уақыт мөлшерінде салмағынын өзгеруін көрсететін, даму жылдамдығына сай келеді.
Зат алмасу процесі адам организміндегі жекелеген қүрылымдармен байланысты. Митохондрияларда зат алмасу процестерінің негізгі бөлігі, арнайы тотығу және энергетикалық процесс (Кребс циклі және т.б.) жүреді. Рибосомада белок синтезделеді, ол қажетті энергияны митохондриялардан алады. Протоплаз-маның негізгі заты гиалоплазманың гликолиз және басқа ферменттік реакцияларда маңызы үлкен.
Слайд 9Минералды заттар организмде тұздар және олардың иондары түрінде болады
Слайд 10 Клетканың қүрылысының, оның функциясымен тығыз байланысты екенін атап өту керек.
Клетканың қүрылысы түрақты болмайды. Олар өне-бойына жаңадан пайда болып және
ыдырап отырады. Бүл қүбылыста зат алмасу процессіне байланысты. Мысалы, эритроциттер 80 - 120 күн, нейтрофилдер 1 - 3 күн, тром-боциттер 8-10 күн өмір сүреді. Қан плазмасының барлық бөлігінің жартысы 2 -4 күнде жаңарып отырады. Тіптен тіс эмалының өзі де үдайы жаңарып түрады.
Бүл қағидаларының педиатрияда маңызы арыта түседі. Баланың даму және өсу барысында өзінен өзі жаңарып қана қоймайды, сонымен қатар үдайы қүралып отырады. Өсу қарқыны мен қүрылысының жіктелу қатынасы балалық шақтын кезеңдеріне байланысты өзгеріп отырады. Емшектік кезеңде салмақ жинау проце-сі басым болса, 1 - 3 жаста тканьдердің жіктелуі бірінші орынға шығады. Содан кейін мектепке дейінгі кезеңде қайтадан салмақ жинау басым болып келеді. Ал, мектеп жасында жіктелу қайтадан бірінші орынға шығады, бірақ олар басқа ден-гейде болады. Адам организмінің бүндай толқын тәрізді дамуы түқым қуалайтын ақпараттармен анықталады, сондықтан әр адамның өзінің специфика-яық белоктары қүралады.
Оттек
Органикалық заттар
Минералды тұздар
Су
Слайд 13Сыртқы ортаға зат
алмасудың соңғы өнімдері
Көмір қышқыл газы
Судың артық мөлшері
Минералды тұздардың артық мөлшері
Несепнәр
Зәр қышқылының тұздары
Слайд 14Органикалық қосылыстарға
нәруыздар,
көмірсулар,
майлар
Слайд 15Зат алмасу процестері оның рет-ретімен жүруіне байланысты 4 үлкен топқа бөлінеді:
1. Ас қорыту — ас
қорыту жолында жүретін қүбылыс, тамақтағы заттардың сіңірілуін дайындайды. Бүган бактерия
флоролары арқылы жүретін ыды-рау, бөліну жатады.
2. Резорбция — ішектің кілегей қабаты арқылы заттардың сіңірілуі.
3. Аралық зат алмасу — клеткаларды жүретін жинақталу және ыдырау қүбылыстары, олар ферменттердің қатысуымен және нейрогуморальды реттеу арқылы жүреді.
4. Зат алмасу барысындағы ең соңғы заттардың бөлінуі.
Слайд 16Балалардың зат алмасуының бүзылуын шартты түрде 3 үлкен топқа бөлуге
болады.
І-топ — түқым қуалайтын, генетикалық аурулар, оның себебі зат алма-суға қатысты,
бір заттың жетіспеушілігі (фермент, ферменттер). Мысалы, амин қышқылдар метиболизіміне қатысты аминоацидопатия.
Қазіргі кезде 400-ге жуық генетикалық зат алмасу ауруларының түрлері белгілі.
Н-топ — зат алмасуының транзиторлы (өткінші) бүзылуы. Ол бала дене-сінің өсуі кезінде белгілі бір фермент жүйесінің жетілуінің тоқтап қалуына байланысты. Мысалы, транзиторлы фенилаланинемия. Ол бала дүниеге келген алғашқы күндері мен айларда байқалады. Өсе келе жойылып кетеді.
Ш-топ. Әртүрлі аурулар кезінде пайда болатын немесе аурудан соң біраз уақыт сақталатын зат алмасудың бүзылу синдромдары. Мысалы, іш ауруынан кейін байқалатын синдромдар.
Слайд 17Энергия алмасу — бүл организмді тіршілік етуі үшін энергиямен қамта-масыз
ететін бейспецификалық универсальды зат алмасудың бір түрі. Бала-ның зат алмасуы
үлкен адамдармен салыстырғанда жедел жүреді, яғни:
1. Ассимиляция қүбылысы диссимиляция қүбылысынан басым болады, яғни заттар мен энергия қорының пайда болуына мүмкіншілік туады.
2.Негізгі зат алмасу күштірек болады, себебі негізгі зат алмасу немесе тыныштық зат алмасуы жаңа тканьдердің қүралуы арқылы күшті болады.
3. Баланың жасы кіші болған сайын бүл жаңа тканьдердің қүрылуына, негізгі зат алмасуға жүмсалатын энергияның жүмсалуы да көп болады.
4. Үлкендерге қарағанда балалардың организмі белок, май, көмірсуларды көп қажет етеді.
Слайд 18Жаңа туған баланың зат алмасуына дененің 1 кг салмағына 40 калория, 1-3
жаста — 55 ккал/кг., 4-5 жаста — 42, 7-9 жаста
— 33, 10 - 15 жаста — 34, ал үлкен адамдарда — 20 ккал/кг қажет болып келеді.
Энергия жұмсалуы. 1 кг салмаққа жаңа туған балада —100 ккал., 1-3 жаста — 100 - 90 ккал., 4-5 жаста 80— 90, 7 - 9 жаста 80—70, 10-15 жаста — 70 - 50, үлкен адамдарда — 45 ккал болып келеді.
Негізгі зат алмасу — организмнің тыныштық кезіндегі қалыпты әрекеттерді қамтамасыз етуге жүмсалатын энергия көлемі. Үлкендермен салыстырғанда жаңа туған балада ол 2 есе жоғары. Ол бала дүниеге келгеннен кейінгі 2 - 3-ші тәуліктен бастап көбейе бастайды да, жоғары шегіне 1-ші жылдың аяғында жетеді. Осы қалыпта бала 2 жасқа толғанға дейін түрады, содан соң тағы да 1,5 есе көбейеді.
Слайд 19Зат алмасу негізінде энергияның бөлінуінің 3 негізгі сатысы бар.
1-сатыда ас қорыту жолында
үлкен молекулалар кіші молекулаларға бөлінеді. Көмірсулардан 3 гексоза (қант, галактоза,
фруктоза), белоктан 20 амин қыш-қылы, майдан — глицерин және май қышқылдары, сиректеу қанттар пайда болады. І-ші сатыдағы химиялық реакцияларда тамақтарды энергияның бөлініп шығуына дайындайды.
2-ші сатыда бұл заттар одан әрі ыдырайды. Бұнда 30 %-ға жуык энергия бөлінеді. Ол қоректі заттарда сақталады.
3-ші сатыда Кребстің үш карбонды қышқыл циклында 2-сатысының 3 соңғы қоректі заттардың су және көмір қышқылына дейін ыдырауы. Осы арқылы қорек-ті заттардан 60 - 70 пайыз энергия бөлінеді. Кребс циклы көмірсулардың, белок-тың және майдың ыдырауының жолының соңғысы болып есептелінеді. Бүл зат алмасудағы «түйісу» жері болып табылады. Бұл жерде әртүрлі қүбылыстардың өзгерісі түйіседі және бір-бірімен жинақталу реакциялары жүруі мүмкін.
Слайд 20Энергияның сақталуы қоректі заттардың арнайы химиялық қоспаға ыды-рауы кезінде пайда болатын
энергияға байланысты. Ол химиялық қоспаны макроэргтер деп атайды. Олар әртүрлі
фосфорлы қосылыстарда болады. Не-гізгі зат алмасуының күшеюі қалқаншабезінің қызметі артқанда, қызба ауруларда, тыныс және жүрек жарамсыздығында, лейкозда, Кушинг ауруында кездеседі. Ал, төмендеуі — гипотериозда, анемияда, гипофиздің алдыңғы бөлігі-нің әрекеті төмендегенде, бүйрек безінің созылмалы жарамсыздығында, ашық-қанда кездеседі.