Слайд 1Жүктілік кезіндегі Артериалды гипертония
Мырзабекова А.Ж. акушерия және гинекология кафедрасының доценті.
Слайд 2
Тақырып: Жүктілік кезіндегі артериалды гипертония.
Мақсаты: Жүктілікпен байланысты гипертензиялар, этиологиясы, жіктелуі,
клиникасы, диагностикасы және хаттама мәліметтері бойынша емдеу қағидалары. Қауіпсіз ана
болу қағидаларын қолдану.
Дәріс құрылымы : Этиологиясы, қауіп топтары. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Нақтыланған диагностикасы. Емдеу қағидалары
Дәріс жоспары:
1. Тақырыптың өзектілігі.
2. Этиологиясы, қауіп топтары.
3. МКБ-10 бойынша гипертензиялардың жіктелуі. Преэклампсияның клиникалық жіктелуі.
4. Диагностикалық бағалары.
5. Госпитализацияға қажетті көрсетімдер. Гипертензиясы бар жүкті әйелдерді бақылау және емдеу амалдары
6. Этиологиясы, қауіп топтары
Слайд 3Зерттеулер қорытындысы бойынша, қазіргі таңда бала туатын жастағы әрбір оныншы
әйелде қан қысымының жоғары көрсеткіштері анықталады. Гипертензиясы бар әйелдерде жиі
кездесетін жүктілік асқынуы - преэклампсия. Гипертониялық аурумен ауыратын жүкті әйелдерде преэклампсияның ауыр түрі ми қан айналымының жедел бұзылыстарымен, ретинопатияның ауыр түрімен, бүйрек функциясының жедел және созылмалы жеткіліксіздігі және т.б. асқынулармен асқыну қаупі жоғары.
Анамнезіндегі преэклампсияның ауыр түрі,
Көпұрықты жүктілік,
Созылмалы аурулар,
Антифосфолипидті синдром,
Тұңғыш жүктілік,
семіздік,
Жасы 40-тан асқан әйелдердің жүктілері.
Преэклампсияның даму себептері
толық анықталмаған.
Дамуының 30-дан астам
теориясы белгілі.
Этиология
Қауіп факторлары
Слайд 4Преэклампсияның себебі – спиралды артерияларда«трофобластикалық инвазия» процесінің бұзылысы.
Слайд 5Преэклампсия - жайылмалы
эндотелиалды ауру.
Тамыр қабырғасының спазмы
гипертония
Өткізгіштіктің жоғарылауы,
«ағушы эндотелий» ісіну
ГИПОВОЛЕМИЯ
Гиперкоагуляция тромбоз
Слайд 6Преэклампсия дағы
микроциркуляция
Қалыпты Преэклампсия
жүктілік
Эритроцит
Эритроцит
Ісіну
Гиповолемия
Тромбоз
Слайд 7О10.(0-9) Жүктілікті ,босануды және босанудан кейінгі кезеңді қиындататын бұрын болған
гипертензия, (жүктіліктің 20 аптасына дейін анықталған немесе басанудан кейін 6
апта бойында сақталған).
О13 Жүктіліктен пайда болған гипертензия,
(гестационды гипертензия).
О14 Преэклампсия (гестационды гипертензия протеинуриямен).
О14.0 Жеңіл дәрежелі преэклампсия (ауыр емес)
О14.1 Ауыр преэклампсия
О15 Эклампсия.
МКБ-10 бойынша коды:
Слайд 8Гипертензия – қан қысымын бір реттік өлшегенде, диастолалық қысым 110
мм сб. тең не одан жоғары немесе арасы 4 сағаттық
интервалмен екі реттік өлшегенде 90 мм сб.тең не одан жоғары жағдайды айтады.
Слайд 9Мақсаты:
Уақытылы анықтау, бақылау,қолайлы босану уақыты мен босануды жүргізу
әдісін таңдау.
Слайд 12
Жеңіл преэклампсия–протеинурия қосылған гипертензияның жеңіл түрі.
Ауыр преэклампсия:
гипертензияның
протеинурия қосылған ауыр түрі
Нашарлау белгілерінің : церебральдық симптомдар (бас ауыруы
немесе көру қаблетінің бұзылыстары), олигоурия (30мл/сағ кем), асқазан тұсындағы ауру белгісі, құсу, кең таралған ісіктер (әсіресе тез пайда болған), тромбоцитттер санының азаюы 100 мыңнан кем, бауыр функциясының бұзылысы, өкпе ісінуі, ұрықтың жатырішілік дамуының тежелуі - біреуі қосылған гипертензияның барлық түрі
Преэклампсияның клиникалық жіктелуі
Слайд 13
Диагностиканың критериилері
Артериалды гипертензия (жеңіл)
Ауыр артериалды гипертензия
Протеинурия
Ісінулер
Преэклампсия
Жеңіл преэклампсия
Ауыр формалы
преэклампсия
Слайд 14Шағымдары және анамнез
Шағымдары спецификалық емес және преэклампсияның ауырлау дәрежесіне байланысты.
Бас ауру, эпигастрийдегі ауру, тез дамыған ісіну, зәрдің азаюы, ұрық
қозғалысының өзгеруіне, мұрыннан жиі қан кету немесе терідегі себепсіз қанталау белгілеріне көп көңіл бөлу керек.
Физикалық зерттеу
-Гипертензия
-Гипертензия диагнозы систолалық қысым бір рет өлшегенде 110мм.с.б-ге тең немесе жоғары, немесе арасына 4 сағ салып екі рет өлшегенде 90 мм.с.б-ге тең немесе жоғары болған жағдайда қойылады.
-Ауыр гипертензия
Диастолалық қысым бір рет өлшегенде 120мм.с.б-ге тең немесе жоғары, немесе арасына 4 сағ салып екі рет өлшегенде 110 мм.с.б-ге тең немесе жоғары. Систолкалық қан қысымы алғашқы деңгейінен 30мм.с.б. көтерілген және 160 мм,с.б-дан жоғары.
Диастоллық қысым 90 мм.с.б. және систолакалық қысымның 140мм.с.б. көрсеткіші шекаралы болып саналады, ауру болып есептелмейді, тек ана мен ұрықтың жағдайларын мұқият бағалауды қажет етеді.
Диагностикалық белгілері
Слайд 15-Ісінулер
Жүктіліктің қалыпты ағымында жүкті әйелдердің 60-80%-да жеңіл ісінулер болады.
Ісінусіз жүретін преэклампсия ана мен ұрық үшін өте қауіпті деп
саналады. Тез өршіген жалпы ісіну, әсіресе бел аймағындағы, нашар болжам көрсеткіші болып табылады.
-Протеинурия
Егер протеинурия 24 сағатта немесе 4 сағаттық интервалмен алынған екі сынамада 300 мг-ға тең немесе жоғары болса патология болып есептеледі. Преэклампсияның жеңіл түріне тән протеинурия 300 мг мен 3 г аралығында болса, преэклампсияның ауыр түріне – 3 г-нан жоғары.
Диагностикалық белгілері
Слайд 16
Гипертензияның ауыр түрі + протеинурия немесе
Гипертензияның кез-келген түрі + нашарлау
белгілерінің бірі: - церебральдық симптомдар (бас ауруы,
көру қабілетінің бұзылыстары);
- олигурия (30 мл/сағ);
- эпигастрий аймағындағы
ауру белгісі;
- құсу;
- жайылған ісіктер (әсіресе тез
дамыған)
- тромбоциттер саны 100 мыңнан кем;
- бауыр функциясының бұзылысы;
- өкпе ісінуі;
- ұрық гипотрофиясы.
Преэклампсияның ауыр түріне тән:
Слайд 17Зертханалық тексерулер:
Қабылдау бөлімінде(CITO): зәрдің жалпы талдауы (нәруыз);
қанның клиникалық талдауы (гемоглобин,
тромбоциттер, ұю уақыты
Стационар бөлімшесінде: жалпы зәр талдауы(нәруыз), қанның
биохимиялық талдауы (жалпы билирубин, азот қалдығы, креатинин, АЛТ, АСТ, жалпы нәруыз); коагулограмма;
қан тобы мен резус факторға талдау жүргізу.
Аспаптық тексеру әдістері:
АҚҚ өлшеу, ОКТҚ(ЦВД) (преэклампсияның ауыр түріне күмәнданғанда), КТГ (жүктіліктің 32 апталығынан бастап), УЗИ+доплерометрия.
Мамандар консультациясы қажет болатын жағдайлар:
Преэклампсияның орташа және ауыр түрінде – окулист пен терапевт; милық симптоматика, әсіресе тырыспа мен кома болғанда- невропатолог, ЖБЖ (ОПН) белгілерінде - нефролог.
Слайд 18 Жоспарлы – гестоздың жеңіл түрінің белгілері, егер науқас өзінің жағдайын
толық бағаламайтыны, өздігінен бақылау жүргізе алмауы (гемодинамикалық көрсеткіштерді, диурезді,ісінулерді) және
дер кезінде медициналық көмек сұрауға мүмкіншілігі жоқ болса. Басқа жағдайларда жартылай стационар жағдайында тексеруге және бақылауға болады.
Гестоздың жеңіл түрінде және босану мерзімі жетіп тұрған жағдайларда босандыруға дайындау үшін.
Гестоздың жеңіл түрінде және оның өршуіне күмән болғанда (ұзақтығы 2 аптадан көп, зертханалық талдаулардағы теріс ағым, ұрықтың жағдайының нашарлауына күмән келтіру және т.б. )
Шұғыл – Гестоздың орташа және ауыр түрінің белгілері пайда болғанда.Жүкті немесе босанушы әйел ҚЕП (ПИТ) немесе босану бөлімшесіне жатқызылуы тиіс.
Госпитализацияға қажетті көрсетілімдер
Слайд 19
Емдеу әдістері
ПСМП
Жеңіл дәрежелі преэклампсия диагнозы анықталғаннан кейін диагнозды нақтылау
мақсатында жоғары дәрежелі мекемеге жолдамамен жеткізу керек.
Жеңіл преэклампсия – емдеуді
қажет етпейді , тек бақылау қажет.
Келесі шарттарды сақтағанда, амбулаторлық
бақылануы мүмкін:
науқас дәрігер нұсқауларын орындап,
өз жағдайын бақылап отыру керек.
Жүктілікті бақылау тәсілдері
Слайд 20
Ауыр дәрежелі преэклампсияның нақты емі - тез арада босандыру .
Мына
жағдайларда тез арада босандыру қажет көрсеткіштері (жүктілік мерзіміне қарамай)
1)ауыр преэклампсия;
2)
ұрық жағдайының нашарлауы;
3) преэклампсия симптомдарының өршуі
Өздігінен босану жолы арқылы босану, операция жолымен босандырудан қарағанда тиімді көрсеткіш.
Емдеу тәсілдері
Слайд 21Жетілмеген жатыр мойнын индукциялау үшін ПГ Е2 немесе Е1 қолданады(интравагинальды
енгізу).
Жетілген босану жолына – амниотомия немесе окситоцин қолданады.
Жансыздандыру әдісі –
перидуралық анестезия.
Ауыр дәрежелі преэклампсия кезінде операция (кесар тілігін) жасау5а болатын көрсеткіш:
Босану5а дайын болма5анда жасалатын кейін, босануды қоздыру әдісінің әсері етпеуі
ҚОПМБА.
Науқастың және ұрықтың жағдайын нақты бақылау үшін ұзақ немесе үнемі КТГ қою керек.
Жүкті әйелді жалғыз қалдырмай нақты күтім жасау керек. Операциямен босандыру кезінде жансыздандыру әдәсінің ең тиімдісі: аралық немесе перидуралық анестезия.
Келесі тәсіл
Слайд 22Преэклампсия – протеинуриямен бірікккен артериалды гипертензия.
Преэклампсияның ауыр формасы –
Ауыр
гипертензия + протеинурия
Кез келген ауырлықтағы гипертензия+ протеинурия + келесі
белгілердің біреуі:
Қатты бас ауруы
Көрудің нашарлауы
эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезімі және / немесе жүрегі айну,құсу
Тырысуға дайын болу
Жайылмалы ісінулер
олигоурия (30 мл/сағ кем немесе 500 мл зәр 24сағат ішінде)
Бауырдың пальпациясы кезіндегі ауырсынуы
Тромбоциттер саны 100 x 106г/л төмен
Бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (АлАТ немесе АсАТ 70 МЕ/л ден көп)
HELLP-синдром
ВЗРП
Жеңіл
преэклампсия –протеинуриямен ± ісінулермен біріккен гипертензия
Слайд 23
Алдын алу
-қауіп тобындағыларға аспириннің аз дозасын қабылдау (75-120 мг тәулігіне)
-
кальцийді қосымша қабылдау (1г/тәулігіне)
Нәтижелілігі дәлелденбеген:
- жүктілердің тұз бен сүйықтықты шектеуі;
-жүктілер
тағамында ақуыздар мен көмірсулардың қосылуы немесе шектелуі;
-темір препараттарын, фолий қышқылын, магнезияны, мырышты,балық майын,Е және С витаминдерін қосымша қабылдау.
Слайд 24
Ауыр преэклампсия кезінде кесар тілігіне көрсеткіш болып табылады:
Босануды шақырудың әсері
болмағанда,босану жолдары дайын болмаған жағдайда;
-қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы
Слайд 25Ұрық жағдайын мұқият мониторлы бақылау– ұзақ уақытты не тұрақты КТГ
.
Күтім қауіпсіз жағдайда жүргізілуі керек,яғни әйел жалғыз қалмауы тиіс.
Оперативті
босануды жүргізу кезінде қолдануға ыңғайлы жансыздандыру түрі болып перидуральды анестезия саналады.
Слайд 26Жалпы жансыздандырудың қаупі болып табылады:
-көмей ісінуі кезінде интубацияның қиындығы;
-интубация және
экстубация кезінде САҚ кенеттен жоғарылауынан ми ішілік қан құйылу
қаупі жоғарылайды;
-өкпе тамырларында қысымның жоғарылауынан өкпе ісіну қаупі күшейеді.
Слайд 27Ауыр преэклампсия кезінде диагноз қойылғаннан кейін 24-48 сағат ішінде босану
жүргізілуі тиіс.
Сирек жағдайларда,егер жүкті әйелдің жағдайы тұрақтанғанда,ұрықтың жағдайы қанағаттанарлық
болғанда,гестацияның 32 аптасына дейін болса ВСМП мекемелерінде босану уақытын ұзартуға болады.
Слайд 28Симптоматикалық ем
Тырысуға қарсы терапия
Гипотензивті терапия
Слайд 29Тырысуға қарсы терапия
Магнезиялық терапия преэклампсия/эклампсия емдеуде қолданылатын көп зерттелген ,тиімді
және қауіпсіз таңдау болып табылады.
Жүктемелік доза – бастаушы доза
5г магний
сульфатының құрғақ заты (20 мл 25% ерітіндісі ) к/т баяу 10 -15 минут ішінде .
Қолдаушы доза
1-2г магний сульфаты - инфузомат көмегімен , к/т 12-24 сағат бойында үздіксіз енгізу.
инфузомат болмаған жағдайда:
320 мл физиологиялық ерітіндіге – 25% 80 мл магний сульфаты ерітіндісі, уақытына байланысты енгізу
11 тамшы/мин – 1г құрғақ зат/сағ
22 тамшы/мин – 2 г құрғақ зат/сағ
Магний сульфаты ерітіндісін көктамырға үздіксіз енгізу уақыты -12 - 24 сағат (1-2 г /сағ)
Немесе (көктамырға енгізу мүмкіншілігі болмаған жағдайда ,сирек кезде)
Бір шприцке 10 г құрғақ затты әр жамбасына 5 г бұлшық етке 1 мл 2% новокаин немесе 1мл 1% лидокаинмен қосып енгізу.
Слайд 30Магний сульфатын артық дозалаудың белгілері:
ТАЖ минутына 16 реттен аз.
Сіңір рефлекстері
реакциясының жоқ болуы немесе төмендеуі.
Олигоурия (30 мл/сағ кем) магний сульфатын
артық дозалаудың қаупін туғызады. Олигоурия болған кезде мұқият бақылау қажет.
Магний сульфатын артық дозалау кезінде –препартатты енгізуді тоқтату және к/т 10 мл 10% Са глюконат ерітіндісін енгізу керек.
Слайд 31
Гипотензивті терапия
Артериялық қысымды қалпына келтіруді ҚҚ 160/100мм.сын.бағ. болған кезде бастау
керек, бұл кезде систолалық қысымды 130-140 мм.сын.бағ., диастолалық қысымды 90-95
мм.сын.бағ. ұстау керек
Тез әсер ететін гипотензивті препарат
Нифедипин (Са каналы блокаторы )- бастапқы мөлшері 10мг, 30мин кейін қайта беру ( мах-ді тәуліктік мөлшері 120мг).
Жәй әсер ететін гипотензивті препарат
Допегит – (орталықты әсер ететін антигипертензивті препарат, метилдопа) бастапқы мөлшері 250мг/ тәулігіне, әр 2 күн сайын мөлшерін 250мг көбейтіп отырады.
Гипотензивті терапия
Слайд 32Тез әсер ететін гипотензивті препарат:
Murray W. Enkin et al, 2000
Villar
J et al, 2003
Слайд 33Баяу әсер ететін
гипотензивті препарат:
Слайд 34
Талма кезіндегі көмек
Құралдарды дайындау (ауа бергіш, сорғыш, мешок немесе маска,
оттегі) және оттегіні 4-6 мин жылдамдықпен беру керек.
Асқазаннан бөлінетін сөл,
құсық және қанмен аспирациялану қаупін азайту үшін әйелді сол жақ қырына жатқызу.
Талмадан кейін тез арада магнезиялық терапияны бастау:
Бастапқы мөлшері
Магний сулфатын 5г құрғақ зат (20мл 25%ерітінді) көк тамырға баяулатып 10-15мин бойы енгізу.
Слайд 35
Седативті дәрілерді (диазепам) енгізу жағымсыз әсеріне орай (неонатальды тынысты тежейді)
– қолданбаған жөн.
Егер тырысулар 15 минуттан кейін қайталанса,2 г магний
сульфатын 10мл - 20% к/т 20 минут ішінде енгізу. Егер тырысулар қайталанса, диазепам енгізіңіз.
Жүктемелік доза - 10 мг диазепам 2 минут ішінде к/т енгізу, тырысу қалпына келсе 10 мг диазепам енгізіңіз.
Слайд 39Босанғаннан кейінгі кезеңде бақылау
Босанғаннан кейін реанимация бөлімінде бақылау мен
емдеуді акушер-гинекологтар анестезиолог – реаниматологтармен бірге жалғастыруы тиіс. Магнезиялық терапияны
босанғаннан кейін немесе соңғы эклампсиялық талмадан кейін жағдайы жақсарғанда бір тәулік қана жалғастыру керек. Эклампсиялық талмадан кейін 12 сағат тан кешіктірмей босандыру қажет.
Слайд 40Ана болу қауіпсіздігі
Қазіргі таңда гипертензия жағдайында жүктілікті және ана болуды
қауіпсіздігін көп сақтауға жағдайда мүмкіндік бар.
Ана мен бала үшін гипертензияға
себеп болатын факторларды дер кезінде жойып, жүктілік асқынулары мен гипертензияның алдын алуға арналған емдік-профилактикалық шараларды жүргіздің маңызы зор. Сондай-ақ, жүкті әйелге ауқатты әлеуметтік жағдай жасалуының маңызы да бар, сондықтан әйелдің отбасы мүшелері оның жағдайын, мүмкін болатын асқынуларды білуі және соның алдын алып, жүктіліктің асқынусыз өтуіне ат салысуы тиіс. Зиянды әдеттер, психоэмоциялық стресс, ең алдымен мамандығындағы зиянды әсерлерді жою керек
Слайд 41 Репродуктивті жастағы әйелдерді тексеру жүктілікке қауіп туғызуы мүмкін факторларды ескере
отырып (анамнезіндегі гипертензия, артық салмақ, алдыңғы жүктіліктердегі преэклампсия және т.б.)
мұқият және толық жүргізілуі қажет.
Осы топтағы әйелдерге санитариялық ағартушылық жұмыстарын жүргізудің бұл аурудың алдын алуда, дер кезінде анықтауда және толық емдеуде маңызы зор.
Назарларыңызға рахмет